.

Қуықтың қатерлі ісігі | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Қуықтың қатерлі ісігі

Қуық – іш қуысының төменгі бөлімінде орналасқан, қуысты мүше. Ол жерде бүйректен шыққан зәр және сұйық қалдықтар жиналады. Қуыққа зәр бүйректен несепағар арқылы түседі.

Қуықтың сыртқы бұлшық етті қабаты оның ішкі шырышты қабатының сыртынан қоршап жатады. қуық толып кеткен жағдайда бұлшық еттері жиырылып, зәрдің сыртқа шығарады. Зәр қуықтан уретра деп аталатын басқа түтік арқылы сыртқа шығады.

Онкологиялық аурудың не екенін түсіну

Қуық ішкі қабырғасы өтпелі және сквамозды деп аталатын жасушалармен тысталған. 90 пайыз жағдайда қуықтың қатерлі ісігі өтпелі жасушалардан дамиды. Қатерлі ісіктің бұл түрі өтпелі-жасушалы карцинома деп аталады. Пациенттердің 8 пайызы өтпелі-жасушалы карцинома деп аталатын қуықтың қатерлі ісігімен зардап шегеді.

Қуықтың тек қана ішкі қабатында кездесетін қатерлі ісіктерді беткейлік деп атайды. Дәрігер оны тұрған орнына байланысты да, қандай қатерлі ісік екенін айта алады (эпителий ішілік карцинома). Қатерлі ісіктің осы түрі ем қабылдағанға қарамастан, беткейлік қатерлі ісік ретінде қуықтың басқа жерлерінде жиі қайталынып шыға береді.

Беткейлік ісік ретінде басталған қуықтың қатерлі ісігі, ішкі қабат арқылы сыртқы бұлшық етті қабатқа өсіп кете алады. Бұл инвазивті қатерлі ісік деп аталады. Инвазивті қатерлі ісік қуықтың қабаттарынан тыс жерлерде де дами алады. Ол көрші жатқан жатырға немесе қынапқа (әйелдерде) немесе қуық асты безіне (ерлерде) таралып кетуі мүмкін. Ол сондай-ақ іш қуысының қабырғасына өсіп кете алады.

Қуықтың қатерлі ісігі басқа мүшелерге таралған кезде, оның жақын жатқан лимфа түйіндерінде де анықталуы мүмкін. егер қатерлі ісік жақын жатқан лимфа түйіндерінде анықталса, олардың басқада лимфа түйіндеріне немесе өкпе, бауыр, сүйек сияқты басқада мүшелерге таралғаны жайлы ойлауға болады.

Қатерлі ісіктің бастапқы дамыған орнынан дененің басқа бөліктеріне таралғаны (метастазданған) байқалса, жаңа анықталған ісіктің жасушалары бастапқы қатерлі ісіктің жасушаларынан тұрады және атауы да сондай болады. Мысалы, қуықтың қатерлі ісігі өкпеге таралған болса, ол өкпенің қатерлі ісігі емес, ол қуықтың метастазданған қатерлі ісігі жасушалары болып табылады. Жаңа анықталған ісікті дәрігерлер «алыстаған» ауру деп айтады.

ttp://www.zdrav.kz/images/content/cancer/pic14.jpg

 

Қуықтың қатерлі ісігі: қауіп-қатер тобы қандай?

Қуықтың қатерлі ісігі не себепті дамитыны әлі белгісіз. Бірақ қатерлі ісіктің жұқпалы ауру емес екені бәріне белгілі.
Қуықтың қатерлі ісігімен зардап шегетін адамдар қауіп-қатер факторларына тәуелді болып келеді. Қауіп-қатер факторлары деп аурудың өрши түсуіне мүмкіншілік жасайтын барлық жағдайларды айтады.

Сонда да кейбір адамдар қауіп-қатер факторларына тап болып, қуықтың қатерлі ісігімен ауырмайды, ал керісінше қауіп-қатер факторларымен өмірі кездеспеген адамдар осы аурумен зардап шегетін кездерде болады.осыған орай дәрігерлер не үшін кейбір адамдар ауырып, кейбіреуі ауырмайтынын нақты айта алмайды.

