12 айлық жасқа толмаған балалардың тұншығуында және қақалуында алғашқы жәрдем көрсету
Мазмұны
1 қадам. Жағдайды тез бағалау қажет
2 қадам. Тұрып қалған нәрсені кеуде қуысының артқы жағын соққылау арқылы алып тастауға тырысу 1
Жалпы ақпарат
Баланың өмірін құтқару қажет болуынан аулақ боларсыз деген ойдамыз, бірақ, бұл жалпы өмірде орын алуы мүмкін жағдай. Балалар қауіпті жағдайға жиі ұшырайды. Сәбилер тамақпен немесе ойыншықпен қақалуы мүмкін, су астында немесе бассейнде қалуы мүмкін, жіпке оралып қалуы мүмкін.
Бұл сатылы нұсқаулық тұншығуда және қақалуда көрсетілетін алғашқы жәрдем көрсетудің негіздерін түсіндіреді, бірақ, бұл ақпараттың жалғыз көзі емес. Сәбилер мен балаларға алғашқы жедел жәрдем көрсетудің дұрыс әдістемесін үйрену үшін бірнеше сағат бөліңіз. Бұл әрекеттерді орындау әдістемесі баланың жасына қарай ерекшеленеді, дұрыс орындамау балаға зиян келтіруі мүмкін.
1 қадам. Жағдайды тез бағалау қажет.
Егер бала кенеттен жыламай немесе жөтелмей қалса, оның тыныс алу жолдарында бірнәрсе бөгет болған, сіз осы жағдайды жоюға көмектесуіңіз қажет. Бала анық емес дыбыс шығаруы немесе үнемі дыбыссыз аузын ашуы мүмкін. Баланың терісі ашық қызыл немесе көкшіл түс алуы мүмкін.
Егер бала жөтелсе немес қақалса, оның тыныс алу жолдары ішінара бөгет алған. Бұлай болса, бала жөтелуін жалғастырсын. Жөтел – бұл жағдайды жоюдың аса тиімді тәсілі.
Егер бала тұрып қалған нәрсені жөтеліп, шығара алмаса, біреуден «103» телефоны арқылы «жедел жәрдемді» шақыруды өтініңіз, ал өзіңіз арқасын қағып, кеуде тұсын соққылауды бастаңыз (2-ші қадамды қараңыз).
Егер баламен өзіңіз ғана болсаңыз, алдымен, 2 минут бойы жәрдем көрсетіңіз, одан кейін, «жедел жәрдем» бригадасын шақырыңыз.
Ал басқаша жағдайда, егер баланың тыныс алу жолдары ісіну салдарынан бөгелгендігіне күмәніңіз болса, шұғыл түрде «жедел жәрдем» бригадасын шақырыңыз. Балада тамаққа немесе жәндіктің шағуына аллергиялық серпін болуы немесе қыспақ болуы мүмкін.
Сондай-ақ, балада жүрек ауруының жоғары қаупі болса, шұғыл түрде «жедел жәрдем» бригадасын шақыру қажет.
2 қадам. Тұрып қалған нәрсені арқадан қағып және кеуде қуысын басу арқылы шығарып алуға тырысу қажет
Алдымен арқасын соққылаңыз.
Егер баланың есі қалыпты болса, бірақ, жөтеле, тыныс ала алмаса, оның тыныс алу жолдарында бір нәрсе тұрып қалды деп санасаңыз, баланы абайлап, желкесінен ұстай отырып, білегіңізге жатқызыңыз.
Басқа қолыңызды және білегіңізді баланың денесінің алдыңғы тұсында ұстаңыз. Бала екі білектің ортасында қысылуы тиіс.
Саусақтың көмегімен баланың иегін ұстаңыз және оны бетімен төмен қаратып, білегіңізге жатқызыңыз. Қолыңызды бөксеге түсіріңіз, баланың басы кеудесінен төмен болатындай.
Алақанның түбімен баланың жауырыны арасында бес нақты соққы беріңіз, тұрып қалған затты ығыстырып шығару үшін. Баланың басы мен мойнын ұстай тұрыңыз, оның иегін үлкен және сұқ саусақтың ортасында қатты қысып ұстаңыз.
Әрі қарай, бос қолыңызды (соққы берген) баланың желкесіне қойыңыз, бұл кезде сіздің білегіңіз оның омыртқасы бойымен орналасуы қажет. Абайлап, оны аударыңыз, бұл кезде қол ұшыңыз бен білегіңіз баланың денесінің алдыңғы жағында қалады.
Одан кейін кеуде қуысын басуды орындаңыз.
Бала білектеріңіздің ортасында болған кезде, оның басы мен мойнын ұстап тұрып, иегін үлкен және сұқ саусақтың ортасында қатты қысып ұстаңыз. Баланың арқасын ұстап тұрған қолыңызды қарсы бөксесіне қарай түсіріңіз, баланың басы оның кеудесінен төмен деңгейде болуы қажет.
Екі немесе үш саусақтың ұшын баланың кеуде қуысының ортасына, оның емшектерінің ортасынан өтетіндей сызықтан төмен орналастырыңыз. Басуды орындау үшін баланың кеудесін саусақтарыңызбен басыңыз, кеудесі бұл кезде 3,5-4 см-ге түсуі қажет. Осыдан кейін саусағыңызды жіберіп, кеуде қуысы бастапқы күйіне келуі тиіс.
Бес рет басуды орындаңыз. Саусақтарыңыз баланың төссүйегімен байланысты болуы қажет. Басулар күрт емес, тербелмелі түрде орындалуы шарт.
Арқаны қағуды және кеуде қуысын басуды қайталаңыз.
Бес рет арқаны қағуды және бес рет кеуде қуысын басуды алмастыра отырып, баланың тыныс алу жолдарын бітеген нәрсе шыққанға дейін немесе бала күшті жөтеле, жылай бастағанға дейін немесе өздігінше тыныс ала бастағанға дейін орындауды жалғастырыңыз. Жөтел болса, балаға бітелген нәрсені жөтелмен шығарып тастауына мүмкіндік беріңіз.
Егер бала есін жоғалтса.
Егер тұншыққан бала есін жоғалтса, жүрек-өкпе реанимациясын жасау қажет. Балаға жасанды тыныс алуды орындау үшін келесі ұсыныстарды орындаңыз:
· Баланың аузын ашып, тұрып қалған нәрсені табуға тырысыңыз. Оны көріп тұрсаңыз, кішкентай саусағыңызбен алыңыз.
· Содан кейін екі жасанды дем беріңіз. Егер тыныс алу болмаса (кеуде қуысы көтерілмесе), оның басын еңкейтіп, қайтадан екі жасанды дем беріңіз.
· Егер сонда да кеуде қуысы көтерілмесе, кеуде қуысын 30 рет басуды (компрессия) орындаңыз.
· Ауыз қуысын қарап, бір нәрсе көрсеңіз, алып тастаңыз. Тағы да екі жасанды дем беріңіз.
· Жәрдем жеткенге дейін кеуде қуысын басуды орындауды жалғастырыңыз.