.

Астма (Демікпе) | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Астма (Демікпе)

Астма (демікпе) - бронхиолдардың немесе өкпенің ауа жолдарының дерттік жағдайы, осы ауа жолдарының тарылуымен сипатталады. Бұл созылмалы ауру; демікпе адамдарда өмір бойы қосарланумен өтуі мүмкін.

Демікпенің үш түрі бар:

1. тыныс алу жолдарының бітелуі. Қалыпты тыныс алуда тыныс алу жолдарының маңайындағы бұлшық ет сақиналары босаңсыған түрде болады және ауа еркін өтеді. Алайда, демікпесі бар адамдарда аллергия туындататын заттектер, қоршаған ортаның тітіркендіргіштері  алу жолдарының маңайындағы бұлшық ет сақиналарының қысылуына апарады және ауа олардан еркін өте алмайды. Ауаның жеткілікті  түспеуі адамда ауаның жетіспеуін туындатады, ал тарылған тыныс алу жолдары арқылы өтетін ауа ысқыратындай дыбыс шығарады, бұл ысқыратын тыныс алу ретінде белгілі.

2. Қабыну. Демікпесі бар адамдарда бронхиолдар ісінген, қызыл түсті болады. демікпенің  болашақта өкпеде қандай дертті өзгерістерін туындатуы мүмкіндігінде осы қабыну  едәуір роль атқарады. Сондықтан, осы қабынуды емдеу демікпесі бар адамдарда болашақ үшін өзекті саналады. 

3.Тыныс алу жолдарының тітіркенгіштігі. Демікпеге шалдыққан адамдарда тыныс алу жолдары аса сезімтал келеді. олар әдетте, тозаң, жануарлардың тіршілігінің өнімдері, шаң және түтін секілді түрлі жеңіл тітіркендіргіштерге де аса жіті серпін беріп, тарылады.

Демікпе кімде дамиды?

Демікпе кез келген жаста дамиды, бірақ, жастарда кең таралған (40 жасқа дейін). 
отбасында демікпе болған адамдар оған бейім келеді. және көбінесе, аллергиясы бар және темекі шегетін адамдарда жиі кездеседі. Жалпы демікпе кез келген адамда, кез келген уақытта дамуы мүмкін.

Демікпенің себебі неде?

Демікпеге шалдыққан адамдарда тыныс алу жолдары аса сезімтал, қоршаған ортаның тітіркендіргіш аталатын түрлі факторларына серпін береді. Осылармен қатынас демікпенің симптомдарын қоздырады.

Демікпеге шалдыққан адамдар өз ауруын бақылауға алуда белсенді қатыса алады, ол үшін демікпенің симптомдарын күшейтетін немесе ұстамасын шақыратын факторлардың организмге әсерін анықтап, азайтуы қажет. Мысалы, демікпе аллергиядан болса, оның алдын алу арқылы демікпенің де жиілігін және ауырлығын азайтуға болады.

Демікпенің қандай қоздыру механизмдері жиі кездеседі?

·         Жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары. Суық тию және тұмау, бронхит (үлкен тыныс алу жолдарының инфекциялары), немесе инфекциялық синуситтер демікпенің ұстамасын шақыруы мүмкін.

·         Тыныс алуда түсетін аллергендер. Демікпеге шалдыққан адамдардың 80 пайызында ауа арқылы таралатын заттектерге  аллергия байқалады, мысалы, ағаш тозаңы, шөптер мен бұтақтар, зеңдер, жануарлар организмінің туындылары, тарақандардың шаңды бөлшектері мен дене бөліктері.

·         Дәрілер. Демікпеге шалдыққан адамдар көбінесе, аспиринге және басқа қабынуға қарсы препараттарға сезімтал, мысалы, ибупрофен, напроксен, кетопрофен және бета-блокаторлар (сақина кезінде бас ауруын, жүрек ауруын, жоғары қан қысымын және глаукоманы емдеу үшін қолданылатын).

·         Тағам өнімдері мен тағамдық қоспалар. Белгілі бір тағам өнімдерінде демікпенің симптомдарын қоздыратын заттектер болады.

·         Дене жүктемесі. Белсенді дене жүктемесі демікпеге шалдыққан адамдардың 80 пайызында тыныс алу жолдарының тарылуының себебі болуы мүмкін.

