.

Аритмия | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Аритмия

Мазмұны

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Болжамы

Қашан дәрігерге көріну қажет

Алдын алу

 

Аритмия дегеніміз – жүрек ырғағының бұзылуы  немесе жүрек соғуы жиілігінің (пульстің) бұзылуы. Жүрек тым тез (тахикардия), тым баяу (брадикардия) немесе ұдайы емес соғуы мүмкін.

 

 

Себептері

Қалыпты жағдайда жүрек өкпеге және дененің басқа бөліктеріне қан келуіне ықпал ететін насос тәрізді жұмыс істейді.

Бұл механизмді іске қосу үшін жүректе оның дұрыс ырғақпен жиырылуы үшін жауапты өткізуші жүйе бар.

 

 

·         Жүрекке жиырылу қажеттігіне белгі беретін электр импульсі синоатриалдық түйінде туындайды (синустық түйін немесе СА түйіні). Ол жүректің табиғи кардио-ынталандырғышы.

·         Импульс синустық түйіннен шығады және көптеген өткізуші жолдардың бойымен жүрекке тарайды.

·         Түрлі нерв импульстерінің әсер етуімен жүрек баяу немесе тезірек жиырылады. 

 

 

Аритмия жүректің өткізу жүйесінде мәселелер болса, пайда болады.

·         Ақаулы (қосымша) сигналдар болуы мүмкін.

·         Электр  импульстері бәсеңдеуі немесе тежелуі мүмкін.

·         Электр  импульстері жүректің жаңа немесе түрлі өткізуші жолдары бойымен таралуы мүмкін.

Жүрек ырғағының бұзылуының жиі себептері:

·         Организмдегі калий мен басқа заттектердің ақаулы деңгейі

·         Бұрын  жүрек талмасыhttps://cdncache1-a.akamaihd.net/items/it/img/arrow-10x10.pngнемесе жүрек бұлшық етінің зақымдануы  

·         Жүректің туа біткен аурулары

·         Жүрек жеткіліксіздігі және жүректің ұлғаюы

·         Қалқанша бездің гиперфункциясы.

Аритмия кейбір заттектер мен дәрілік препараттарды қабылдаудан туындауы мүмкін, мысалы:

 

·         Алкоголь, кофеин немесе басқа ынталандырғыштар

·         Артериалдық қысымның деңгейін бақылауға арналған дәрілік препараттар

·         Темекі шегу (никотин)

·         Жүйке жүйесінің белсенділігін басатын препараттар

·         Депрессияны немесе психозды бақылауға арналған дәрілік препараттар.

 

Кейде аритмияның бір түрін емдеуде қолданылатын препараттар аритмияның басқа түрін туындатуы мүмкін.

Жүрек ырғағының жиі кездесетін бұзылыстары:

 

·         Жүрекшелердің фибрилляциясы және дірілдеуі

·         Атриовентрикулярлық түйіндік реципрокты тахикардия (АВУРТ)

·         Атриовентрикулярлық тежелу

·         Мультифокалдық жүрекшелік тахикардия

·         Пароксизмалдық суправентрикулярлық тахикардия

·         Синустық түйіннің әлсіздігі

·         қарыншалардың фибрилляциясы  немесе қарыншалық тахикардия

·         Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы

 

Симптомдары

Аритмия кезінде жүрек ырғағы болуы мүмкін:

·         Өте баяу (брадикардия)

·         Өте тез (тахикардия)

·         Ұдайы емес, біркелкі емес, немесе үзікті

Аритмия тұрақты немесе кезеңді болуы мүмкін. Аритмия кезінде әрдайым симптомдар бола бермейді. Сондай-ақ, симптомдар дене белсенділігі кезінде айқынырақ болуы мүмкін.

Симптомдары жеңіл, ауыр, немесе өмірге қатерлі болуы мүмкін.

Аритмияның жиі симптомдары:

·         Кеудедегі ауырсыну

·         Естен тану

·         Бас айналуы

·         Солғын тарту

·         Ентігу

·         тершеңдік

 

Диагностика

Дәрігер стетоскоппен жүректі тыңдайды, пульсті тексереді.

Артериалдық қысымның деңгейі төмен немесе қалыпты болуы мүмкін.

Жүрек ырғағының бұзылысын анықтау үшін жүректі қадағалау жиі қолданылады, мысалы:

 

·         Холтер қадағалауы (24 сағат ішінде қолданылады)

·         ЭКГ оқиғаларын тіркеу немесе орнатылатын тұзақты ЭКГ тіркеуші (2 және одан артық апта бойы қолданылады)

Жүректің ауруларын анықтау үшін қолданылатын тексеру әдістері:

·         Коронароангиорафия

·         ЭКГ (электрокардиография)

·         Эхокардиография

Жүректің өткізуші жүйесін мұқият зерттеу үшін арнайы тексеру өткізіледі

-электрофизиологиялық (ЭФИ).

 

Емдеу

Жүрек ырғағының күрделі бұзылыстарында қалыпты ырғақты қалпына келтіру үшін шұғыл емдеу қажет болады. Бұл емдеу әдістері:

·         Электрлік "шокты" терапия (дефибрилляция немесе кардиоверсия)

·         Уақытша кардио-ынталандырғышты орнату

·         Көк тамыр ішілік немесе ішілетін дәрі-дәрмек.

Кейде аритмияның пайда болуының алдына алатын үздік әдіс – стенокардия мен жүрек жеткіліксіздігін тиісті емдеу болады.

Аритмияға қарсы дәрі-дәрмектер келесі жағдайларда қолданылуы мүмкін:

·         Аритмияның қайта пайда болуының алдын алу үшін

·         Жүрек ырғағының қалыпты жиілігін қолдау үшін

Бұл дәрілердің кейбірінің жанама әсері болуы мүмкін. Оларды дәрігердің нұсқауларын дәл орындау арқылы қабылдау қажет. Дәрігермен кеңескеннен кейін ғана дәріні қабылдауды тоқтатуға болады.

Жүрек ырғағының бұзылуының алдын алуға және емдеуге бағытталған емдеу әдістері:  

·         Жүректің абляциясы, аритмияны туындатуға қабілетті жүректің белгілі бір бөліктерін бұзу үшін қолданылады.

·         кардиовертер – дефибрилляторды орнату кенеттен өлім-жітім қаупі жоғары адамдарға  

·         Кардиоынталандырғыш (ырғақты жүргізуші) – пульстің ұдайы болмауын, тым тез немесе баяу болуын анықтайтын құрал. Ол жүрекке сигнал береді және қалыпты ырғақты қалпына келтіруге ықпал етеді.

 

 

Болжамы

Болжамы бірнеше факторға тәуелді:

·         Аритмияның түріне. (Жүрек ырғағының кейбір бұзылыстары өмір үшін қауіпті немесе емдеуге нашар көнеді)

·          ишемиялық жүрек ауруы,  жүрек жеткіліксіздігі  немесе жүректің қақпақшаларының ақаулары.

 

Қашан дәрігерге көріну қажет

Келесі жағдайларда дәрігерге көріну қажет:

·         Аритмия симптомдары пайда болса.

·         Бұрын аритмия анықталған, симптомдар ушығуын немесе дәрімен емдеуден жақсару болмауын байқасаңыз.

 

Алдын алу

Уақытылы  жүректің ишемиялық ауруының алдын алу  аритмияның пайда болу қаупін азайтады.

 

Синонимдары: 

Жүрек ырғағының бұзылуы; Брадикардия; Тахикардия.

 

Ақпарт көзі: https://www.nlm.nih.gov/medlineplus/ency/article/001101.htm

 

 
Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.