Зерттеу барысында қуықтың қатерлі ісігінің келесі қауіп-қатер факторларыанықталды:

· Жасы. Жасы өскен сайын қуықтың қатерлі ісігімен ауру қаупі жоғарылай түседі. 40-тан төмен жастағы адамдарда бұл ауру сирек кездеседі.

· Табак өнімдерін қолдану. Табакты қолдану ең негізгі қауіп-қатер факторы болып табылады. Темекі шегетіндерде қуықтың қатерлі ісігі темекі шекпейтін адамдарға қарағанда екі-үш есе жиі аурады.

  • Мамандығы. Резеңкемен, химиялық заттармен және тері өнімдері сияқты канцерогенді заттармен көп жұмыс жасайтын адамдар , осы аурумен ауру қаупі жоғары топқа жатады. Сондай-ақ шаштараздар, машинистер, металлургтер, бояушылар, тігіншілер мен жүргізушілер де осы топқа жатады.

· Инфекциялар. Белгілі паразиттермен шақырылған аурулар қуықтың қатерлі ісігімен ауру қаупін жоғарлатады. Бұл паразиттер тропикті жерлерде кездеседі.

· Циклофосфамид және күшәнмен емделу. Бұл дәрі-дәрмектер қатерлі ісіктерде және басқа да жағдайларда қолданылады. Олар қуықтың қатерлі ісігінің дамуына жағдай жасайды.

· Нәсілі. Ақ нәсілді адамдарда, афро-американецтер мен латын-американецтерге қарағанда, қуықтың қатерлі ісігімен ауру қаупі екі есе болады. Осы ауру ең аз кездесетін адмдар ол азиаттар екені де анықталған.

· Ер адам болуы. Ер адамдарда қуықтың қатерлі ісігімен ауру қаупі әйел адамдарға қарағанда екі-үш есе жоғары болады.

· Отбасы тарихы. Туысқандарында қуықтың қатерлі ісігінің болуы, адамдарда осы аурумен ауру қаупін жоғарлата түседі. Ғалымдар адам геніндегі белгілі өзгерістер осы аурудың дамуына жағдай жасайтыны жайлы айтып отыр.

· Адамның бұрын осы аурумен ауруы. Қуықтың қатерлі ісігімен бұрын ауырған адамдарда, осы аурудың қайталану қаупі жоғары болады.

Адамдар хлорды суға оның қолдануға қауіпсіз болуы үшін қосады. Хлор өлім шақыратын бактерияларды жояды. Бірақ хлорлы суда хлордың өнімдері пайда болады. Зерттеушілер хлордың өнімдерін 25 жыл бойы зерттеген. Әлі күнге дейін хлордың өнімдері қуықтың қатерлі ісігін шақыратыны жайлы мәліметтер алынбаған. Бұл зерттеулер әлі де жалғасып келеді.

Зерттеу барысында қанттың алмастырушысы сахарин деп аталатын зат, жануарларда қуықтың қатерлі ісігін шақыратыны жайлы анықталған. Бірақ сахариннің адамдар қуықтың қатерлі ісігін шақыратынын жайлы зерттеулерде дәлелденбеген.

Егер адамдар өзін қауіп-қатер тобына кіретіні жайлы ойласа, бұл сұрақты дәрігерімен бірге талқылауы қажет. Дәрі пациентке қатерлі ісікпен ауру қаупін төмендетіп, келесі тексеру уақытын қойып береді.

Симптомдары
қуықтың қатерлі ісігінің ең көп таралған симптомдары мыналар:

  • Зәрдегі қан (зәрдің түсі қызылдау немесе ет жуындысы тәрізді болады),
  • Зәр шығарудағы ауру сезімі
  • Жиі зәр шығару немесе зәрдің жалған шақырулары

Бұл симптомдар қуықтың қатерлі ісігінің абсолютті көрсеткіштері болып табылмайды. Инфекциялар, қатерсіз ісіктер, қуықтағы тастар немесе басқа аурулар да осы симптомдарды шақыруы мүмкін. Осы симптомдар байқалған жағдайда адам дереу дәрігерге көрінуі тиіс, дәрігер оған дер кезінде диагноз қойып, ем тағайындайды. Негізі осы симптомдармен отбасылық дәрігерге немесе зәр шығару жүйесімен айналысатын дәрігер, урологқа қаралған жөн.

