.

Афтозды стоматит | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Афтозды стоматит

Афтозды стоматит деп ауыз қуысында ақ-қызыл түсті дөңгелек дақтардың пайда болуын атайды. Мөлшері 1-2 мм ден басталып 1 см ге дейін жетеді.Көбінесе афтозды жаралар тілде, ұрттың және еріннің ішкі бетінде,таңдайда пайда болады.Герпес вирустарынан айырмашылығы бұлар жұқпалы емес.

Афтозды стоматиттер әр түрлі жастағы әйел адамдар да көбірек кездеседі.Жараның пайда болуы толық белгілі емес, бірақ ауыз қуысына инфекцияның түсуі, стресс, тұқым қуалау және әйелдік гормондар әсерінен пайда болуы мүмкін. Жара қалыптыда 7-10 күн ішінде жазылады, егер жараның мөлшері 1 см ден үлкен болатын болса онда жазылуы 2-4 аптаға дейін ұзарауы мүмкін.

Емі. Афтозды стоматиттің арнайы емі жоқ,алайда үй жағдайында жағымсыз әсерді жою үшін ауыз қуысын ащы және ыстық тағамдардан сақтау керек.Ауырсынуды төмендету үшін ауыз қуысын антибактериальды ауыз шайғыштар мен немесе әлсіз тұзды сумен шаю керек. Кейде жергілікті ауырсыну басатын жақпа майлар қолданылады.

Афтозды стоматиттер көбірек қайталанатын болса,онда вирусқа қарсы препараттар және жергілікті кортикостероидтар қолданылады.

 

Аударған: Мелис Айбек

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.