.

аллергия | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

аллергия

В воздухе помещений с плохой вентиляцией повышена концентрация веществ, вредящих здоровью 

Современные дома отличаются повышенной герметичностью, что исключает проникновение уличного воздуха внутрь помещения.

Дети-аутисты в два раза чаще страдают пищевой аллергией

Иммунологические нарушения могут являться одной из причин развития расстройств аутистического спектра.

Қышыну – терінің тітіркенуінен пайда болатын процесс. Қышынудың себептері өте көп. Оның ішінде аллергия мен терінің инфицирленуіне ерекше орын бөлінеді. Қышыну терінің түгелін қаптап немесе шектеулі шағын жерде сезунуі мүмкін. Қышынудың нәтижесінде теріде өзгерістер туындауы ықтимал. Сондай-ақ, қышыну терінің бетіне шығатын өзегеріссіз өтуі мүмкін.

 

Аударған: Тілеубек Нұридін

Аллергия дегеніміз не ?

  • дегеніміз- ағзамыздың қорғанышы иммундық жүйенің түрлі факторларға мысалы:өсімдік тозаңдарына,киім маталарына,жануарлардың терісі мен сілекейіне қайтаратын жауабынан туады. мен зардап шегетін адамдардың иммундық жүйесі жоғарыдағы факторларды аллергендер деп қабылдайды,себеі осылардың әсер етуі нәтижесінде ағзаның қалыпты қызметі бұзылады. 

Қандай аллергия демікпені шақырады?

Демікпесі бар адамдардың көбісі тыныс алғанда әсер ететін аллергендерден зардап шегеді.Оларға жатады:

  • · Жануарлардан шығатын бөлінділер(cілекей,тер)
  • · Шаң-тозандар
  • · Таракандардың дене бөліктері
  • · Саңырауқұлақтар

Дәрігерлер демікпесі бар адамдарға қандай заттарға аллергиясы бар екендігін анықтап біліп журуіне кеңес береді. 

Тағамдық аллергия.Тағамдық аллергия демікпені сирек шақырады,бірақ көптеген азық-түліктер аллергия симптоматикасын шақырады,олар:

  • · Жұмыртқа
  • · Сүт 
  • · Жаңғақ
  • · Соя
  • · Бидай
  • · Балық 
  • · Асшаяндар 

Консервіленген өнімдерде демікпені шақыруы мүмкін.Азық түлікті өңдеу мен дайындауда қолданылатын өнімдер натрий гидросульфаты,калий пиросульфаты,натрий пиросульфаты,натрий сульфаты сияқты қоспалар аллергияны тудыруы мүмкін,олар мына заттардың құрамында :

  • · Кептірілген жемістер мен көкеністер 
  • · Картоп (жартылай қапталған фабрикат)
  • · Шарап пен сыра 
  • · Бөтелкедегі лимон шырыны
  • · Асшаяндар
  • · Маринадталған өнімдер 

Көп адамдарда тағамдық аллергия жүректің айнуы,іштің өтуі және құсу белгілерімен көрініс береді.Егер науқаста тағамдық аллергия мен жүретін демікпесі болса онда осы симптомдар ентігумен жүреді,егер осыны дер кезінде емдемесе тамақтың ісінуі жүріп, ауа жүретін жолды бөгеп тастайды.Егер сіз қандай да бір азық-түлік арқылы шақырылатын демікпеге күдіктенсеңіз онда дәрігерге міндетті түрде жолығып,қай тағамға екенін анықтау үшін аллергиялық сынама жасау керек .

 

Егер аллергия болса не істеу керек? Аллергия тудыратын заттар мен қатынаста болмауға тырысу керек,одан кейін ең көп таралатын аллергия тудырушы заттардан қалай қатынаста болу керек екенін жайлы кеңес беріледі. 

