.

​​​​​​​Аллергия және демікпе | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

​​​​​​​Аллергия және демікпе

Аллергия дегеніміз не ?

  • ағзамыздың қорғанышы иммундық жүйенің түрлі факторларға мысалы:өсімдік тозаңдарына,киім маталарына,жануарлардың терісі мен сілекейіне қайтаратын жауабынан туады. Аллергиямен зардап шегетін адамдардың иммундық жүйесі жоғарыдағы факторларды аллергендер деп қабылдайды,себеі осылардың әсер етуі нәтижесінде ағзаның қалыпты қызметі бұзылады. 

Қандай аллергия демікпені шақырады?

Демікпесі бар адамдардың көбісі тыныс алғанда әсер ететін аллергендерден зардап шегеді.Оларға жатады:

  • · Жануарлардан шығатын бөлінділер(cілекей,тер)
  • · Шаң-тозандар
  • · Таракандардың дене бөліктері
  • · Саңырауқұлақтар

Дәрігерлер демікпесі бар адамдарға қандай заттарға аллергиясы бар екендігін анықтап біліп журуіне кеңес береді. 

Тағамдық аллергия.Тағамдық аллергия демікпені сирек шақырады,бірақ көптеген азық-түліктер аллергия симптоматикасын шақырады,олар:

  • · Жұмыртқа
  • · Сүт 
  • · Жаңғақ
  • · Соя
  • · Бидай
  • · Балық 
  • · Асшаяндар 

Консервіленген өнімдерде демікпені шақыруы мүмкін.Азық түлікті өңдеу мен дайындауда қолданылатын өнімдер натрий гидросульфаты,калий пиросульфаты,натрий пиросульфаты,натрий сульфаты сияқты қоспалар аллергияны тудыруы мүмкін,олар мына заттардың құрамында :

  • · Кептірілген жемістер мен көкеністер 
  • · Картоп (жартылай қапталған фабрикат)
  • · Шарап пен сыра 
  • · Бөтелкедегі лимон шырыны
  • · Асшаяндар
  • · Маринадталған өнімдер 

Көп адамдарда тағамдық аллергия жүректің айнуы,іштің өтуі және құсу белгілерімен көрініс береді.Егер науқаста тағамдық аллергия мен жүретін демікпесі болса онда осы симптомдар ентігумен жүреді,егер осыны дер кезінде емдемесе тамақтың ісінуі жүріп, ауа жүретін жолды бөгеп тастайды.Егер сіз қандай да бір азық-түлік арқылы шақырылатын демікпеге күдіктенсеңіз онда дәрігерге міндетті түрде жолығып,қай тағамға екенін анықтау үшін аллергиялық сынама жасау керек .

 

Егер аллергия болса не істеу керек? Аллергия тудыратын заттар мен қатынаста болмауға тырысу керек,одан кейін ең көп таралатын аллергия тудырушы заттардан қалай қатынаста болу керек екенін жайлы кеңес беріледі. 

Шаңның бөліктеріне аллергия болса 

  • · Жастықты және серіппелі матрассты аллергендер өткізбейтін қаптамамен қаптау керек 
  • · Аптасына 1 рет барлық төсек орын тысын жуып тұру керек 
  • · Еденге негізі кілемді салмаған дұрыс,салғаннан кейін аллерген өткізбейтін қабы бар шаңсорғышпен күнделікті тазалап ,тазалау кезінде маска кию керек.Егер балаңызда демікпе болса,онда бала бөлмеде болғанда істемеген дұрыс. Кілемнен шаң бөлшектерін шығаратын құралдарды сатып алуға болады.
  • · Барынша бөлме ашық болып перде болмағаны дұрыс.Егер болатын болса онда әр 2-4 апта ыстық сумен жуу керек. 
  • · Жиі кітап сөрелерін,шкафтарды,жәшіктерді барлық бөлмені дымқыл шүберекпен сүртіп тұру керек.
  • · Барлық заттар өз орнында тұрғаны абзал,кітаптар мен киімдер өз орнында жабық сөрелерде болу керек.
  • · Жұмсақ ойыншықтар жуылатын болу керек 
  • · Жастықтар мен төсек-орын бұйымдарының құрамында қауырсындар болмауы керек.
  • · Бөлмеде төмен ылғалдылықта сатағаны дұрыс 
  • · Жылытқыштар мен кондицанерлердің сүзгілерін ауыстырып тұру керек

