.

инсульт | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

инсульт

Ученые подсчитали, на сколько процентов наше здоровье зависит от физических упражнений

Регулярно заниматься физическими упражнениями гораздо дешевле, чем покупать лекарства или лечиться в больнице.

Сколько соли нужно употреблять в день

Есть излишне соленую пищу - это всего лишь привычка, от которой стоит отказаться во имя здорового долголетия.

Анықтамасы

Қандағы холестерин деңгейін анықтау

Қай кезде дәрігерге қаралу тиіс

Жалпы холестерин

Төмен тығыздықтағы липопротеидтер (жаман холестерин)

Жоғары тығыздықтағы липопротеидтер(жақсы холестерин)

Өте төмен тығыздықтағы липопротеидтер (жаман холестерин)

Ескертулер

 

Холестерин –дененің әрбір мүшесінің құрамында бар жұмсақ және балауыз тәрізді зат. Адам ағзасының дұрыс қызмет етуіне холестерин аздаған мөлшерде қажет. Қандағы холестерин деңгейінің жоғарлануы артериялардың бітелуіне және жүрек ауруларының дамуына алып келеді.

Қандағы холестерин деңгейін анықтау сізге және сіздің дәрігеріңізге жүрекауруларының, инсульттің және т.б. аурулардың даму қауіпін көздеуге мүмкіндік береді.

 

Қандағы холестерин деңгейін анықтау

Холестерин жақсы және жаман холестериндерге бөлінеді. Әр қайсысын анықтау үшін бірнеше талдау түрлері бар. Талдау кезінде қандағы холестериннің жалпы деңгейі есептеледі. Бұдан бөлек, дәрігеріңіз сізге, липидті профильды анықтау мақсатында, талдауды тағайындауы мүмкін. Оның ішіне:

  • Жалпы холестерин;
  • Төмен тығыздықтағы липопротеидтер (жаман холестерин);
  • Жоғары тығыздықтағы липопротеидтер (жақсы холестерин);
  • Үшглицеридтер (қандағы майлардың басқа түрі);
  • Өте төмен тығыздықтағы липопротеидтер (жаман холестерин) кіреді.

Липопротеидер майлар мен ауыздан тұрады. Олар қанмен холестеринді, үшглицеридті және басқа майларды адамның дене мүшелеріне жеткізеді.

 

Қай кезде дәрігерге қаралу тиіс

· 35 жасқа дейінгі ер азаматтар және 45 жасқа дейінгі әйелдер қандағы холестерин деңгейін анықтауы тиіс.

  • Егер сізде қант диабеті, жүрек аурулары, инсульт және артериалды гипертензия болса, сіз осы талдауларды ертерек жасағаныңыз жөн.
  • Егер алғашқы талдау нәтижесі қалыпты болса, онда қандағы холестерин деңгейін анықтауды әр 5 жыл сайын қайталауға болады;
  • Егер сіз холестерин деңгейін төмендететін препараттарды қабылдап жатсаңыз, онда талдауды жыл сайын жасағаныңыз жөн.

 

Жалпы холестерин

Жалпы холестериннің қалыпты деңгейі 180-200 мг/дл аралығында немесе одан төмен болуы тиіс. Егержалпы холестериннің деңгейі қалыптыдан аспаса, онда басқа зерттеулердің жасауында қажеттілігі жоқ.

 

Төмен тығыздықтағы липопротеидтер (жаман холестерин)

Төмен тығыздықтағы липопротеидтер артерияның бітелуіне алып келуі мүмкін. Бұл себептен, оны «жаман» холестерин деп атайды. Төмен тығыздықтағы липопротеидтердің қандағы деңгейі төмен болуы тиіс. Бірақ та төмен тығыздықтағы липопротеидтердің деңгейі қалыптыдан төменірек болса, жүрек аурулары мен инсульттің даму қауіпі жоғарлайды. Қандағы төмен тығыздықтағы липопротеидтердің деңгейі 190 мг/дл жоғары болса бұл көрсеткіш қалыптыдан артқан деп есептеледі.

