.

Анатомиялық қуыстардың жабық синдромы | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Анатомиялық қуыстардың жабық синдромы

Анатомиялық қуыстардың жабық синдромы - бұл анатомиялық қуыста бұлшықеттердің, нервтердің, қан тамырлардың және сүйектердің кеңеюі мүмкін емес жағдайда, жабық кеңістікте (анатомиялық қуыста) ісіктің даму кезіндегі ауыр жағдай. Ісіктің қан тамырларға және нервке түсетін қысым әсерінен қатты ауырсыну сезімін шақырып, бұлшықеттер мен нервтердегі қанайналымды баяулатып, сол тіндердің қайтымсыз бұзылысына әкелуі мүмкін.

Анатомиялық қуыстардың жабық синдромын шақырушы ісік – қанайналымдың төмендеуі, жарақат, қанағу, сұйықтық жиналу және тағы да басқа себептерге байланысты пайда болуы мүмкін. Анатомиялық қуыстардың жабық синдромы – бұл медициналық өте ауыр жағдай. Қайтымсыз дисфункцияны және тіндердің өлімін тоқтату үшін, ол шұғыл емді талап етеді.

Кейде физикалық жүктемемен белсенді айналысатын адамдарда, созылмалы анатомиялық қуыстардың жабық синдромы дамуы мүмкін. Созылмалы анатомиялық қуыстардың жабық синдромы кезінде күтпегеннен аз, ауырлығы аз және көп жағдайда дем алғаннан соң басылуы.

Аударған: Бердібек Ағабек

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.