·         Тітіркендіретін заттектер. Көптеген тітіркендіретін заттектер мысалы, темекі түтіні, ағаш жағатын аспаптар мен пештер, иіс судың және тазартқыш заттардың күшті иісі,т.б. демікпені қоздыру  механизмі болуы мүмкін. Сондай-ақ, ауаның ластануы немесе булану да ұстаманы туындатуы ықтимал.

·         Ауа райы. Суық ауа, температура мен ылғалдылық өзгерістері демікпенің себебі болуы мүмкін.

·         Көңіл-күйдің айқын бұзылыстары. Қозу, қатты жылау, айқай, күйзеліс, ашу немесе күлкі ұстаманы шақыруы мүмкін.

·         Асқазан-өңеш рефлюксі аталатын ауру.

Қоздыру  механизмдері демікпенің барысын қалай ушықтырады?

Демікпеге  шалдыққан адамдарда тыныс алу жолдары әрдайым қабынған және аса сезімтал, сондықтан, олар сыртқы факторларға -”қоздыру механизмдеріне” серпін береді. Осы механизмдермен қатынастың салдарынан тыныс алу жолдары қысылады, қабынуы күшейеді, және олар сілемеймен бітеледі, бұл тыныс алудың қиындауына, демікпеге, немесе оның симптомдарының күшеюіне апарады.  Демікпенің ұстамасы қоздыру механизмінің әсерінен кейін бірден немесе бірнеше күн немесе аптадан кейін басталуы мүмкін.

Демікпені қоздыратын механизмдердің көптеген түрлері бар. Оларға серпін әр адамда әр уақытта түрлі болады. белгілі бір механизмдер біреулер үшін қауіпсіз, ал басқаларда қабынуды күшейтуі мүмкін. Біреулер үшін олардың саны көп, басқалар үшін – біреу, немесе анықтау қиынға түседі. Осы қоздыру механизмдерін тану және олардан қатынастан мүмкіндігінше алшақ болу демікпені бақылауға алуды жүзеге асыру үшін аса маңызды. Ал бақылаудың жақсы тәсілі – демікпеге қарсы препараттарды қолдану.

Мен  үшін қоздыру  механизмдері не екендігін қалай білуге болады?

Демікпенің симптомдары пайда болған кездегі факторларды анықтау – демікпенің қоздыру  механизмдерін танудағы алғашқы қадам. Олар көп болғанымен, сіз олардың бәріне серпін бермейсіз. Біреулерде қоздыру  механизмі – біреу ғана, басқада көп болуы ықтимал.

Көптеген жағдайларда демікпенің қоздыру  механизмдерін серпін беру тарихынан білуге болады, және тері сынамалары мен қан талдауынан. Дәрігер пневмотахометр аталатын құралды қолдануды ұсынуы мүмкін.

Пневмотахометр өкпеден ауа қандай көлемде және қаншалықты жиі шығатынын өлшейді. Бұл құрал тыныс алудың өзгерісін уақытылы байқауға көмектеседі және демікпенің алғашқы белгілерін анықтайды. Демікпеге қарсы көмек көрсететін маманнан немесе дәрігерден сізге пневмотахометр пайдалы болуы жайында сұраңыз.

Демікпенің симптомдары қандай?

Демікпеге шалдыққан адамдарда тыныс алу жолдары қысылғанда, ісінгенде немесе сілемеймен бітелгенде симптомдары пайда болады. оларға жататындар:

·         жөтел, әсіресе, түнде. 

·         Ысқыратын тыныс алу (жоғары екпінді ысқырық дыбысы, тынысты шығарғанда) 

·         Ауа жетпеу сезімі 

·         Кеуденің қысылу, ауырсыну сезімі

Демікпеге шалдыққан адамдардың бәрінде бірдей симптомдар бола бермейді. Олардың барлығы бірден болмауы немесе әр түрі әр уақытта болуы мүмкін. Демікпенің түрлі ұстамасы симптомдарының бір-бірінен айырмашылығы болады, бір ұстамада орташа болса, келесіде ауыр болуы мүмкін. Демікпенің ұстамасы – симптомдардың кенет ушығуы.

Демікпе  диагнозы қалай қойылады және емделеді?

