.

Адам папиллома вирусы | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Адам папиллома вирусы

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Үшкірбасты кондилома

Себептері

Симптомдар

Диагностика

Емі

Болжамы

Асқынулар

Профилактика

Дәрігерге қашан қаралу керек?

 

Жалпы ақпарат

Адам папиллома вирусы (АПВ) кондилома түзілуімен сипатталатын жиі таралған вирус. АПВ 100 астам түрі бар. Көбісі қауіпті емес, бірақ 30 жуық түрі қатерлі ісікке алып келеді. АПВ жыныс мүшелерін зақымдап және басқа адамға жыныстық жолмен беріледі. Вирустар ісік дамуы төменгі және жоғары қауіпті болып келеді. АПВ төмен қаупті түрі үшкірбасты кондиломаны шақырады. АПВ жоғары қауіпті түрі жатыр мойның, вульваның, қынаптың және әйел адамның анал тесігінің қатерлі ісігін шақыра алады. Ер адамдарда тік ішектің және жыныс мүшесінде ісікті түзілістер түзілуіне алып келеді.

Көп адамдарда АПВ үшкірбасты кондилом түзілуімен жүрмейді, кейде пациенттер ешбір симптом жоқтығын айтады. Дәрігер үшкірбасты кондиломаны емдеп немесе кесіп алып тастай алады. АПВ бар әйелдерде Папаникалау жағындысы бойынша тексергенде ісікке алып келетін жатыр мойының өзгерісін байқауға болады.

Мүшеқаптарды дұрыс қолдану АПВ вирусын жұқтырып немесе таратуы қаупі төмендетеді, бірақ толығымен жоймайды. Вакциналар АПВ кейбір ісік шақыратын түрлерінен қорғайды.

 

Үшкірбасты кондилома (остроконечная кондилома)

Үшкірбасты кондиломалар – жыныс мүшелерінің терісінде және шырышты қабаттарында пайда болатын, жұмсақ түзіліс. Олар жыныс мүшесінде, вульвада, уретрада, қынапта, жатыр мойында және тік ішектің айналасында орналасу мүмкін.

Үшкірбасты кондиломалар – жыныс жолымен таралтын инфекция.

 

Себептері

Үшкірбасты кондилома түзілуіне алып келетін вирусты, адам папиллома вирусы деп атайды. АПВ 70 астам түрі бар. Кейбір түрлері жатыр мойының ісікалды өзгерістерін, жатыр немесе тік ішектің ісіктеріне алып келу мүмкін. Бүндай АПВ түрлері жоғары қауіпті вирустар болып табылады.

АПВ барлы түрі үшкірбасты кондиломаны шақырмайды. Кейбір АПВ түрлері адамның басқа дене бөлігінде папиллома түзу мүмкін. Мысалы қол терісінде. Бұл мақалада жыныс мүшелерінде пайда болатын кондиломалар туралы айтамыз.

АПВ инфекциясы жыныс мүшелері аймағында таралған. Көптеген адамдарда симптомсыз өтеді. Әйелдерде АПВ вирусы ішке қарай қынаптың қабырғасына және жатыр мойнына таралу мүмкін. Арнайы тексеру әдістерсіз бұл өзгерістерді көру мүмкін емес.

  • АПВ инфекциясы жыныс жолымен таралып, тік ішек, ауыз немесе қынапты зақымдайды. Сіз егер өзіңізде кондилома таппасаңыз да басқаларға таратуыңыз мүмкін.
  • Кондиломалар инфекция жұқтырғаннан 6 айдан кейін, 6 апта ішінде көзбен көрінбейді. Сіз бірнеше жылдар бойы байқамай жүруіңіз мүмкін.
  • АПВ және үшкірбасты кондиломалармен контактта болған адамдардың барлығында бұл ауру пайда бола бермейді.

Сізде үшкірбасты кондилома даму және оның таратуына бейім болуыңыз мүмкін, егер:

  • Жыныс партнерлар саныңыз көп
  • Сіз жыныс жолымен берілетін инфекциясы бар адаммен жыныстық қатынаста болғаныңызды білмейсіз
  • Ерте жастан бастап сексуальды активтісіз
  • Ішімдік және темекі қолданасыз
  • Герпес сияқты вирусты инфекцияңыз бар
  • Жүктісіз
  • Аурудан немесе емнің әсерінен иммунитетіңіз төмен

Егер кондиломалар балада пайда болса, онда сексуальды зорлықты болдырмау керек.

 

Симптомдар

Үшкірбасты кондиломалар өте майда болғандықтан сіз оны байқамайсыз.

Кондилома түрі болу мүмкін:

  • Тері түсіне ұқсайтын дақтар тері үстінен шығып немесе шықпай тұрады.
  • Жаңа пайда болған түзілістің жоғарғы аймақ түсі капустаға ұқсайды

Әйелдерде кондилома орналасу мүмкін:

  • Қынапта немесе тік ішекте
  • Қынап сыртында немесе тік ішекте, бірақ айнала орналасқан аймақтарда
  • Жатыр мойнында

Ер адамдарда кондилома орналасу мүмкін:

  • Жыныс мүшесінде
  • Ұмада
  • Бұтаралықта
  • Бел аймағында
  • Тік ішектің ішінде немесе сыртында

Тағы да кондиломалар орналасу мүмкін:

  • Ерінде
  • Ауыз аймағында
  • Тілде
  • Тамақта

Сирек жағдайда мынадай симптомдар болу мүмкін:

  • Жыныс мүшесіндегі кондилома аймағындағы терінің мацерациясы
  • Қынаптаң бөлінділердің көбеюі
  • Генитальды қышу
  • Жыныстық қатынас кезінде немесе кейін қынаптқы қан кету

 

Диагностика

Диагностика үшін дәрігер тексеріс жасау қажет.

