Артериялық гипотензия
Артериялық гипотензия деп – қан қысымының қалыптыдан төмендеуін айтады. Қалыптыда ересектерде қан қысымының төменгі шегі 105/65 мм.сын.бағ, ал балаларда 85/60 мм.сын.бағ болу керек. Кейбір адамдар төмен қан қысымына бейім туылады сол себептен олар қан қысымы төмен болғанына қармастан өздерін жақсы сезінеді. Олар үшін төменгі қан қысымы норма болып табылады. Гипотония көбінесе 30-40 жастағы әйел адамдарда немесе оданда жас 19-30 жас аралығында қыздарда кездеседі.Әйелдер де негізінен еркектерге қарағанда қан қысымы қалыпты да төмен болып келеді,ал жағымсыз ауа-райы немесе гормональды өзгерістер кезінде тіптен төмендеуі мүмкін. Гипотензия симптомдары Қан қысымы төмендеген кезде адамда әлсіздік,ұйқышылдық,бастың айналуы,ауыр жағдайда науқастың талып қалуы және аз ғана физиқалық жаттығу кезінде жүрегінің қатты соғуы байқалады.Гипотонияның ең жағымсыз симптомдарының бірі-ортостатикалық гипотония болып табылады.Бұл симптом кезінде адам отырған немесе жатқан жерінен атып тұрған уақытта басының айналуы,көзінің қарауылтуы тіпті кейде науқас есінен танып қалуы да мүмкін.
Гипотензияның түрлері Ағымына байланысты.
- Жедел гиотензия. Қан қысымының бірден тез арада төмендеп кетуі.
- Соызылмалы гипотензия. Қан қысымының ұзақ уақытқа созылып төмендеуі.
Пайда болу себебіне байланысты.
- Біріншілік гипотензия. Қан қысымын түсуі басқа ауруларға байланысты емес.
- Екіншілік гипотензия.Қан қысымының түсуі басқа ауралардың нәтижсінде дамиды.
- Жедел симптоматикалық гипотензия-қан қысымның бірден төмендеп кетуі,бұл кезде күттірмейтін медициналық көмек көрсетіледі.Себебі осындай гипотензия жедел миокард инфарктісінде,өкпе артерияларының тромбоэмболиясында,ауыр аритмияларда,қан кетуде және жүректің түрлі болкадасында кездеседі. Егер қан қысымының төмендеуі байқалатын болса онда тез арада жедел-жәрдемді шақырған абзал.
- Соызмалы біріншілік гипотензия – тамырдың тонусының бұзылыстарына (вегето-тамырлық дистония) байланысты көбінесе жастарда кездеседі.Қан тамырлар жүйкелік және эндокриндік бұзылыстарға байланысты кеңейеді сосын қан ағу жылдамдығы төмендейді.Осыдан кейін мүшелерге қоректік заттардың тасымалдануы нашарлайды, алдымен ми зақымдалады да соған байланысты әлсіздік, ұйқышылдық, ақыл-есінің төмендеу белгілері пайда болады.Сонымен қатар созылмалы қан қысымының төмендеуіне стресстік жағдайлар, ауыр депрессиялар да өз әсерін тигізеді.Бұл жағдайда психотерапевттің көмегін қажет етеді.
Соызылмалы қан қысымының төмендеуі эндокриндік аурулар (гипотериоз,бүйрек үсті безінің жеткілісіздігі) кезінде және жүректің жиырылу қызметі нашарлағанда (симптоматикалық гипотензия) дамиды. Адам климаттық деңгейін өзгеріткенде адаптация уақытында немесе ауа-райын жағымсыз сезінгенде қан қысымы төмендейді. Мысалы орта аймақтарда тұратын адам таулы аймаққа барғанда немесе керісінше тропикалық жерге барғанда қан қысымының төмендеуі байқаулы мүмкін. Тағы да көптеген факторлар қан қысымының төмендеуіне әсер етеді, мысалы: жоғары ылғалдылық, электромагниттік өрістердің әсері,радиация және т.б. Кейбір аллергиялық реакциялардың көрінстері де гипотония болуы мүмкін. Басқа да тамырлық аурулар, мысалы гипертониялық ауру мен салытырғанда гипотения зиянсыз ауру болып көрінед.Дегенмен гипотонияның әсерінен басқа жүйелерде ауыр асқынулар болуы мүмкін.Сондықтан емін кардиолог-дәрігермен бастауымен сауатты әрі сапалы жүргізу керек.
Гипотензияның емі
- Себепші ауруды емдеу
- Күн тәртібін қалыптастыру (демалыс және жұмыс уақытын бір деңгейге әкелу)
- Күніне 4-6 рет толық және тойымды тамақтану
- Адаптогендерді қолдану (женьшень, элеутерококк, пантокрин және т.б)
- Емдік жаттығулар жасау
- Инемен емдеу (иглорефлексотерапия)
- Массаж жасату
- фитотерапия, ароматерапия, иглорефлексотерапия, психотерапия, витаминотерапия.
Аударған: Мелис Айбек