Шаңның бөліктеріне аллергия болса 

  • · Жастықты және серіппелі матрассты аллергендер өткізбейтін қаптамамен қаптау керек 
  • · Аптасына 1 рет барлық төсек орын тысын жуып тұру керек 
  • · Еденге негізі кілемді салмаған дұрыс,салғаннан кейін аллерген өткізбейтін қабы бар шаңсорғышпен күнделікті тазалап ,тазалау кезінде маска кию керек.Егер балаңызда демікпе болса,онда бала бөлмеде болғанда істемеген дұрыс. Кілемнен шаң бөлшектерін шығаратын құралдарды сатып алуға болады.
  • · Барынша бөлме ашық болып перде болмағаны дұрыс.Егер болатын болса онда әр 2-4 апта ыстық сумен жуу керек. 
  • · Жиі кітап сөрелерін,шкафтарды,жәшіктерді барлық бөлмені дымқыл шүберекпен сүртіп тұру керек.
  • · Барлық заттар өз орнында тұрғаны абзал,кітаптар мен киімдер өз орнында жабық сөрелерде болу керек.
  • · Жұмсақ ойыншықтар жуылатын болу керек 
  • · Жастықтар мен төсек-орын бұйымдарының құрамында қауырсындар болмауы керек.
  • · Бөлмеде төмен ылғалдылықта сатағаны дұрыс 
  • · Жылытқыштар мен кондицанерлердің сүзгілерін ауыстырып тұру керек

Зең заңырауқұлақтарына және көгеруге аллергия

  • · Ылғал,дымқыл бөлмені жиі желдетіп,бөлменің ылғалдылығын 25% және 50% деңгейінде ұстап тұру үшін ауа кептіргішті қолдану керек.
  • · Мүмкіндігінше кондиционерлерді пайдалану керек.
  • · Зең саңырауқұлақтарына қасрсы заттарды қолдану арқылы жуынатын бөлмені үнемі тазалап тұру керек,осы бөлмедегі буды шығару үшін арнайы желдеткішті қолданған дұрыс.жуынатын бөлмеде кілем төсеуге болмайды.
  • · Жатын бөлмеде өсімдіктер өсіруге болмайды
  • · Бөлмеде әктеу жұмыстарын жүргізген кезде әктің құрамына көгеруді тежейтін заттарды қоладанған дұрыс. 
  • · Бөлмеге барынша көгеру тыдыратын заттарды алып келмеуге тырысыңыз оларға мысалы:бақшадан келген өсімдіктер және түрлі жапырақтар жатады. 

Жәндіктерге аллергия болса

Көптеген пәтерлерде таракандар және басқа да жәндіктер кездеседі. Демікпемен ауратын кейбір адамдарда осыларға аллергиясы болады,сондықтан үй жағдайында бұларды бақылау үшін:

  • · Таркандарға арналған тұзақтарды қолдану
  • · Сондай-ақ үйде ешкім болмаған кезде жәндіктерге қарсы ауаға шашатын заттарды қолданамыз.Ауаға шашып болғаннан кейін бөлменін толық желдетілгенін қадағалау керек.

Гүл тозаңына аллергия болса.

Гүл тозаңымен қатынаста болмау мүмкін емес себебі ол табиғатта өте көп,дегенмен адмаға деген әсерін азайтуға болады:

  • · Таңғы уақытта таза ауада жүруді шектеу себебі осы кезде тозаңдардың ауадағы деңгейі жоғарлайды.
  • · Тозаңдардың ауадағы деңгейі жоғарлаған уақытта терезелерді ашпау керек. 
  • · Мүмкіндігінше кондиционерлерді пайдалану керек.

Жануарлар және олардан шығатын бөлінділерге аллергия болса

  • · Егер жануарға аллергия болса онда үйде жануар ұстамаған дұрыс
  • · Үйінде үй жануары бар достарыңыздың үйіне барған кезде,демікпеге қарсы дәріні қолданып және жануармен мүмкіндігінше аз қатынаста болу керек. 
  • · Егер үй жануарын асырау қажет болса онда осы жануардың арнайы жүретін шекарасын қалыптастырып оны жатын бөлмеге және балаға жақындатпау керек,мүмкін болса сыртта ұстаған дұрыс.
  • · Апта сайын үй жануарын жуындыру керек
  • · Үйдегі едендерге кілем төселмегені дұрыс себебі жануарлардың бөлінділері осы кілемнің арасына жиналып қалуы мүмкін. 