Демікпеге күмән болса, дәрігерге көріну қажет. Дәрігер осы ауруды анықтауға тест өткізеді.   Диагноз анықталса, оны емдеу үшін, жағдайды, өзін сезінуді  жақсарту үшін, демікпенің пайда болуына апарған мәселелерді шешудің көптеген әдістері бар.

Демікпенің диагностикасы

Демікпені анықтау үшін дәрігер сыртқатнаманы, отбасының сырқатнамасын және симптомдарды зерттейді. Тыныс алудағы өмірде болған кез келген мәселеге назар аударады, отбасында демікпенің, тері ауруларының (экзема), немесе өкпенің басқа дертті жағдайларының болуын анықтайды. Симптомдарды толықтай сипаттау маңызды (жөтел, ысқыратын тыныс алу, қысқа тыныс алу, кеудедегі қысылу), олардың қашан және қаншалықты жиі байқалуын қоса. 

Дәрігер көптеген зерттеулерге бағыттауы мүмкін, өкпенің функционалдық тесті, аллергияға тест, қан талдауы, кеуденің және мұрын қуысының рентгендік зерттеуі. Осы зерттеулердің бәрі дәрігерге демікпенің болуын және оның барысына әсер ететін басқа аурудың болуын анықтауға көмектеседі.

Дәрігер денені де тексереді, жүрек пен өкпені тыңдау арқылы (аускультация).

Өкпенің функционалдық тестілері

Өкпенің функционалдық тестілеріне (немесе өкпенің қызметін зерттеу тестілері) өкпенің қызметін бағалайтын бірқатар шаралар жатады. Олардың екеуі жиі демікпені анықтауда қолданылады -  спирометрия жән метахолинмен тест жүргізу.

·         Спирометрия. Бұл – өкпеден ауаның шығатын көлемі мен жылдамдығын өлшейтін қарапайым зерттеу. Ол көбінесе, ауа жолдарының бітелу дәрежесін анықтау үшін қолданылады. Спирометрияны бронходилататор  аталатын тез әрекет ететін препаратты себуге дейін және кейін өткізеді. Бронходилататор тыныс алу жолдарын кеңейтеді, бұл ауаның олармен еркін өтуіне мүмкіндік береді. Осылайша, дәрігер  тыныс алу жолдарының бітелуін дәрілік препараттармен жойылу мүмкіндігін анықтай алады- астманың көрсеткішін. Зерттеуді дәрігерге келесі баруда да өткізуге болады, қарқынын және емдеу жоспарына өзгеріс енгізу қажеттілігін білу үшін.

·         Метахолинмен тест. Бұл тест, көбінесе, балаларға қарағанда ересектерде жиі қолданылады. Ол симптомдар мен скринингтік спирометрия демікпе диагнозын айқын көрсетпегенде қолданылады. 

Метахолин – демікпе болса, бұл заттекпен тыныс алғанда тыныс алу жолдарының түйілуі және тарылуы пайда болады. Тест өткізгенде метахолиннің аэрозольдік шаңының ұлғаймалы мөлшерімен тыныс алады, спирометрияға дейін және кейін.  Өкпе қызметінің кемінде 20% төмендеуі - демікпенің болуы - метахолиндік тестінің оң нәтижесі. Тест аяқталғаннан кейін метахолинге қарама қарсы әсер көрсетуі үшін бронходилататор тағайындалады.

Функционалдық өкпе тестілеріне дайындық

Спирометрияға дайындалу үшін не істеу қажеттігін дәрігерден сұраңыз. Метахолинмен тестінің алдында жақында вирустық инфекция, суық тиюі, вакцинация немесе иммунизация болса, дәрігерге хабарлау қажет, себебі, бұл тест нәтижесіне әсер етеді.

Тест өткізуге дейінгі басқа дайындық шаралары:

·         Тест өткізетін күні темекі шекпеу

·         Тест өткізетін күні кофе, шәй, кола немесе шоколад тұтынбау 

·         Тест өткізетін күні дене жүктемесіне және салқынға шалдықпау 

·         Дәрі қабылдаудағы өзгерістерге әзір болу, демікпені емдеуде қолданылатын кейбір дәрілер тестінің нәтижесіне әсер етуі мүмкін. Түрлі препараттарды қабылдау әр уақыт аралықтарында тоқтатылуы мүмкін. Мысалы, қысқа мерзімді аэрозольды бронходилататорларды қабылдау тестіге дейін 8 сағат бұрын тоқтатылады, ал ұзақ мерзімді аэрозольды бронходилататорларды 48 сағат бойы қабылдауға болмайды. Дәрігер тағайындалған дәрілерді тестіге дейін қанша уақыт бұрын қабылдауға болатыны жайында ескертеді.  

