.

Ақтаңдақ (Витилиго) | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Ақтаңдақ (Витилиго)

Ақтаңдақ (Витилиго) -  меланоциттердің жоғалуы немесе төмендеуіне байланысты, әсіресе теріге, шашқа, көздегі торлы қабатына байланысты ақ дақтардың пайда болуымен сипатталатын тері ауруы. Ауру кез келген жастан басталуы мүмкін, бірақ 70%  жағдайда 20 жасқа дейін байқалады. Ақтаңдақтың  пайда болу себептері мен механизмдері жайлы мәселе шешілмеген, сондықтан осы аурудың тиімді және толыққанды емдеу мәселесі шешілмей қалады.

Ақтаңдақ емі

Ультракүлгін сәулелерге, терінің сезімталдығын арттыратын өсімдік майынан жасалған препараттар қолданады. Ақтаңдақ ауруы бар науқастарда, шайқурай сығындыларын сырттай және ішке, күн сәулесімен немесе сынапты-кварц шамымен сәулелендірумен бірге қолданған кезде оң нәтижелер алынды. Ақтаңдақты емдеуде бірқатар дәрілік өсімдіктерді табыстықолдану туралы мәліметтер бар. Сонымен, науқастар шөптің шырынын (тұнбалары), түсізденген жеріне жағады, жапырақ шырыны мен інжірдің жасыл жемістерін, қызыл бұрышты, жаңадан жасалған шырын, қайнатпа немесе тұнба (1:1, 1:2) кіші балдыршөп, жаңа піскен құлпынай шырынын қолдану қажет.

Бұл препараттар әсер ету үшін, теріні ультрафиолетпен қатар сәулелендіру қажет. Ұзын толқынды ультракүлгін сәулеленумен (толқын ұзындығы 320-390 нм) ұштастыра отырып, дәрілік заттарды қабылдауең тиімді болып табылады, ПУВА-терапиясы немесе фотохимиотерапия (ФХТ) деп аталады. Оң әсерін сақтап қалу үшін, ықтималдығын азайтатын, қысқа кезеңімен көп циклді емдеуді қадағалау қажет.

Науқастардың толық емделуі, басқа ауруларды толықтай емдемесе, жазылуы мүмкін емес. Витилиго - бұл ішкі аурулардың тері жасушалары. Ақтаңдақ - бұл ішкі аурулардың тері жасушалары.Сонымен, ауруы бар науқастарда бауыр ауруларының таралуы жоғары болады. Осыған байланысты бауырдың және өт қабының жұмысын жақсартатын комплексті терапия препараттарын енгізу ұсынылады, эссенциале, холагогум.

Кейбір авторлар депигментацияны (түссіздік) гельминттер қоздырып, эндокриндік бездердің қалыпты қызметін бұзады және ағзадағы мыс тапшылығын тудырады деп болжайды. Мұндай жағдайларда жүргізілген дегельминтизация науқастарды емдеуге жақсы ықпал етті.

Ақтаңдақ бар науқастарда жиі кездесетін патологиялардың бірі - эндокринді аурулар болып табылады: қалқанша безі функциясының бұзылуы; асқазан-ішек жолындағы өзгерістер - асқазанның қышқылдық және пилорикалық функцияларының бұзылысы; жүрек-қан-тамыр жүйесі аурулары.
 
Аударған: Амантай Назерке
Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.