Тағамдық аллергендерден құтылу мүмкін емес,сондықтан әр затты қолданар алдында құрамындағы заттарды оқып қарап,және қалай жасалғанын білген дұрыс.

Мүмкіндігінше аллергияға қарсы екпелерді алу керек,себебі осы екпелер иммундық жүйенің аллергенге жедел жауап қайтаруынан алдын алады.Дәрігерлер осы екпелерді ретпен жүргізеді,епенің құрамында аллергия тудыратын заттар болады.Осы аллергия тудыратын заттарға ағзаның иммундық жүйесі үйреніп жауап қайтаруын төмендетеді.Науқас өзінің аллергиясына осындай екпе келеме екенін жергілікті дәрігерінен сұрап білуіне болады. 

Аударған: Мелис Айбек

 

Аллергиялық рекция дегеніміз не ?

Аллергиялық рекциялардың даму механизмдері қандай ?

Симптомдары

 

Аллергиялық рекция дегеніміз не ?

Аллергиялық рекция дегеніміз - аллергия тудырушы(аллерген) затқа адам ағзасындағы иммундық жүйесінің шамадан тыс активтенуі.Аллергия тудырушыларға:химиялық заттар,тағамдар,дәрі-дәрмектер,түрлі өсімдіктер,шаң-тозаңдар болып табылады.

Аллергиялық рекциялардың даму механизмдері қандай ?

Аллергиялық реакциялар жеңіл дәрежеден басталып,өмірге деген қауіп тудыратын өте ауыр жағдайға дейін ауытқуы мүмкін.Ағзаның иммундық жүйесі аллергия тудырушы затқа бірнеше механизм бойынша жауап қайтарады.Осылардың ішіндегі негізгі механизм қанның ақ жасушалры-лимфоциттердің қатысауымен болады . Лимфоциттердің 2 түрі кездеседі В-лимфоциттер және Т-лимфоциттер.В-лимфоциттер организмдегі бөгде денелер мен бактерияларға қарсы және оларды жоюға арналған заттар-антиденелер бөледі.Антиденелер аллергия тудырушы заттар мен байланысып аллергиялық реакция тудырады,осы үрдіске қатысатын антиденлерді иммуноглобулин Е категориясына жатқызамыз. Т-лимфоциттер антидене өндірмейді-олар тікелей бөгде денеге әсер етеді.Осы лимфоциттердің үрдіске қатысуына байланысты аллергиялық процестің типін анықтайды жеделдетілген түрі (В-лимфоциттердің қатысуымен иммуноглобулин Е өндірілуі арқылы )және баяулатылған түрі (Т-лимфоциттердің қатысуымен) .

https://www.zdrav.kz/images/refs3/allergy.jpg

Симптомдары

  • реакциялардың симптомдары жеңіл дәрежеден басталып,өмірге деген қауіп тудыратын өте ауыр жағдайға дейін ауытқуы мүмкін.Аллергия тудырушы заттар организмнің кез келген жеріне түсуі мүмкін мысалы:мұрын қуысына,көзге,асқазан-ішек жолдарына,өкпеге және теріге.Кейбір аллергиялық рекциялар жәндік шаққаннан кейін,өсімдіктердің немесе химиялық заттардың теріге жанасуынанпайда болып тек организмнің бір ғана бөлігі зақымдалады.Басқа аллергиялық рекциялар кезінде барлық организм зақымдалады-терінің қышуы,ісіну,тыныс алудың қиындауы,ал ауыр аллергиялық рекция кезінде анафилактикалық шок дамып тіпті адам өлуі де мүмкін.Кейбір аллергиялық рекциялар аллергия тудырушы затпен бірінші жанасқанда пайда болмайды ол ақырындап күннен-күнге байланысып барып сезімтал болады.

