Альцгеймер ауруы (АА)
Мазмұны
Деменция – түрлі ауруларда пайда болатын мидың қызметін жоғалтуы. Ол есте сақтауға, ойлауға және мінез-құлыққа әсер етеді.
• Даму қаупі 60 жастан кейін артады – 5% жуығы АА зардап шегеді. АА аурушаңдығы әлем бойынша 2016 ж. 44 млн. адамды құраған.
• Дамыған елдерде (мысалы, Ұлыбритания) АА ерлердің арасында өлім-жітім себебі бойынша жүрек ауруларының алдына, бірінші орынға шыққан.
Себептері
АА нақты себебі белгісіз. Зерттеулер көрсеткендей, АА дамуына мидағы белгілі бір өзгерістер апарады.
АА дамуына келесі топтың адамдары бейім келеді:
· Жасы ұлғайған шақта. АА дамуы организмнің қалыпты қартаюына жатпайды.
· Туғандары, мысалы, бір туған бауырлары, немесе ата-анасы АА шалдыққан болса.
· АА байланысты белгілі бір гендері бар болса.
Келесі факторлар АА даму қаупін арттыруы мүмкін:
· Әйел жынысы
· Қандағы холестерин деңгейінің жоғары болуына байланысты жүрек пен тамырлардың аурулары.
· Бұрын бастың жарақатының болуы.
АА 2 түрі бар:
· АА ерте басталуы. Аурудың симптомдары 60 жасқа дейін көрініс береді. Аурудың бұл түрі сирек кездеседі, тез ушығады. АА ерте басталуы тұқым қуалайтын ауруларға жатады. Аурудың дамуына жауапты белгілі бір гендер анықталған.
· АА кеш басталуы. Бұл аурудың жиі кездесетін түрі. Симптомдары 60 жастан асқан адамдарда басталады. Кейде тұқым қуалау бейімділігі болуы мүмкін, бірақ, аурудың дамуындағы гендердің ролі аз.
Симптомдары
АА симптомдарына ақыл-ой қызметіндегі келесідей қиындықтар жатады:
· Көңіл-күй мінез құлығы, тұлғаның өзін тануы
· тіл
· есте сақтау
· қоршаған ортаны қабылдау, сезіну
· ойлау, топшылау (танымдық машықтар)
басында АА ұмытшақтық секілді көрінеді.
жеңіл танымдық бұзылыстар (ЖТБ) - қалыпты жасқа байланысты ұмытшақтық пен АА дамуы арасындағы аралық саты. ЖТБ басталған адамдарда ойлауда және есте сақтауда аздаған мәселелер болады. олар көбінесе, өзінің ұмытшақтығын біледі. ЖТБ бәрінде АА дами бермейді.
ЖТБ симптомдары:
· бірнеше міндетті қатар орындауда қиындықтар
· мәселені шешудегі қиындықтар
· жақындағы оқиғалар мен әңгімені ұмыту
· күрделі әрекетті орындауда ұзақ уақыт кетіру
АА ерте симптомдары:
· банк есептері, күрделі ойын, жаңа ақпаратты түсіну секілді ойлау мәселелерін шешудегі қиындықтар
· таныс маршрутты ұмыту
· тіл мәселелері, мысалы, есімдерді немесе таныс жерлерді
· бұрын қызығушылық танытатын заттарға селқостық, көңіл-күйдің болмауы
· заттарды басқа жерлерге қою
· тұлғалық өзгерістер және әлеуметтік дағдыларды жоғалту
АА ушыққан сайын симптомдары айқындалады және өзіне қамқорлық жасау қабілетіне әсер етеді. Аурудың симптомдарына жатады:
· ұйқы тәртібінің өзгеруі, түнде жиі ояну
· сандырақ, депрессия және үрйлену
· негізгі міндеттерді орындаудағы қиындық, мысалы, ас әзірлеу, киімді дұрыс таңдау, автокөлік жүргізу
· оқу-жазудағы қиындық
· жақындағы оқиғалардың деректерін ұмыту
· өмірден оқиғаларды ұмыту және өзін-өзі танымау
· Галлюцинациялар (елестеу), пікірталасу, таласу, агрессиялық мінез-құлық
· Байсалдылықтың болмауы, қауіпті тану қабілетін жоғалту
· Сөздерді дұрыс таңдай алмау, сөздерді дұрыс айтпау, сөйлемдерді шатастырып айту
· Әлеуметтік қатынастан оқшаулану.
АА шалдыққан адамдарда кездеседі:
· Отбасының мүшелерін танымау
· Күнделікті негізгі міндеттерді орындау, мысалы, өздігінше тамақ ішу, киіну, жуыну
· Сөзді түсіну
АА кезінде кездесетін басқа симптомдар:
· несеп және нәжіс шығаруды бақылаудағы мәселелер
· Жұтудағы мәселелер.
Диагностика
Тәжірибелі дәрігер АА келесі іс-шараларды өткізу арқылы анықтайды:
· Дәрігерлік толық тексеру, оның ішінде, неврологиялық
· Науқастан оның ауруының тарихы және симптомдары туралы сұрау арқылы
· Функционалдық психологиялық тестілерді өткізу арқылы (психологиялық статус)
АА диагнозы кейбір симптомдардың болуы және деменцияның басқа себептерінің болмауының негізінде қойылады.
Әдетте, тексерулер деменцияның келесі мүмкін себептерін ескеру үшін өткізіледі:
· Анемия
· Мидың ісігі
· Созылмалы инфекциялар
· Дәрілік препараттармен уыттану
· ауыр депрессия
· мида сұйықтықтың артық мөлшерінің жиналуы (Гидроцефалия, ликвордың қалыпты қысымымен )
· Инсульт
· Қалқанша бездің аурулары
· Дәрумендер тапшылығы.