Диагностикасы

Егер пациентте қуықтың қатерлі ісігіне күдіктенетін симптомдар байқалса, дәрігер оны тексеріп, керекті зертханалық тексерістерге жібереді. Пациент келесі тексерулердің бір немесе бірнешеуінен өтуі мүмкін:

· Физикалық тексеріс – дәрігер пальпаторлы түрде ішті және кіші жамбасты ісікке тексереді. Физикалық тексеріске тік ішектік және қынаптық тексерулерді де жатқызуға болады.

· Зәр анализі – Зәрді қанға, қатерлі ісік жасушаларына және басқа ауруларға зертханалық тексеру.

· Венаішілік пиелограмма – Дәрігер тамыр ішіне контрастты затты енгізеді. Бұл зат қуықта жиналып, оның рентгенограммада көрінуіне жағдай жасайды.

· Цистоскопия – Дәрігер қуықтың ішін көру үшін, басында жарығы бар жіңішке түтікті (цистоскоп) қолданады. Дәрігер цистоскопты уретра (зәр шығаратын канал) арқылы кіргізіп, қуықтың ішкі жағын зерттейді. Бұл процедура үшін пациентке анестезия (жансыздандыру) қажет болуы мүмкін.

  • көмегімен дәрігер тіннің кесіндісін ала алады. Кейін патологоанатом оны микроскоппен зерттейді. Тіннің осындай зерттеуі үшін алынуы биопсия деп аталады. Негізі биопсия қатерлі ісікті анықтау үшін ең сенімді әдіс болып табылады. Кейбір пациенттерде биопсия барысында қатерлі ісікпен зақымдалған аймақты түгелімен алып тасталынады. 

Аурудың кезеңін анықтау

Қуықтың қатерлі ісігі диагнозы қойылған жағдайда, нәтижелі ем тағайындау үшін оның кезеңі мен дәрежесін анықтау қажет. Кезеңін анықтау дегеніміз қатерлі ісіктің қуықтың қабаттарына өтті мен, немесе басқа мүшелерге таралды ма, таралса қай мүшелерге таралғанын анықтау мақсаты болып табылады.
дәрігер қай кезеңі екенін диагноз қойған кезде анықтауы мүмкін, немесе оған басқа да тексерістер қажет болуы мүмкін. бұл тексерістерге сурет беретін – компьютерлі томография, ядролы магнитті резонанс, сонограмма, тамырішілік пиелограмма, сүйектерді зерттеу немесе кеуде торының рентгені жатады. Кейде кезеңін хирургиялық жолмен ғана анықталады.

Ауру кезеңдерінің негізгі сипаттары:

  • 0 кезең – Қатерлі ісік жасушалары қуықтың ішкі қабатында ғана кездеседі. Дәрігер оны беткейлік қатерлі ісік немесе орнықты қатерлі ісік деп айтады.
  • I кезең – Қатерлі ісік жасушалары қуықтың терең қабаттарында да кездеседі. Олар қуықтың бұлшық етті қабатына әлі өтпеген болады. 
  • IIкезең– Қатерлі ісік жасушалары қуықтың бұлшық етті қабатына таралған болады. 
  • IIIкезең– Қатерлі ісік жасушалары бұлшық етті қабат арқылы өтіп, қуықтың сыртқы қабаттарына да таралған болады. Қатерлі ісік жасушалары қуық асты безіне (ерлерде) немесе жатырға, қынапқа (әйелдерде) таралуы мүмкін.
  • IV кезең – Қатерлі ісік іштің және кіші жамбастың қабырғаларына таралады. Олар жақын жатқан лимфа түйіндері арқалы, алыс жатқан мүшелерге, мысалы, өкпеге таралуы мүмкін.

Емі 
Қуықтың қатерлі ісігімен ауратын пациенттердің көбі, өзіне қатысты медициналық күтім жайындағы мәселелерге белсене қатысады. Олар аурулары жайында және оның емдеу тәсілдері туралы бүкіл мәліметтерді білгісі келеді. Бірақ диагнозды естігенде пайда болған шок пен стресстік жағдай, оларды алаңдатып, ойларындағы сұрақтарды қоя алмауына алып келеді. Дәрігерге қаралмастан бұрын дайындалған сұрақтар тізімі, пациентке біраз көмектеседі. Дәрігердің айтқан сөздерін естен шығармас үшін, пациент әңгіме барысында айтылған сөздерді қағазға түртіп алып немесе дәрігердің рұқсатымен диктафонды қолдана алады. Кейбір пациенттер өзімен бірге дәрігерге туысқандарын не болмаса достарын алып кіргенді жөн көреді, себебі олар әңгіме барысында пациенттің өзі ұмытып қалатын жағдайларды жазып не болмаса тыңдап отырады. 