Зең заңырауқұлақтарына және көгеруге аллергия

  • · Ылғал,дымқыл бөлмені жиі желдетіп,бөлменің ылғалдылығын 25% және 50% деңгейінде ұстап тұру үшін ауа кептіргішті қолдану керек.
  • · Мүмкіндігінше кондиционерлерді пайдалану керек.
  • · Зең саңырауқұлақтарына қасрсы заттарды қолдану арқылы жуынатын бөлмені үнемі тазалап тұру керек,осы бөлмедегі буды шығару үшін арнайы желдеткішті қолданған дұрыс.жуынатын бөлмеде кілем төсеуге болмайды.
  • · Жатын бөлмеде өсімдіктер өсіруге болмайды
  • · Бөлмеде әктеу жұмыстарын жүргізген кезде әктің құрамына көгеруді тежейтін заттарды қоладанған дұрыс. 
  • · Бөлмеге барынша көгеру тыдыратын заттарды алып келмеуге тырысыңыз оларға мысалы:бақшадан келген өсімдіктер және түрлі жапырақтар жатады. 

Жәндіктерге аллергия болса

Көптеген пәтерлерде таракандар және басқа да жәндіктер кездеседі. Демікпемен ауратын кейбір адамдарда осыларға аллергиясы болады,сондықтан үй жағдайында бұларды бақылау үшін:

  • · Таркандарға арналған тұзақтарды қолдану
  • · Сондай-ақ үйде ешкім болмаған кезде жәндіктерге қарсы ауаға шашатын заттарды қолданамыз.Ауаға шашып болғаннан кейін бөлменін толық желдетілгенін қадағалау керек.

Гүл тозаңына аллергия болса.

Гүл тозаңымен қатынаста болмау мүмкін емес себебі ол табиғатта өте көп,дегенмен адмаға деген әсерін азайтуға болады:

  • · Таңғы уақытта таза ауада жүруді шектеу себебі осы кезде тозаңдардың ауадағы деңгейі жоғарлайды.
  • · Тозаңдардың ауадағы деңгейі жоғарлаған уақытта терезелерді ашпау керек. 
  • · Мүмкіндігінше кондиционерлерді пайдалану керек.

Жануарлар және олардан шығатын бөлінділерге аллергия болса

  • · Егер жануарға аллергия болса онда үйде жануар ұстамаған дұрыс
  • · Үйінде үй жануары бар достарыңыздың үйіне барған кезде,демікпеге қарсы дәріні қолданып және жануармен мүмкіндігінше аз қатынаста болу керек. 
  • · Егер үй жануарын асырау қажет болса онда осы жануардың арнайы жүретін шекарасын қалыптастырып оны жатын бөлмеге және балаға жақындатпау керек,мүмкін болса сыртта ұстаған дұрыс.
  • · Апта сайын үй жануарын жуындыру керек
  • · Үйдегі едендерге кілем төселмегені дұрыс себебі жануарлардың бөлінділері осы кілемнің арасына жиналып қалуы мүмкін. 

Тағамдық аллергендерден құтылу мүмкін емес,сондықтан әр затты қолданар алдында құрамындағы заттарды оқып қарап,және қалай жасалғанын білген дұрыс.

Мүмкіндігінше аллергияға қарсы екпелерді алу керек,себебі осы екпелер иммундық жүйенің аллергенге жедел жауап қайтаруынан алдын алады.Дәрігерлер осы екпелерді ретпен жүргізеді,епенің құрамында аллергия тудыратын заттар болады.Осы аллергия тудыратын заттарға ағзаның иммундық жүйесі үйреніп жауап қайтаруын төмендетеді.Науқас өзінің аллергиясына осындай екпе келеме екенін жергілікті дәрігерінен сұрап білуіне болады. 

Аударған: Мелис Айбек

 
Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.