 

Айқын дермографизм

https://www.zdrav.kz/images/refs3/ar%20(1).png

Қолдағы дермографизм

https://www.zdrav.kz/images/refs3/ar%20(2).png

 

Денедегі есекжем

https://www.zdrav.kz/images/refs3/ar%20(3).png

Терідегі есекжем

https://www.zdrav.kz/images/refs3/ar%20(4).png

Есекжем

https://www.zdrav.kz/images/refs3/ar%20(5).png

Балалардағы ауыз қуысының зақымдалуы

Беттің ісінуі,безеу,аллергиялық реакция

Тұмау

Ауыз қуысының зақымдалуы

 

Аударған: Мелис Айбек

Атопиялық дерматит дегеніміз - теріге бөртпелер шығып және оның қышуымен сипатталатын терінің жұқпалы емес ауруы.

Атопиялық дерматит тұқым қуалайтын ауру.Егер ата-анасының немесе жақын туыстарының біреуінде атопиялық дерматит,демікпе немесе аллергиялық ринит болса онда балада осы аурудың пайда болуы 50% құрайды.Сонымен қатар атопиялық дерматитпен ауыратын туысқандарының 30% аллергияның көріністері көрінбеуі мүмкін.

Атопиялық дерматит көп себептерден болатын ауру.Аурудың пайда болуына және ауырлық дәрежесіне адамның ішкі және сыртқы жағдайлары әсер етеді.

АД дамуына алып келетін негізгі қауіп қатер тобына мыналар жатады.

  • · Жақын туысқандар арасында аурудың болуы
  • · Жүктілік кезінде анасының дурыс тамақтанбауы және баласын емшек сүтімен ретті емізбеу.
  • · Жүктілік немесе емшек сүтімен емізу кезендерінде анасының зиянды әдеттерге жақын болуы (темекі тарту,алкоголь ішу).
  • · Баласын ерте жасанды тамақтандыру және емшек сүтіне жәй алу.
  • · Күн тәртібін сақтамау және тері күтімінің нашар болуы.
  • · Вакциналарды алу реттілігін бұзу.
  • · Қолайсыз ауа-райының әсері.
  • · Өмір сүруге қолайсыз жағдайлар,экологияның және тұрмыс жағдайының нашар болуы.
  • · Жүктілік немесе емшек сүтімен емізу кезендерінде анасының антибактериальды дәрілерді қабылдауы.
  • · Туа біткен асқазан-ішек жолдарының ауруларының болуы-энзимопатия, дисбактериоз.

 

Атопиялық дерматит алғаш рет баланың-нәресте, жасөспірім және ересек кездерінде ауыр ағымда көрініс береді.

Диатез (атопиялық немесе экссудативті диатез) деп-емшек сүтіндегі балалардағы атопиялық дерматитті атайды.50% жағдайда ерте нәрестелік кезеңде көрініс береді.

Ересектерде ұзақ уақыт бойы атопиялық дерматитті-нейродермит деп атады,ал бұл атау аурудың дамуына жүйке жүйесінің бар екендігін көрсетеді.

Атопиялық экзема-аурудың екінші аты.Экзема туралы айтатын болсақ қазіргі кезде тері қабынуларының түрлі белгілері (ісіну, қызару,дымқылдану) осы ауруға жатады.

Атопиялық дерматит жыл маусымдарына тәуелді:қыста-аурудың күшеюі және қайталануы болса, жазда-толық немесе жартылай ауру басылады. Аурудың дамуына азық-түліктерден (цитрусты жемістер,тәттілер,ащы тағамдар,алкогольді ішімдіктер),дәрілерден (антибиотиктер, витаминдер, сульфаниламидтер, пиразолон туындылары) және басқа да факторлар әсер етеді.