Дәрігер пациентті онкологиялық аурулармен айналысатын мамандарға жолдай алады, ал кейбір кезде пациенттің өзі дәрігерден сұрана алады. Диагноз қойылған сәттен бастап жақын арада пациентте ем тағайындалады. Егер пациентте қуықтың қатерлі ісігі жайлы тағы да сұрақтары болса немесе осы ауру жайында көп мәлімет алғысы келсе, ем басталмастан бұрын осының барлығын жүзеге асыруға уақыты болады.

Емге дайындық 

Дәрігер әр пациентке жеке ем тағайындайды. Ем қуықтың қатерлі ісігінің түріне, кезеңіне және таралу дәрежесіне тікелей байланысты болып келеді. (Ісіктің дәрежесі, қатерлі ісіктің жасушалары қалыпты жасушаларға қаншалықты ұқсас екенін айтады. Және олар ісіктің қаншалық тез өсетіні жайлы да мәлімет бере алады. төмен дәрежелі қатерлі ісік, жоғары дәрежелі ісікке қарағанда жай таралады.) дәрігер онымен қоса пациенттің жасына, денсаулығына және басқа да факторларға мән береді.

Адамдар бүкіл сұрақтарға жауап алып, бірден бүкіл нәрсені түсініп бола алмайды. Оларда осы мәселерді шешу үшін басқа да уақыттары жетерлік болады.

Емдеу әдістері

Қуықтың қатерлі ісігімен зардап шегетін науқастарға бірнеше емдеу әдістері ұсынылады. Оларға хирургиялық ем, сәулелік терапия, химиотерапия немесе биологиялық терапия тағайындалуы мүмкін. ал кейбір пациенттер қосарланған ем алады.

Бұл ем әдістері пациентке ұсынылып, күтілетін нәтижелерімен танысып, дәрігер екеуінің ортақ шешімімен тағайындалады.

Хирургиялық операция – бұл қуықтың қатерлі ісігінің ең жиі таралған емі болып табылады. Операциялық көмектің түрі аурудың кезеңі мен дәрежесіне байланысты болып келеді. Дәрігер пациентке операциялардың түрлерімен таныстырып, науқасқа ең сай келетін операцияның түрін таңдайды:

  • Трансуретральды резекция: Дәрігер трансуретральды резекцияны (ТУР) қуықтың қатерлі ісігінің ерте кезеңі (беткейлік) анықталған жағдайда тағайындай алады. ТУР кезінде дәрігер цистоскопты уретра арқылы қуыққа енгізеді. Содан кейін дәрігер қатерлі ісікті алып, оның жасушаларын электр тоғымен күйдіріп тастау үшін, басында сымды ілмегі бар құрылғыны пайдаланады. (Это называется бликованием). Пациентті ауруханаға жатқызу немесе анестезияны қолдану қажет болуы мүмкін.ТУР-дан кейін науқастарға химиотерапия немесе биологиялық терапия тағайындалады.
  • Радикальдыцистэктомия:Инвазивті өскен қуықтың қатерлі ісігінде, жиі радикальды цистэктомия әдісіне жүгінеді. Бұл әдісті дәрігерлер қуықтың ішкі бетінің басым аймағы зақымдалған кезінде де қолданады. Радикальды цистэктомия – бұл қуықтың, жақын жатқан лимфа түйіндерінің, уретраның бір бөлігінің, және қатерлі ісік жасушалары бар көрші мүшелердің түгелімен алынып тастауы. Ерлерде қуықтың жанында жатқан қуық асты безін, ұрық көпіршіктерін және ұрық шығаратын түтіктің бір бөлігін алып тастайды. Әйелдерде жатырды, аналық бездерді, жатыр түтікшелерін, және қынаптың бір бөлігін алып тастайды.
  • Сегментарлы цистэктомия: Белгілі жағдайларға байланысты дәрігер қуықтың бір бөлігі ғана алынып тасталатын, сегментарлы цистэктомия әдісін қолданады. Бұл операция қатерлі ісік төмен дәрежелі және қуықтың бір жерінде ғана дамыған кезінде қолданылады.
  • ісіктің қуықтан тыс басқа мүшелерде дамып, оны хирургиялық жолмен толығымен алып тастай алмайтын кездері де кездеседі, бірақ дәрігер бастапқы дамыған жер қуықты бәрібір алып тастайды. Немесе хирург қуықты алып тастамай, зәрді басқа жолмен шығатындай етіп жасайды. Хирургиялық емнің мақсаты организмнен зәрдің еш қиындықсыз шығуына жағдай жасау немесе қатерлі ісіктен туындаған симптомдарды жою болып табылады. 