Деменцияның мидың ісігі мен инсульт секілді себептерін анықтау үшін мидың КТ немесе МРТ, кейбір жағдайда АА ескеру үшін ПЭТ тағайындалады.
АА анықтаудың жалғыз сенімді тәсілі – өлімнен кейін ми тінінің үлгісін зерттеу.
Емдеу
АА емделіп жазылмайды. Жағдайды қолдау үшін емдеудің міндеті:
· Аурудың ушығуын бәсеңдету (бұл аса күрделі мәселе)
· Мінез-құлықтың мәселесі, естің қалыпты болмауы, ұйқыдағы мәселелер секілді симптомдарды реттеу
· Күнделікті қызметті жеңілдету мақсатында қоршаған ортаны өзгерту
· Отбасы мүшелерінің қолдауы.
Дәрілік препараттар қолданылады:
· Симптомдардың ушығу жылдамдығын бәсеңдету, бірақ, мұндай препараттарды қолданудан пайда аз.
· Сыни ойлану, өзін танудың бұзылуы секілді мінез-құлық бұзылыстарын бақылау.
Дәрі-дәрмекті қабылдау алдында дәрігерге келесі сұрақтарды қою қажет:
· Препараттың жанама әсері қандай? Препаратты қабылдап, тәуекел ету қажет пе?
· Препаратты қабылдауды бастау үшін қай уақыт жарамды?
· Денсаулықтың басқа мәселелеріне қатысты препараттарды қабылдауды тоқтату немесе уақытша тоқтату қажет пе?
Аурудың ушығуына қарай АА шалдыққан кейбір адамдарға үй ішінде жәрдем қажет болуы мүмкін. Отбасының мүшелері және күтім жасайтын адамдар науқасқа есті жоғалтуында, мінез-құлықтық мәселелерінде, және ұйқыдағы мәселелерде көмектесуіне болады. үйдегі орта АА шалдыққан адамдар үшін қауіпсіз екендігіне сенімді болу маңызды.
Қолдау топтары
АА ауруының болуы немесе АА шалдыққан жақын адамға күтім көрсету өте қиын болуы мүмкін. Бұл күйзелісті АА бойынша қолдау тобының көмегімен жеңілдетуге болады, олар АҚШ және еуропалық елдерде кең таралған. Мұндай топтарға қатыса отырып, өз мәселесін ортаға салу арқылы науқас немесе оны күтетін адам өздерін жалғыз сезінбеуіне жәрдем алады.
Болжамы
Аурудың ушығу жылдамдығы әр түрлі. АА тез дамыса, аурудың ушығуы да тез болады.
АА шалдыққан адамдар өмірден ерте кетеді, әдетте, диагноз қойылғаннан кейін 3-20 жыл ішінде.
Отбасылар жақын адамға болашақ күтімді жоспарлауы тиіс.
Аурудың ақтық сатысы бірнеше айдан бірнеше жылға дейін созылуы мүмкін.
Бұл кезде адам толығымен еңбекке қабілетсіз болады. өлім әдетте, инфекциядан немесе көп ағзалық жеткіліксіздіктен болады.
Қашан дәрігерге көріну қажет
Келесі жағдайларда дәрігерге көріну қажет:
· АА симптомдары ушығады немесе психологиялық жағдайда күрт өзгеру пайда болады.
· АА шалдыққан науқастың жағдай ушыққан
· АА шалдыққан науқасқа үйде күтім жасай алмайсыз
Алдын алу
АА алдын алудың дәлелді тәсілі болмаса да, аурудың алдын алуға немесе бәсеңдетуге кейбір шаралар көмектесе алады:
· Майдың мөлшері шектеулі емдәм және Омега-3 май қышқылдарына бай тағамды тұтыну
· Дене белсенділігін ұстанатын өмір салты
· Ақыл-ойды және әлеуметтік белсенді статусты қолдау
· Бассүйек-ми жарақатының алдын алу мақсатында қауіпті іс-шаралар кезінде басқа арнайы қорғаныс бас киімін (шлем) кию.
Ғылымда Альцгеймер ауруы туралы не белгілі?
Ғылыми зерттеулер нейрофизиология және сапалы ұзақ ғұмыр туралы мәселелерге байланысты.
АҚШ және басқа елдердегі ірі академиялық орталықтар Альцгеймер ауруының даму себебін анықтаумен айналысуда. АҚШ жыл сайын 2 млрд доллардан артық қаржыны миды зерттеу бағдарламасына жұмсайды, оның нәтижесінде Альцгеймер ауруынан және жүйке жүйесінің басқа кері бұзылыстарынан дәрі-дәрмек жасалуы тиіс.
Ауруға қатысты бірнеше фактор белгілі:
• Ақуыздардың бұзылысы (амилоид және тау-протеин)
• Генетикалық факторлар
• Жүйке тіндеріндегі энергетикалық үрдістердің бұзылыстары
• Жүйке тіндеріндегі қабыну үрдістері
• Қантамырлық бұзылыстар
Альцгеймер ауруының көп факторлығына байланысты оны емдеу кешенді болады – дәрілердің бірігуімен.
Альцгеймер ауруына қарсы дәрі әзірлеу Қоры (АҚШ) амилоидтың жиналуына бағытталған дәрілерді клиникалық сынауды қаржыландырады, аурудың басқа да көріністерін зерттейді, қабыну және жүйке тінінің энергетикалық метаболизмі секілді.
Қазіргі кезде келесі дәрілердің клиникалық сынағы өткізілуде:
Aricept®
Exelon®
Razadyne®
Namenda®
Namzaric®
BACE1®
Ақпарат көзі: https://medlineplus.gov/ency/article/000760.htm