 

Кеуде қуысының рентгендік тексеруі

Рентген суреті – арнайы пленкада немесе флуоресценттік экранда бейнеленетін, төмен мөлшерлі радиацияны пайдалану нәтижесінде алынатын ағзалардың бейнесі.  Рентгендік тексеру аурулардың кең ауқымын анықтау үшін қолданылады, бронхиттен сүйек сынығына дейін. Дәрігер кеуде қуысы ағзаларының құрылысын көру үшін рентгендік тексеруді тағайындайды, мысалы, жүректі, өкпені және сүйекті. Өкпенің құрылысын зерттей отырып, дәрігер симптомдарды туындатын демікпе болуын анықтай алады.

Мұрын қуысының жағдайын бағалау

Мұрын қуысында полип немесе синусит болуы демікпені емдеуді және бақылауды ушықтыруы мүмкін. Синустық инфекция – инфекция себепті мұрын қуысының қабынуы немесе ісінуі. Синустар сұйықтықпен толып, бітелгенде бактериялар инфекция мен қабынуды туындатып, көбейеді. Дәрігер инфекцияға күмән болса, мұрын қуысының жағдайын бағалау үшін КТ көрінісі секілді синустардың арнайы рентгендік тексеруін тағайындайды. Жіті синусит диагнозын растау үшін кемінде 10-12 күн бойы антибиотикпен емдеу тағайындалады.

ГЭР  және қыжыл бойынша жағдайды бағалау

Асқазан-өңеш рефлюксі немесе гастро-эзофагеальды рефлюкс (ГЭР) – демікпенің барысын ауырлатуы мүмкін тағы бір дерттік жағдай.  Егер дәрігер бұл ауруға күмәні болса, оны анықтайтын арнайы тестілерді өтуді ұсынады.

Аллергия бойынша жағдайды бағалау

Аллергияға сынамалар демікпенің симптомдарын туындатуы мүмкін қандай да бір аллергиялық серпінді анықтау үшін қажет боолады.

Демікпенің ауырлығын анықтау

Осы зерттеулердің негізінде дәрігер демікпені анықтайды. Келесі сатыда дәрігер демікпенің ауырлығын анықтайды, себебі, бұл дұрыс емдеу үшін қажет. демікпенің 4 түрі бар, олар:

1. жеңіл дәрежелі ұстамалы демікпе. Симптомдары аптасына екі реттен сирек болады, сирек асқыну немесе ұстамалар және демікпенің түнгі кезде жиі болмауы.  (Функционалдық өкпе тестілері телімді ауытқуды көрсетеді).

2. жеңіл дәрежелі тұрақты (сақталатын) демікпе. Симптомдары аптасына екі реттен жиі, күніне бір реттен сирек пайда болады, ал ұстамасы өмірдің қалыпты барысын бұзады. Мұндай демікпесі бар адамдарда симптомдар түнде айына екі реттен жиі болмайды. (Функционалдық өкпе тестілері телімді ауытқуды көрсетеді).

3. орташа дәрежелі тұрақты демікпе. Симптомдары күнделікті пайда болады, түнде – аптасына бір реттен жиірек. Мұндай адамдарда әдетте, демікпенің ұстамасы өмірдің қалыпты барысына әсер етеді, бұл бірнеше күнге созылуы мүмкін. Сонымен қатар, мұндай науқастарға симптомдарды бақылау үшін тез әрекет ететін демікпеге қарсы дәрілерді күнделікті қолдану қажет болады. (Функционалдық өкпе тестілері телімді ауытқуды көрсетеді.)

4. тұрақты демікпенің ауыр түрі. Симптомдары күндіз-түні тоқтамайды, тіршілік ету шектеледі, демікпенің ұстамасы жиі болады. (Функционалдық өкпе тестілері телімді ауытқуды көрсетеді.)