Атопиялық дерматит кезінде аллергендер мыналар:

  • · Үй жануарларының жүні
  • · Аквариум балықтарына арналған құрғақ тағам
  • · Матрас және жастықтардағы қауырсындар
  • · Өсімдіктер тозаңы
  • · Косметика және хош иісті заттар
  • · Азық түліктер (бал,цитрусты жемістер,жаңғақтар,шоколадтар,құрамында бояғыштар мен консерванттары бар өнімдер)

Атопиялық дерматит кезінде толық комплексті ем қабылдайды,оған тағам режимін сақтау және аурудың дамуына алып келетін алллерген мен қарым катынаста болмау негіз болып табылады.

 

Аударған: Мелис Айбек

Латекске аллергиялық реакция

Латекс дегеніміз - каучук ағашынан (гевея - Hevea brasiliensis) алынатын табиғи өнім.Көбінесе адамдарда латекстен жасалған қолғаптарға аллергиялық реакция дамиды.Қазіргі уақытта бұл аллергияның түрі өзекті мәселеге айналып барады.

Симптомдары:

Латекске қарсы аллергиялық рекция әр түрлі дамиды-ол өмірге қауіп тудырмайтын жағдайдан басталып ауыр жағдайға дейін алып келуі мүмкін.Мысалы:

  • · Терілік реакциялар:Жанаспалы дерматит, есекжем немесе жаппай қышынуға алып келеді
  • · Тыныс алуға әсері.Науқастың тыныс алу жүйесіне жеңіл әсер етсе-жөтел,түшкіру немесе мұрыннан көптеген бөлінділер бөлінеді,ал ауыр жағдайда-ентігу,тамақтың ісінуі немесе қатты естілетін сырылмен тыныс алу болады.
  • · Анафилаксиялық шокта кездеседі.

Кандай адамдарда латекске қарсы аллергиялық реакция дамиды?

Латекске қарсы аллергиялық реакция көбінесе резинадан жасалған заттар шығаратын мекемеде істейтіндер де, медицина қызметкерлерінде және операциясына латекстен жасалған құралдар көп қолданылған науқастарда дамиды.

 

Латекске қарсы аллергиялық реакция дамуын арттыратын қауіп факторлары.

Мысалы, мына заттарға банан, каштан, киви, авокадо және қызанаққа аллеригялық реакциясы бар адамдарда латекске қарсы аллергиялық реакция дамуы мүмкін.Себебі осы өнімдер мен латекстің құрамында бірдей белок кездеседі.Сонымен қатар латекске қарсы аллергиялық реакция анамнезінде атопиялық дерматиті бар науқастарда даму қаупі жоғары.

 

Латекстен жасалған заттар қай жерде кездеседі ?

Құрамында латекс бар медициналық бұйымдар:

  • Медициналық қолғаптар
  • Дренаж, жгут,катетер және бинт
  • Операцияны тануға арналған жабысқақ ленталар құрамында

 

Құрамында латекс бар жеке немесе үйде қолданылатын заттар:

  • Контрацептивтар мысалы: мүшеқап
  • Төсемелер және гигиеналық жастықтар
  • Сәбилерге қолданылатын емізік құрамында
  • Шарлар және резинадан жасалған ойыншықтарда
  • Компьютер тышқанына арналған төсеме құрамында.

Диагностикасы.

Латекске қарсы аллергиялық реакция бар екенін білу үшін анамнезіне,обьективті жағдайына және лабораторлық тексерулерге қараймыз.Лабораторлық тексерурлерге қанның құрамындағы латекске қарсы антиденені анықтау жатады,сонымен қатар латекстен жасалған қолғапты кигізіп көру және аллергиялық тері астылық сынама жасалады.Осы сынамаларда білікті дәрігер жасайды себебі рекция болған жағдайда дер кезінде көмек көрсете білу керек.

Емі.

Дәрілік препараттар тек қана симптомдарды азайтады, ең тиімдісі латекспен контактыны толық шектеу болып табылады. Ауру асқынған жағдайда науқас жан сақтау бөлімінде емделеді.

Латекске қарсы ауыр аллергиялық реакциясыны басынан өткізген науқастар әрқашан өзімен бірге аллергияға қарсы дәрілер және адреналин дайындалған сөмкені ұстап жүруі тиіс.