Қуықтың түгелімен алып тастаған жағдайда, хирург зәрдің жиналуы үшін басқа механизм жасайды. Пациенттің денесінен тыс пакетті орнатып немесе ішектерден дененің ішіне зәр жиналатын қап жасайды.

Сәулелік терапия (сонымен қатар радиотерапия деп те аталады) кезінде қатерлі ісік жасушаларын жою үшін жоғары энергетикалық сәуле көздерін пайдаланады. Хирургиялық операция сияқты бұл әдісте жергілікті ем қатарына жатады. Ол ем қолданған жердегі қатерлі ісік жасушаларына ғана әсер етеді.

Пациенттердің аз бөлігі ісіктің мөлшерін азайту мақсатында, хирургиялық емнің алдында сәулелік терапияға жүгінеді. Ал басқалары болса, операциялық емнен кейін қалып қалған қатерлі ісік жасушаларын жою мақсатында сәулелік терапияны қолданады. Ал операцияға жіберілмейтін пациенттер үшін сәулелік терапия таптырмайтын ем болып табылады. Дәрігерлер қуықтың қатерлі ісігі кезінде сәулелік терапияның екі түрін қолданады:

  • Сыртқы сәулелену: Дененің сыртынан үлкен құрылғы арқылы ісік орналасқан аймаққа радиациялық сәуле жібереді. Осы ем әдісі тағайындалған пациенттер аптасына 5 рет, 5-7 апта бойы емханалық жағдайда емделеді. Жалпы радиациялық дозаның шашыранды әсер етуіне байланысты, көптеген сау жасушалар аман қалады. Емнің курсы радиациялық импланттардың қолданылуына байланысты қысқа болуы мүмкін. 
  • Ішкі сәулелену: Дәрігер уретра немесе іштегі тілік арқылы радиациялық заты бар қорапшаны қуыққа енгізеді. Пациент ем барысында бірнеше күнге ауруханаға жатқызылады. Басқа адамдарды пациенттің денесінде орналасқан радиациялық заты бар қорапшадан сақтау үшін, пациентпен көрісу уақытын азайтады немесе мүлдем кездестірмейді. Денедегі имплантты алып тастағаннан кейін ол радиоактивтілігін жоғалтады. 

Сәулеленудің екі түрін бірдей қабылдайтын пациенттер кездеседі.

Химиотерапияда қатерлі ісік жасушаларын жою үшін дәрі-дәрмектерді қолданады. Дәрігер бір немесе бірнеше дәрілерді тағайындай алады.

  • беткейлік қатерлі ісігі бар пациенттер үшін, ісікті жою мақсатында ТУР-ды қолданып, кейін қуық ішілік химиотерапияны жүргізеді. Бұл жергілікті терапия. Дәрігер уретра арқылы түтікшені (катетер) енгізіп, қуыққа дәрілік заттарды сұйық түрінде құяды. Дәрілер қуықтың жасушаларына бірнеше сағат бойы әсер етіп тұрады. Пациент осындай емді аптасына бір рет, бірнеше апта бойы қабылдау тиіс. кейде емді бір ай ішінде немесе бір жылда бірнеше рет қайталау керек болады. Егер қатерлі ісік қуықтың терең қабаттарына еніп және жақын жатқан лимфа түйіндеріне таралып кетсе, онда дәрігер дәрілік заттарды тамыр ішілік тағайындайды. Емнің осы түрі тамыр ішілік химиотерапия деп аталады. Дәрілік заттар қан арқылы дененің барлық мүшелеріне таралатындықтан, бұл жүйелік терапия болып саналады. Негізі ем циклдік түрде жүргізіледі, яғни әр емдік курстан кейін қалпына келтіру кезеңі басталады. 
  • жалғыз химиотерапия немесе оның хирургиялық операциямен, сәулелік терапиямен және басқа да емдік әдістермен бірлескен түрі тағайындалуы мүмкін. Химиотерапия ауруханада, клиникада немесе дәрігердің бөлмесінде жүргізілетін амбулаторлық ем болып табылады. Бірақ дәрілік заттардың түріне және науқастың жағдайына байланысты оған қысқа мерзімді госпитализация қажет болуы мүмкін. 