Демікпеге  қарсы дәрілер

Демікпе – созылмалы ауру (өмір бойы болатын), бұл кезде тыныс алу жолдарының сілемей қабаты қабынады, бұл ауа өтуінің шектелу жағдайларының қайталануымен, сілемей мен жөтел пайда болуымен ушығады.

Емдеу  бағытталады:

·         Қабынудың және жөтел, түнгі, таңғы немесе дене жүктемесінен кейінгі тұншығу секілді созылмалы симптомдардың алдын алатын препараттарды қабылдау (ұзақ мерзімдік бақылау дәрілері)

·         Демікпенің ұстамалары ұстағанда емдеу дәрілерін беру (жедел жәрдем препараттары)

·         Демікпені туындататын заттектер/құбылыстарымен қатынасты шектеу

·         Демікпе күнделігінде күнделікті симптомдарды көрсету

Демікпеге  қарсы дәрілердің жалпы екі түрі болады.

·         Қабынуға қарсы дәрі-дәрмектер. Көпшілік жағдайда бұл демікпені емдеудің маңызды бөлігі, себебі, бұл препараттар тұрақты негізде демікпенің алдын алады. Стероидтар, - ”кортикостероидтар” – демікпеге шалдыққан адамдар үшін қабынуға қарсы препараттардың маңызды тобы. Бұл препараттар тыныс алу жолдарындағы ісінуді  және сілемей түзілуін азайтады. Нәтижесінде, тыныс алу жолдарының сезімталдығы азаяды, қоздырушыларға серпін беру ықтималдығы төмендейді. 

·         Бронходилататорлар. Бұл препараттар демікпенің симптомдарында көмектеседі, тыныс алу жолдарының маңайындағы бұлшық ет сақиналарын босаңсытады. Бұған жауап ретінде тыныс алу жолдары тез ашылады, өкпеге ауаның үлкен көлемін жіберіп/шығарады. Нәтижесінде тыныс алу жақсарады. Бронходилататорлар өкпені сілемейден тазартуға көмектеседі. Тыныс алу жолдарының ашылуына сай сілемей жеңіл жылжиды және жөтелген кезде жеңіл шығады. (толығырақ қараңыз: “Бронходилататорлар").

Бұл дәрілер демікпенің симптомдарын бақылау үшін түрлі схемалар бойынша тағайындалады. Дұрыс емдеу қалыпты өмір сүруге мүмкіндік береді. Егер емдеу демікпені бақылауға көмектеспесе, дәрігердің кеңесін алу қажет.

Ұзақ мерзімді дәрі-дәрмектер: қабынуды емдеу

Дәрігерлер бүгінде демікпенің екі құрамбөлігін анықтайды: тыныс алу жолдарының қабынуы және жіті бронхоконстрикция (тыныс алу жолдарының қысқаруы).

Зерттеулер көрсеткендей, қабынудың алдын алу – демікпенің ұстамаларын, ауруханаға жатқызу мен өлім-жітімнің алдын алуда өзекті шара.

Ұзақ мерзімді препараттар ұзақ уақыт бойы сақталатын, симптомдары аптасына екі реттен жиі болатын, жиі ұстамасы қалыпты өмір барысын бұзатын   демікпені бақылауға алу үшін күнделікті қабылданады.

Ұзақ мерзімді препараттардың тиімдісі – тыныс алу жолдарының қабынуын басатын түрлері (қабынуға қарсы препараттар), алайда, олармен қатар әсерін күшейту үшін қолданылатын басқа түрлері де бар.

Ұзақ мерзімдік дәрілерге жататындар:

·         Кортикостероидтар (ингаляция түрі - тұрақты демікпені емдейтін қабынуға қарсы препараттар.) 

·         Жасушалар мембранасын тұрақтандырғыштар (қабынуға қарсы препараттар) 

·         Бета – антагонисттер, ұзақ мерзімдік (бронходилататорлар, қабынуға қарсы препараттармен бірге жиі қолданылады) 

·         Теофиллин (бронходилататор, қабынуға қарсы препараттармен бірге қолданылады, түнгі симптомдардың алдын алу үшін) 

·         Лейкотриендердің модификаторлары (стероидтарға және жасушалар мембранасын тұрақтандырғыштардың баламасы).