Егер аллергия болған жағдайда латекстен қалай сақтану керек?

  • Латекс өнімдерінің терімен жанасуына жол бермеу керек егер денсаулық сақтау қызметкерлері болса онда гипоаллергенді қолғаптарды қолданады .
  • Латекстен жасалған қолғаптардың қасында тыныс алуды шектеу керек.

 

Аударған: Мелис Айбек

 

 

Ангионевротикалық ісіну немесе Квинке ісінуі – есекжемге ұқсас болып келеді, бірақ Квинке ісігі зақымдалу тереңдегіне байланысты ажыратылады. Ангионевротикалық ісігі кейбір кезде бөртпе шығуынсыз да болуы мүмкін.

Пайда болу себептері:

Квинке ісігі – аллергиялық реакцияның есебінен пайда болуы мүмкін. Аллергиялық реакция кезінде гистамин және тағы сол сияқты химиялық заттар қанағымға босап шығады. Организм гистаминді иммунды жүйе ағзаға жат затты анықтағанда, яғни аллергенді сол сәтте бөледі.

Көп жағдайда ангионевротикалық шоктың пайда болу себебі анықталмайды.

Келесі себептер ангионевротикалық ісіктің пайда болуына әкелуі мүмкін:

  • Жануарлардың түктеріндегі қайызғақ.
  • Судың, күн сәулесінің, суықтың, ыстықтың әсері.
  • Азық-түліктер (жеміс-жидектер, балық, жаңғақтар, жұмыртқа, сүт)
  • Құрт-құмырсқаның, шыбын-шіркейлердің шағуынан.
  • Медициналық препараттар; антибиотиктер, стероидты емес қабынуға қарсы препараттар, қан қысымын тұрақтандырушы дәрілер.
  • Шаң-тозаңдар.

Есекжем мен квинке ісігі – жүйелі қызыл жегі, лейкемия, лимфома сияқты аутоиммунды аурулардан кейін немесе сол кезде пайда болуына да мүмкін.

Ангионевротикалық ісік кейбір түрлері тұқым қуалаушылық жолмен беріледі, сонымен қатар себептеріне, асқынуларына, еміне байланысты айырмашылық болады.

Симптомдары

Аурудың негізгі симптомы – кенеттен пайда болатын терінің беткей қабатының ісінуі. Сонымен қатар терінің беткі қабатында ісіктер мен тыртықтар пайда болуы да мүмкін.

Бірінші кезекте көз айналасының және еріннің ісінуі болады. Сонымен қатар ісіну – қолда, аяқта, тамақта пайда болуы да мүмкін.

Тері бетіндегі тыртықтар мен бөртпелер ауырсынуды және қышынуды тудыруы мүмкін. Бұл симптомдар есекжемге тән. Бөртпелер тітіркенгенде ақ түске енеді. Ауырсыну ангионевротикалық ісіктің теріні зақымдаған тереңдігіне байланысты болады.

Басқа да симптомдар жатады:

  • Іштегі спазм – құрысу, тырысу.
  • Тыныс алудың қиындауы.
  • Ауыз бен көздің ісінуі.
  • Көздің кілегей қабатының ісінуі.

Диагностикасы

Дәрігер пациентті қарап тексеру кезінде теріде пайда болған өзгерістерге байланысты, тітіркендіргіш немесе химиялық заттардың әсерінен болғанын немесе болмағанын сұрауы керек. Сонымен қатар қарап тексеру де ісіну тамақта болатын болса, пациенттің тыныс алуы кезінде қалыптыдан тыс дыбыстар шығуы мүммкін.

Дәрігер сонымен қатар аллергиялық реакцияны байқау үшін қан анализін алуы мүмкін.

Емі

Жеңіл симптомдары кезінде ауруды емдеу қажет етпейді. Ауыр және орташа симптомдары кезінде ауруды емдеу керек.

