12 айлық жасқа толмаған балалардағы жасанды тыныс алдыру
Мазмұны
1 қадам. Баланың жағдайын тексеріңіз
2 қадам. Баланың тыныс алу жолдарын ашыңыз
3 қадам. Екі «құтқару» демін беріңіз
4 қадам. 30 рет басуды орындаңыз
5 қадам. Басудан және жасанды дем беруден тұратын циклді қайталаңыз
ЖӨР (СЛР) дегеніміз не?
ЖӨР (СЛР) – жүрек-өкпе реанимациясы. Бұл шаралар тіршілік белгісін (естің немесе тыныс алудың болмауы) бермейтін адамдарды құтқаруға бағытталған.
ЖӨР – «жедел жәрдем» келгенге дейін ми және басқа маңызды ағзалар арқылы оттегімен құнарландырылған қан айналымын қамтамасыз ету мақсатында жүректің тікелей емес массажын және «құтқару» демін беруді жүргізу. Оттегімен құнарландырылған қан айналымы мидың зақымдануының және бірнеше минут ішінде ұшырауы мүмкін өлім-жітімнің алдын алуға көмектеседі.
ЖӨР жүргізу қиын емес. Келесі алгоритмді орындау қажет:
1 қадам. Баланың жағдайын тексеріңіз
Бала есін біледі ме? Баланы иығынан алып, сілкілеңіз және сөйлеп, шақырыңыз. Егер ол жауап бермесе, қасыңыздағы біреуге «103» телефоны арқылы шұғыл «жедел жәрдемді» шақыруын сұраңыз. (егер баламен жалғыз өзіңіз болсаңыз, алғашқы 2 минут бойы көмек көрсетіп, содан кейін «жедел жәрдемді» шақырыңыз).
Тез, бірақ абайлап, баланы арқасына, қатты, тегіс орынға жатқызыңыз.
Күрделі қан кетуі болмауына көз жеткізіңіз. Қан кетуі болса, сол тұсты басып, тоқтатуға тырысыңыз. Қан кетуін бақылауға алғанға дейін ЖӨР жүргізбеңіз.
2 қадам. Баланың тыныс алу жолдарын ашыңыз
Бір қолыңызбен баланың басын артқа қарай жіберіп, екінші қолмен иегінен көтеріңіз. Бұл оның тыныс алу жолдаын ашуға мүмкіндік береді.
10 секунд ішінде баланың тыныс алуын тексеріп көру қажет.
Тыныс алуын тексеру үшін басыңызды аузына әкеліңіз, өзіңіз бұл кезде аяқ жағына қарауыңыз қажет. Тыныс алу бар болса, кеудесінің сәл көтерілуін көресіз және тыныс алуының дыбысын естисіз. Бала тыныс алса, бетіңізбен оны сезесіз.
3 қадам. Екі «құтқару» демін беріңіз
Егер бала тыныс алмаса, екі қысқа дем беріңіз, әрқайсысының ұзақтығы бір секундтан тұратын. Баланың мұрны мен аузын ерніңізбен алып, екі рет өкпесіне - кеудесі көтерілгенге дейін дем беріңіз, дем беру арасында ауаның қайта шығуы үшін үзіліс жасаңыз.
Баланың өкпесі сіздікіне қарағанда біршама кіші екендігін есе ұстаңыз, оны толтыру үшін толық емес дем беру қажет. Тым терең және үдемелі дем шығаруда ауа баланың асқазанына түсуі мүмкін.
Егер кеудесі көтерілмесе, тыныс алу жолдары бітелген. Бұл жағдайда тұншығу кезінде жасалатын алғашқы көмекті орындау қажет.
4 қадам. 30 рет басуды орындаңыз
Баланы арқасына жатқызып, екі немесе үш саусақтың ұшын кеудесінің ортасына, емшектердің ортасынан өтетіндей сызықтан сәл төменірек орналастырыңыз.
Саусақ ұшымен кеуде қуысын басуды орындай бастаңыз, бұл кезде ол 3,5 – 4 сантиметрдей түсуі қажет. Басу жұлқынбастан, толқынды түрде болуы тиіс.
Минутына 100-ден 30 басуды орындаңыз. «бір және екі және...» деп дауыстап санап, санды атағанда – басып, одан кейін ішіңізден «және» деп, орындаған жөн.
30 басудан кейін екі жасанды демді орындаңыз (3-қадам). (кеуде қуысын басудан және жасанды дем беруден тұратын әрбір цикл 24 секунды алуы тиіс).
5 қадам. Басудан және жасанды дем беруден тұратын циклді қайталаңыз
Жүректі 30 рет басудан және екі дем беруден тұратын циклді орындауды жалғастырыңыз. Егер баламен өзіңіз жалғыз болсаңыз, алғашқы 2 минут бойы ЖӨР жасап, содан кейін «103» телефоны арқылы шұғыл «жедел жәрдемді» шақырыңыз.
Жүректің тікелей емес массажын және жасанды тыныс алдыруды көмек келгенге дейін немесе тіршілік белгісі пайда болғанға дейін орындаңыз. Егер тым шаршасаңыз, АСД (АВД) – автоматты сыртқы дефибриллятор қолдануға болады.
Бала өзін жақсы сезінеді деп санасаңыз да, «жедел жәрдем» дәрігері баланың тыныс алу жолдары толығымен өтімділігін және кез келген басқадай ішкі зақымдану жоқтығына көз жеткізуі қажет.