Биологиялық терапия(иммунотерапия деп те аталады) деп – ағзаның өзіндік қорғаныс қызметін (иммундық жүйе) қатерлі ісікке қарсы қолдануды айтады. Биологиялық терапияны жиі қуықтың беткейлік қатерлі ісігі кезінде ТУР-дан кейін қолданады. ОЛ қатерлік ісіктің қайталануының алдын алады.

Дәрігер биологиялық терапияны БЦЖ ерітіндісі түрінде қуық ішілік қолдануы мүмкін. БЦЖ-ның құрамы әлсіреген тірі бактериялардан тұрады. Бактериялар иммундық жүйені қоздырып, оның қатерлі ісіктерге қарсы күшін арттырады. Ерітіндіні қуыққа енгізу үшін дәрігер катетерді қолданады. Ерітінді пациенттің ішінде 2 сағаттай болуы тиіс. БЦЖ-мен емделу аптасына бір рет, 6 апта бойы жалғасады.

Қатерлі ісікті емдеу барысындағы жанама әсерлер

Қатерлі ісікті емдеу барысында сау жасушаларда зақымдалатына байланысты, жанама әсер пайда болады. бұл жанама әсерлер емнің түрі мен көлемі сияқты көптеген факторларға байланысты болады. Әр пациентте жанама әсерлер әртүрлі болып келеі, және алдағы ем барысында өзгеріп отыруы мүмкін. Дәрігер немесе медбике пациентке қандай жанама әсерлерді күтуге болатынын және оларға қандай көмек көрсетілетінін айтады.

Хирургиялық ем

ТУР-дан кейін пациенттердің көбісі зәрдегі қанға және зәр шығаруының қиындауына шағымданады. Ал негізі, ТУР онша көп жанама әсерлер тудырмайды. 

Цистэктомиядан кейін пациенттердің көбі алғашқы күндердегі қолайсыздық туралы айтады. Бірақ ауру сезімі дәрілермен жойылады. Керек болса, пациент ауру сезімін қалай басуға болатынын дәрігер немесе медбикемен ақылдаса алады. осылардан басқа пациент біраз уақыт әлсіздік пен шаршағыштықты сезінеді. Операциядан кейінгі сауығу әр пациенттің өзіне тікелей байланысты болады. 

Сегментарлы цистэктомиядан кейін пациент өз қуығында бұрынғыдай көп зәрді ұстай алмайды, сол себепті олар жиі дәретханаға барып тұрады. Басым көпшілігінде бұл жағдай уақытша көрініс табады, ал кейбір пациенттердің қуығы ондағы зәрдің көлеміне байланысты өзгеріп отыра алатындай дәрежеге жете алуы мүмкін.

Дәрігер қуықты түгелімен алып тастаған жағдайда, оларға зәрді сақтау үшін қосымша механизм керек болады. Ең көп таралған әдіс болып, дәрігердің ішектің бөлігінен зәр өте алатындай түтікшені құрастырып, оны орнатуы болып табылады. Хирург түтікшенің бір басын несепағарға, ал екінші басын іш қабырғасында жасалынған тесікке бекітеді. Бұл тесік стома деп аталады. Стомаға арнайы зәр жинайтын пакет бекітіледі. Стоманы құрастыратын операция уростомия немесе остомия деп аталады.«Қуықтың қатерлі ісігінен кейінгі реабилитация» бөлімінде, стоманың күтімі жайлы толық ақпарат алуға болады.