Квинке ісігімен ауыратын науқастар келесі ережелерді сақтау керек:

  • Ауруды шақыратын кез-келген факторлардан немесе аллергендерден алшақ болғаны жөн.
  • Дәрігеріңіз тағайындамаған дәрілерден, қабылдауға болмайтын азық-түліктерден шектелу керек.
  • Ісік пайда болған жерге суық дәке орамалын басу керек, ауырсынуды төмендету мақсатында.

Ангионевротикалық ісікте қолданылатын дәрілер:

  • Антигистаминдік препараттар.
  • Қабынуға қарсы дәрілер
  • Эпинефринді егу
  • Тыныс алу жолдарын ашатын ингаляциялық дәрілер.
  • Ранитидин.
  • Егер де Квинке ісігі кезінде науқаста тыныс алудың қиындауы болса, тез арада жедел жәрдем шақыру керек, себебі анигиневротикалық ісік тыныс алу жолдарын толық бітеп өмірге қауіп қатер әкелуі мүмкін.

Әдетте тыныс алу жолдарының бітемейтін және симптомдары жеңіл өтетін ангионевроткалық ісіну біірнеше күн ішінде қайтады.

 

Аударған: Бердібек Ағабек

Бұл не? Анафилаксия – өмірге қауіп тудыратын, бүкіл организмді зақымдайтын, ауыр аллергиялық реакция. Ол ағзаға белгілі бір аллерген әсер еткенде, бірнеше секундта немесе минутта дамуы мүмкін. Анафилаксияда астма сияқты тез пайда болатын аллергиялық реакцияға жатады. Астма – тыныс алу жолдарын зақымдайтын аллергиялық реакция болса, ал анафилакция –бүкіл организмге таралатын аллергиялық реакция болып табылады. 
Анафилакцияның симптомдары:

  • Қышыну 
  • Теріде қызыл бөртпелердің шығуы
  • Ысқырықты немесе тыныс алудың қиындауы
  • Жергілікті немесе жалпы ісінулер. Ісінулердің – ерінде, тілде, ауыз қуысында, жұтқыншақта пайда болуы қауіпті, себебі тұншығуды әкелуі мүмкін.
  • Іштегі спазм
  • Қан қысымының төмендеуі, шок және есінен тану. 

Адамға аллерген әсер еткеннен кейін, симптомдар неғұрлым тез дамыса, солғұрлым анафилакциялық реакция ауыр болады. Анафилакциялық реакция – аллергенмен бірінші рет жанасқанда немесе соңғы рет жанасқан немесе бірнеше рет жанасқан да дамуыда мүмкін. Аллергеннің саны маңызды емес, аз мөлшерде болса да аллергиялық реакцияны шақыра алады.
Емі: Анафилакциялық реакция – өмірге өте қауіпті және ауыр жағдай. Анафилакциялық реакция- жедел жәрдемді (медициналық көмекті) талап етеді. Ем бірінші минуттан жүргізілуі керек және жедел мына дәрілерді иньекция жасау керек: адреналин, антигистаминдік препараттар,бронх кеңейткіштер, инфузиялық сұйықтықтар.

 

Аударған: Бердібек Ағабек

 

Экзема – қолдың білезік бөлігін, бастың шашты бөлігін, бетті, желкені, шынтақ шұнқырын, тізені зақымдайтын созылмалы терілік ауруы. Себебі жиі отбасылық сипатта таралады, бірақ кейде себебі белгісіз де болады немесе жергілік қолданылатын дәрі-дәрмектерге, өсімдіктерге, киімдерге, сабынға, жеміс-жидектерге аллергиясы бар адамдарда пайда болуы мүмкін.

Экземаның симптомдары : бөртпе, сулы көпіршіктер, терінің қалыңдауы немесе қабыршықтануы.

Емі – профилактикалық іс-шара және дәрілің преператтар болып табылады. Емдің мақсаты – симптомдарды жою, әсіресе, бөртпелерді дәне қабыршақтарды.

Атопический дерматит – экземаның бір түрі болып табылады.

 

Аударған: Бердібек Ағабек