Жедел жәрдем көрсету дәрілері: демікпенің ұстамасын тоқтату

Бұл препараттар демікпенің ұстамасының симптомдарында  (жөтел, кеуденің қысылуы, ысқыратын дыбыс - тыныс жолдары бронхоконстрикциясының белгілері) қажетті көмек көрсету үшін қолданылады.

Оларға жататындар:

·         Бета – антагонистер қысқа мерзімдік (бронходилататорлар – демікпенің ұстамаларында және дене жүктемесінен туындаған демікпенің симптомдарының алдын алу үшін таңдалатын дәрілер. 

·         Антихолинергетиктер (бронходилататорлар – тез әрекет ететін бета – антагонистерге қосымша түрде немесе балама ретінде қолданылады). 

·         Жүйелік кортикостероидтар (қабынуға қарсы препараттар, ауруды тез бақылауға алу үшін қиын жағдайда, басқа дәрілер енді қолданыла басталғанда, сауығуды тездету үшін қолданылады).

Ингаляторлар, аэрозольдер мен таблеткалар

Демікпені емдейтін препараттар ингаляцияға арналған мөлшерленген ингалятор - құрғақ ұнтақ немесе аэрозоль түрінде, немесе ішілетін таблетка/сұйықтық түрінде шығарылады.

Кейбір демікпеге қарсы препараттарды қатар қабылдауға болады.  
Екі түрлі препараттың бірігуінен тұратын бірқатар ингаляторлар болады.  Бұл  құралдар екі дәріге бір көзден түсуге мүмкіндік береді, емдеу уақытын азайтып, демікпенің симптомдарын емдеуге қажетті ингаляторлардың санын азайтады. 

Демікпеге қарсы, рецептсіз сатылатын препараттар болады ма?

Иә. Рецептсіз сатылатын демікпеге қарсы кең таралған препараттар: Приматен Мист және Бронкейд. Екеуі де бронходилататор секілді әрекет етеді, тыныс алу жолдарының маңындағы бұлшық еттерді босаңсытады. Олар қысқа мерзімді жеңілдетеді (20-30 минут), бірақ, демікпенің симптомдарын бақылауға алуға немесе ұстамасының алдын алуға мүмкіндік бермейді. Қан қысымы жоғары, диабеті, тиреоидозы бар немесе жүрегі ауыратын адамдарға  ПриматенМист пен Бронкейд ұсынылмайды.

Өкінішке қарай, көптеген адамдар осы препаратты тағайындаусыз немесе шамадан артық қолданады. Олар ұзақ уақыт бойы қолдануға арналмаған, осыған қарамастан, кейбір адамдар оларды демікпенің симптомдарын емдеу үшін күнделікті қолданады. Бұл препараттар демікпені бақылауға алмайтындықтан, олар сәйкес ем алмауы мүмкін.

Егер демікпеге қарсы препаратты рецептсіз қабылдайтын болсаңыз, демікпенің симптомдары жиі пайда болса, дәрігермен кеңесу қажет. Егер демікпеге қарсы препараттарды рецепті бойынша қабылдайтын болсаңыз, рецептсіз препараттарды  кейде қолданатын болсаңыз да дәрігерге хабарлау қажет. Себебі, қажеттіден артық дәрі қабылдауға болмайды.

Аллергияға  қарсы  инъекциялар демікпені емдеуге қолданылады ма?

Соңғы бірқатар зерттеулер көрсеткендей, аллергияға қарсы инъекцияларды аллергиясы бар балаларға тағайындауда аллергияның симпомдарымен қатар оларда демікпенің даму мүмкіндігі де азайған. Сонымен қатар, демікпенің көптеген жағдайлары аллергиядан туындайтындықтан, аллергияның барысын бақылаған жөн, демікпенің ұстамаларының жиілігін азайту үшін.

Дәрігермен аллергияға қарсы инъекциялар тағайындау қажеттігі туралы кеңесіңіз.

Әрдайым демікпеге қарсы препараттар қабылдау қажет болады ма?

Демікпеге  қарсы препараттар қабылдау қажеттігі демікпенің түрінің ауырлығына және симптомдарының жиілігіне тәуелді. Мысалы, егер демікпенің симптомдары аллергия асқынғанда пайда болса, симптомдарды бақылайтын дәрілерді сол кезеңде қабылдау қажет. Алайда, демікпесі бар адамдардың көпшілігіне күнделікті дәрілер қабылдау қажет.

 
 
Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.