Әйелдерде кіші жамбас мүшелерін тексеру жасайды. Кондиломаны іздеу үшін кольпоскопия жасалады. Дәрігер зақымдалған аймаққа сірке қышқылын себу мүмкін. Ол көрінбейтін кондиломаны іздеуге көмектеседі.

Кондилома шақыратын вирусты Папаниколау жағындысы арқылы анықтауға болады. Егер сізде кондилома болса, онда бірнеше уақыт аралығында сіз жиі Папаниколау жағындысын тапсырып тұрасыз.

АПВ ДНҚ зерттеу вирустын қауіптілігін тексереді. Бұл тест жасалу мүмкін:

  • Скрининг-тест ретінде 30 жастан асқан әйелдерде
  • Папаниколау жағындысында өзгерістер бар кез-келген әйелдерде

 

Емі

Үшкірбасты кондиломаны дәрігер емдеу керек. Өзіңіз дәрігердің тағайындаусыз ешқандай препараттар қабылдамаңыз.

Дәрігер сізге дәрілік препараттар тағайындау мүмкін. Сіз ол препараттарды үйде аптасына бірнеше рет қабылдайтын боласыз.

Кондиломалар хирургиялық әдіспен алыну мүмкін. Ол үшін бірнеше әдіс бар:

  • Криохирургия
  • Электрокаутеризация
  • Лазерлік терапия
  • Хирургиялық тілу

Егер сізде кондилома болса, онда сіздің барлық жыныстық парнтерларыңыз дәрігерден тексеріліп және ем алу керек болады. Симптомсыз өткен жағдайда да, сіз ем курсын алып алдағы асқынуларды және инфекцияның таралуын алдын-алуыңыз қажет болады.

Емдеу курсынан кейін сіз қайта тексерістен өтуіңіз керек болады.

Кондиломасы болған әйелдерге тұрақты түрде Папаниколау жағындысын тапсыру керек болады. Егер кондилома жатыр мойнында болса, онда бірінші ем курсынан кейін жағындыны әрбір 3-6 ай сайын тапсыру керек болады.

Жатыр мойнының ісікалды өзгерістері бар әйелдерге ары қарай ем қажет болады.

 

Ауру болжамы

Көптеген сексуальды активті жас әйелдер АПВ вирусын жұқтырып алады. Көптеген жағдайда бұл ауру симптомсыз өтеді.

Көптеген ерлерде АПВ ауруы симптомсыз өтеді. Алайда олар вирусты өзінің жыныстық парнтерына жұқтыру мүмкін.

Ем курсын бітіргеннен кейін де сіз басқаларды жұқтыра аласыз.

 

Асқынулар

Кейбір АПВ вирустары жатыр мойны мен вульваның ісіктеріне алып келеді. Жатыр мойнын қатерлі ісігінің негізгі себебінің бірі осы.

Үшкірбасты кондиломаны шақыратын АПВ ерлердегі жыныс мүшесінің немесе тік ішектің қатерлі ісігінің негізгі себебі емес.

Кондилома көптеген және үлкен болу мүмкін. Бұндай жағдайда ауқымды ем қажет болады.

 

Дәрігерге қашан қаралу керек?

Мынадай жағдайларда дәрігерге қаралыңыз:

  • Сіздің қазіргі немесе бұрынғы сексуальды партнерыңызда үшкірбасты кондилома бар
  • Сіздің жыныс мүшесінде көрінетін кондилома, қышыну, бөлінділер немесе аномальды қынаптық қан кету болса. Біліңіз, кондилома инфицирленген партнермен контакт болғаннан кейін бірнеше жылдар бойы симпмтодар болмау мүмкін.

21 жастан асқан әйелдерге тұрақты түрде Папаниколау жағындысын тапсыру керек.

 

Профилактика

Жыныстық қатынастан бас тарту АПВ алдын-алу үшін жалғыз ғана әдіс емес. Сіз жұқтыру қаупін түсіре аласыз, егер сізде бір ғана дені сау жыныстық парнтеріңіз болса.

Ерлерге және әйелдерге арналған мүшеқаптар сіздерді инфекциядан толығымен қорғамайды. Себебі вирус немесе кондилома басқа айналада жатқан тері аймақтарында орналасу мүмкін. Алайда, мүшеқаптар жұқтыру қаупін төмендетеді. Кондилома және симптомдар болмаған сәтте де АПВ вирусын жұқтырып алу қаупі бар. Жыныстық қатынасты қауіпсіздендіру арқылы АПВ вирусынан сақтана аласыз.

АПВ төрт түрінен қорғайтын 2 вакцина бар. Егу үш рет жасалады. Бұл вакцина 9-26 жас аралығындағы қыздар мен әйелдерге тағайындалады.

Бұл вакцинаның бір түрі ерлер мен балаларды генитальды және анальды кондиломалардан қорғайды. Егу үш рет жасалады. Бұл вакцина 9-26 жас аралығындағы балалар мен ерлерге жасалады.

АПВ қарсы вакцина сізге келе ма, оны дәрігерден кеңес алыңыз.

 

 

Аударған: Қартанбаев Бақберген Батырбекұлы

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.