  • пациенттерде дәрігер ащы ішектен, дененің ішінде тұратын зәрді сақтайтын қапшық жасай алатын мүмкіншілікте болады. Зәр дененің сыртына емес, осы қапшыққа жиналатын болады. хирург осы қапшықты уретра не болмаса стомамен қосады. Кейін зәрді шығару үшін дренаждық көмек қажет болады. 
  • қатерлі ісігіне жасалынған операция адамның сексуалды қызметіне әсер етуі мүмкін. Радикалды цистэктомия кезінде жатырдың және аналық бездің алып тасталуына байланысты, әйел дам бала көтере алмайды. Онымен қоса бірден менопауза басталады. Операциядан кейін пайда болған менопауза , табиғи менопаузаға қарағанда пациентке ауыр тиетін болады. көптеген әйелдер осы жанама әсердің симптомдарын азайту мақсатында орын басушы терапия ретінде гормондар қолданады. Егер операция барысында хирург қынаптың бір бөлігін алып тастайтын болса, болашақта жыныстық қатынасына кері әсерін тигізуі мүмкін. 

Бұрын ер адамдарға радикалды цистэктомия жасаған кезде, олардың басым көпшілігі импотенцияға ұшырайтын болған. Бірақ қазір таңда операциялардың техникасы дамуына байланысты ер адамдардың біразы импотенциядан құтылып кете алады. қуық асты безі мен ұрық көпіршіктері алынып тасталынған ер адамдарда сперма өндірілмейтін болады, сондықтан олардың оргазмдары құрғақ болады. Болашақта баласы болғанды қалайтын ер адамдар операцияға дейін спермаларын банкте сақтай алады немесе операциядан кейін спермаларын қалпына келтіре алады. 

  • хирургиялық операцияның олардың сексуалды қызметтеріне әсер ететініне уайымдайтын болады. Басым көпшілігі жанама әсерлердің қалай және қанша уақытқа дейін болатыны жайлы дәрігермен әңгімелеседі. Дәрігерлер оларға барынша көмектесіп, демеу көрсете алады. 

Сәулелік терапия

  • терапияның жанама әсері қабылданған дозаға және қуықтың қай бөлігін емдегенге байланысты болады. Пациенттердің сәулелік терапия барысында жиі шаршағыштыққа шағымданады. Демалу емнің міндетті бір бөлігі болып табылады, бірақ дәрігерлер пациенттерге барынша қозғалыста болуға кеңес береді. 
    Сыртқы сәулелік терапия емделіп жатқан аймақтың терісін қарайтып, немесе "қолаға ұқсас түске" бояйды. Ем бағытталған аймақтың терісі қызарып, қышып, құрғап және түктері жоғалып кетеді. Бұлар уақытша әсерлер болғандықтан, дәрігер оларды шешу жолдарын айта алады. 

Іш қуысының сәулелік терапиясы құсы, жүрек айну, іш өту және зәр шығарудың бұзылуы сияқты әсерлерді тудыруы мүмкін. дәрігерлер бұл симптомдарды басу үшін, сіздерге дәрілерді ұсына алады.

Сәулелік терапияның тағы бір жанама әсері ағзаның инфекциялармен күресетін күші, яғни лейкоциттердің төмендеуіне алып келуі. Егер қанның көрсеткіштері төмен болса, дәрігер сізге инфекциялардан қорғану жолдарын көрсете алады. Сонымен қатар қанның көрсеткіштері қалпына келу үшін, уақытша емді тоқтата тұруға болады. пациенттің жағдайына байланысты, дәрігер оның емін тоқтатып, қанның көрсеткіштерін уақытылы тексеріп отырады.

Ерлер және әйелдерге ортақ, сәулелік терапия олардың сексуалды қызметтеріне кері әсер етуі мүмкін. Әйелдерде қынаптық құрғау, ал ерлерде эрекция бұзылысы дамиды.

Сәулелік терапияның жанама әсерлері қатты күйзеліске ұшырататынына қарамастан, дәрігер емдеп, бақылауда ұстай алады. сонымен қатар жанама әсерлердің біразы, уақыт өте өздері жоғалып кететінін ескерген жөн.

