Аноректалдық қатерлі ісік
Мазмұны
Аноректалдық қатерлі ісік – қатерлі ісіктердің сирек түрі. Айналшық (анус) – ас қорыту жолдарының төменгі ұшындағы саңылау, ол арқылы организмнен нәжіс сыртқа шығарылады. Ол тік ішектің ұшында терінің сыртқы қабатымен қалыптасқан. Аноректалдық қатерлі ісік – айналшықтың тіндерінде қатерлі ісік жасушалары пайда болатын ауру.
Симптомдары
Симптомдарына айналшық саңылауы аумағындағы қан кетуі, ауырсыну немесе ісінулердің пайда болуы жатады. Айналшықтың қышуы және бөлінділер де анаоректалдық қатерлі ісіктің симптомдары болуы мүмкін.
Емдеу
Емдеу әдістеріне сәулемен емдеу, химиялық емдеу және хирургиялық араласу жатады. Емдеу әдісі ісіктің таралуына, түріне, өлшеміне және орналасуына байланысты анықталады.
Ақпарат көзі: АҚШ Ұлттық денсаулық институттарының мәліметтер қоры: http://www.nlm.nih.gov/medlineplus/ency/article/001010.htm
Аудармашы: Ирина Гончарова, HealthСity жобасының дербес үйлестірушісі
Редакциялық алқа:
Алмаз Шарман, медицина профессоры
Ләзат Ақтаева, м.ғ.д.
Сәлім Смайылов, б.ғ.к.