70-189 мг/дл арасындағы төмен тығыздықтағы липопротеидтердің деңгейіжоғары деп, келесі жағдайларда есептеледі:

  • Егер жасыңыз 40-75 және сізге қант диабеті диагнозы қойылса;
  • Қант диабетіне қоса жүрек ауруларының даму қауіпі жоғары болса;
  • Сізде жүрек ауруларының даму қауіпі орташа немесе жоғары деңгейде болса.

 

Жоғары тығыздықтағы липопротеидтер(жақсы холестерин)

Жоғары тығыздықтағы липопротеидтердің қандағы деңгейі жоғары болуы тиіс. Зерттеушілер ерлер мен әйелдердің қандарында жоғары тығыздықтағы липопротеидтер қаншалықты жоғарланса, соншалықты жүректің ишемия ауруының даму қауіпі төмендейтінін анықтады.Сондықтан жоғары тығыздықтағы липопротеидтерді «жақсы» холестерин деп атайды. Жоғары тығыздықтағы липопротеидтердіңқалыпты деңгейі 40-60 мг/дл тең.

 

Өте төмен тығыздықтағы липопротеидтер( жаман холестерин)

Өте төмен тығыздықтағы липопротеидтердің құрамында үшглицеридтер өте көп. Өте төмен тығыздықтағы липопротеидтер артериялардың қабырғасына холестериннің тұнуына мүмкіндік береді, сондықтан оны «жаман» холестерин деп атайды.

Өте төмен тығыздықтағы липопротеидтердің қандағы қалыпты деңгейі 2-30 мг/дл тең.

 

Ескертулер

Кейбір кезде холестерин деңгейі, керісінше, төмен болуы мүмкін. Бұл жағдайда дәрігер сізге тамақтану рационыңызды өгертуге және холестерин деңгейін жоғарлататын препараттарды қабылдауға кеңес береді.

 

Аударған: Тілеубек Нұридін

Ми қан айналымының өтпелі ишемиялық бұзылуы- бұл уақытша мидың аймақтық қан ағымының бұзылысы. Осы жақын арада ұстама болуы мүмкін екендігіне белгі болып табылады.
Артериядағы қан ұйындысы, қан қысымының төмендеуі немесе жүрек соғуының бұзылысы мидың қандануын төмендетеді,  ми қан айналымының уақытша ишемиялық бұзылуының салдары болып табылады.
Ми қан айналымының өтпелі ишемиялық бұзылыстарының белгілері ұстаманың белгілеріне ұқсас болып келеді. Оларға:
  • Көрүдің бұзылыстары.
  • Қиын сөйлеу немесе ерекше мінез-құлық және ойлау үрдістері.
  • Есін жоғалту
  • Талма.
  • Әлсіздік және дененің бір жағының жансыздануы.
 
Талмадан айырмашылығы, ми қан айналымының өтпелі ишемиялық бұзылуы ұзақ мерзімді симптомдарды тудырмайды.  Әдетте белгілер 10-20 минуттан кейін жоғалады, бірақ олар 24 сағатқа дейін созылуы да мүмкін.
Ми қан айналымының уақытша ишемиясы - бұл қауіп төндіретін   талманы ескертеді.
 
 
Аударған: Айтмұқаев Ернұр

Анықтамасы

Себептері

Симптомдары

Диагностикасы

Емі

Ағымы

Дәрігерге қашан қаралу керек

 

Анықтамасы

Метаболикалық синдром - жүрек-қан тамырлары ауруларының, инсульттің және 2 типті қант диабеттің пайда болу қаупін арттыратын қауіп-қатер факторларының топтары.

