Алдыңғы айқыш (крест тәрізді) байламының жарақаты
Алдыңғы айқыш (крест тәрізді) байламының жарақаты – ортаңғы жілікті асықты жілікпен байланыстыратын байламның жарақаты болып табылады. Алдыңғы айқыш байламының жарақаты уақыт өте келе бүгілуден және тізенің әлсіздігінен пайда болуы мүмкін.
Алдыңғы айқыш байламының жарақаты кезінде байламның жартылай немесе толық жыртылуы мүмкін, яғни бөліну – ортаңғы жіліктің асықты жіліктен бөлінуі және бөлінумен бірге жүретін сынық – сүйектің басқа сүйектерден бөлінуімен қатар байламның жыртылуы. Жарақат кезінде тек байлам ғана емес, сонымен қатар мениск (тізенің тағы бір байламы) және сүйектің шеттерін жабатын шеміршетерде зақымдалуы мүмкін.
Алдыңғы айқыш байламының жарақаты тіземен өте қатты бүгілу, жазылу немесе айналмалы қимылдар жасағанда пайда болады. Бұл жарақат жылдам дене қалпын өзгеркеннен пайда болады, көбінесе старт-стоп қимылдарын талап ететін спорт түрлерінде кездеседі. Алдыңғы айқыш байламының жарақаты спортпен шұғылдану кезінде немесе қайғылы жағдай кезінде болуы мүмкін.
Алдыңғы айқыш байламының жарақатының симптомдарына: тізенің сырқырлауын сезу немесе даусын естуі, ауырсыну, үзіліп кететіндей сезім.
Алдыңғы айқыш байламының жарақаты созылмалы алдыңғы айқыш байламының жеткіліксіздігінен пайда болуы да мүмкін, яғни тізенің әлсіздігі мен сүйектердің қимылдап кетуі одан самай күшейеді. Бұндай ақау асқынуның нәтижесінде ерте пайда болатын остеоартритке әкелуі мүмкін.
Алдыңғы айқыш байламының жарақатының емнің нәтижесі тізе жарақатының дәрежесіне және организмнің белсенділігіне байланысты болады. Емге физикалық реабилитация немесе операция және реабилитация жатады.
Аударған: Бердібек Ағабек