Химиотерапия 
Химиотерапияның жанама әсері қабылданып жатқан дәрілік препаратқа, оның дозасына және қолдану әдісіне тікелей байланысты болады. бұлардан басқа, жанама әсерлері әр пациентте әртүрлі болады. Қуыққа енгізілген қатерлі ісікке қарсы дәрілік заттар, тітіркендіріп ыңғайсыздық сезімін тудырады, сонымен қатар бірнеше күн бойы пациенттерде қан кетулер байқалуы мүмкін. Кейбір препараттар терінің және жыныстық ағзалардың бөртуіне алып келеді. 

  • химиотерапия ағзаның әрбір жасушасына, сонымен қатар қан жасушаларына, тез әсер етеді. Қан жасушалары инфекциялармен күресіп, қанның ұюына және оттегінің бүкіл ағзада таралуын қамтамасыз етеді. Қан жасушалары зақымдалған кезде пациенттерге инфекциялар оңай жұғады, олар жарақаттарға тез ұшырайды және әлсіздікті сезінеді. Химиотерапия шаштарға және шырышты қабаттарға әсер ететіндіктен, пациенттердің шашы түседі, және олар іш өтуге, құсуға, жүрек айнуға, тәбетінің жоқтығына шағымданады. Негізі бұл симптомдар ем арасындағы қалпына келі кезеңінде және ем аяқталғанда өздігінен жоғалып кететін болады. 
  • ісікке қарсы дәрілердің белгілі түрлері бүйректі зақымдау қасиетіне ие болады. Бүйректерді қорғау үшін өте көп мөлшерде су қажет болады. Медбике ағзадағы сұйықтық мөлшерін көбейту үшін, науқастарға емнің басында немесе емнің соңында тамыр ішіне көп мөлшерде сұйықтықты енгізеді. Сонымен қатар ем барысында пациенттердің өздері суды көп ішуі қажет. 

Осы препараттардың тағы бір жанам әсері саусақтың шаншуы, құлақтың шыңылдауы және кереңдіктің пайда болуы болып табылады. Бұл әсерлер емді тоқтатқаннан кейін жоғалып кетуі мүмкін.

Биологиялық терапия

  • терапияқуықты тітіркендіруі мүмкін. Пациенттердің зәр шығаруы бұзылады. Науқас сонымен қатар зәр шығару барысында ауырсынуды сезінеді. Олар шаршағыш болып келеді. Кейбір пациенттердің зәрінде қан анықталады, сонымен қатар олардың температурасы субфебрильдіге жетіп, қалтырау және құсу байқалады. 

Реабилитация 
Реабилитация онкологиялық аурулардың күтімінің таптырмайтын бір бөлімі болып табылады. науқастардың бұрынғы өмірлеріне тезірек оралуы үшін, медициналық қызметкерлер қолдарынан келгенін аямайды. 

Стомасы бар пациенттерге оның күтімін үйретеді. Дәрігерлер оларға операция дейін, күтілетін жағдайларды түсіндіріп отырады. Оларға операциядан кейін өздерін және стоманы қалай күту керектігін үйретеді. Пациенттерге өмір салтына байланысты, эмоционалды, физикалды және сексуалды жағдайларынан байланысты кеңес бере алады.

Күтімі 

Қуықтың қатерлі ісігінің емінен кейінгі күтім өте маңызды болып табылады. Қуықтың қатерлі ісігі қуықта немесе дененің басқа бір бөлігінде қайталанып шығуы мүмкін. Сол себепті қатерлі ісікті басынан кешірген адамдар, дәрігермен олардың қайталануы жайлы сұхбаттаса алады. 
Егер қуық алынып тасталмаған болса, дәрігер цистоскопия жасап, анықталған жаңа беткейлік ісіктерді алып тастайды. Қатерлі ісіктің симптомдарын дәлелдеу үшін, пациенттен зәр анализін алады. Күтім барысында пациенттен қан анализі алынуы мүмкін және сонымен қатар рентгенологиялық, тағы басқа зерттеу әдістері қолданылады. 

Дәрігермен пациенттер болашақ ем жайлы еш қобалжымастан сұрай алады. науқасты жүйелік түрде күту барысында, дәрігер оның ауруларын дер кезінде анықтап, ем тағайындай алады. Тексеріс арасындағы дем алу уақытында пациенттерді денсаулығы мазалайтын болса, мазалайтын жайттарын дереу дәрігерге жеткізуі керек.

Аударған: Шардарбек Райымбек

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.