 

Себептері

Ғалымдар әлі де метаболикалық синдромның қандай да бір себептермен пайда болатынына сенімді емес. Дегенмен, бұл синдроммен байланысты барлық қауіп-қатерлер семіздікпен немесе жай артық салмақпен байланысты екені белгілі.

Метоболикалық синдромның ең негізгі қауіп-қатер факторлары:

Дененің ортаңғы және жоғарғы бөліктерінде артық салмақтың жиналуынан (орталық семіру), денені «алма тәрізді» деп сипаттауға болады.

Инсулинге төзімділік. Дене инсулинді қалыпты жағдайға қарағанда төмен пайдаланады. Инсулин ағзадағы қантты бақылау үшін қажет. Инсулинді тиімсіз пайдаланудың нәтижесінде, ағзадағы қант пен майдың мөлшері артады.

Басқа қауіп-қатер факторына жатады:

  • Жасы
  • Метаболикалық синдромның пайда болуына генетикалық бейімділік
  • Гормоналды өзгерістер
  • Физикалық белсенділіктің жеткіліксіздігі

Метаболикалық синдромнан зардап шегетін адамдарда, аурудың ағымын нашарлататыннемесе осыаурудың себебі болуы мүмкінбасқа да қиындықтарболады, және олар келесі салдарға алып келеді:

  • Қанның шамадан тыс ұюы
  • Ағзадағы қабыну белгісін көрсететін заттардың қанда жоғарылауы

http://www.zdrav.kz/sites/default/files/metabolic%20syndrome.jpg

Диагностикасы

Науқас метаболикалық синдромнан зардап шегеді, егер төменде көрсетілген үш немесе одан да көп симптомдар болса:

  • Қан қысымы 130/85 мм сын.бағ. жоғары
  • Аш қарынға қандағы қанттың деңгейі 100 мг / дл жоғары
  • Үлкен бел айналымы:

Ерлерде – 100 сантиметрден жоғары

Әйелдерде – 88 сантиметрден жоғары

  • Жоғарғы тығыздықты липопротеиндердің құрамындағы холестерин деңгейінің төмен болуы

Ерлерде – 40 мг/длтөмен

Әйелдерде – 50 мг/длтөмен

  • Триглицеридтердің деңгейі 150 мг / длжоғары

 

Емі

  • Емдеудің мақсаты - жүрек аурулары мен қант диабетінің пайда болу қаупін азайту. Емдеуші дәрігер науқасқа өмір сүру салтын өзгертуді және қан қысымын, ЖТЛП холестеринді, қандағы қант деңгейін төмендетуге арналған дәрі-дәрмектерді ұсынуы мүмкін.
  • Артық салмақтан арылу. Метаболикалық синдроммен зардап шегетін адам салмақтың 7-10 пайызын тастау керек. Бір күнде 500-1000 калорияға аз тамақтану керек.
  • Орташа қарқынды физикалық жаттығулар үшін кем дегенде 30 минут уақытын бөлу керек, мысалы, аптасына 5-7 рет серуендеу қажет.
  • Арықтау, физикалық белсенділік және холестериннің деңгейін төмендету үшін арналған препараттарды қолдану арқылы қандағы холестерин деңгейін төмендету керек.
  • Арықтау, физикалық жаттығулар немесе дәрілік препараттар арқылы қан қысымының деңгейін төмендету керек.
  • Шылым шегетін адамдар зиянды әдеттерін тастауы керек.

 

Ағымы

Метаболикалық синдромы бар адамдарда жүрек ауруына, 2-ші типтегі диабетке, инсультке, бүйрек ауруларына шалдығу қаупі жоғары болады және аяқтарының қандануы жеткіліксіз болуы мүмкін.

 

Дәрігерге қашан қаралу керек

Егер сізде осы аурудың белгілері немесе симптомдары болса дәрігерге қаралыңыз.
 

 

Аударған: Дүйсенова Жаңылсын Бекқалиқызы

Полезно ли есть яйца каждый день?

Последние исследования о пользе яиц.