.

Аталық бездің бұралуы | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Аталық бездің бұралуы

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Симптомдары

Емдеу

Дәрігерге қойылатын сұрақтар

 

Жалпы ақпарат

Аталық бездің бұралуы дгеніміз не?

Аталық бездің бұралуы – ұрықтық түтіктің дертті бұралуы. Оның нәтижесінде аталық безге қан келуінің тежелуі орын алады.

Аталық бездің бұралуының себебі белгісіз. Ауру көбінесе, жыныстық жетілу кезіндегі ұлдар мен жасөспірімдерде болады. Жыл сайын 25 жастан кіші 4000 ердің 1-де аталық бездің бұралуы болады.

 

Аталық бездерде, немесе ұрықтық түтіктерде ерлердің гормондары және шәует өндіріледі. Бұл ұманың (пенистің артында орналасқан тері-бұлшық еттік қалта тәрізді құрылымның) ішіндегі екі жұмыртқа тәрізді ағза.

 

Симптомдары

Аталық бездің бұралуының симптомдары қандай?

Бұл ауру кезінде науқастар ұмада күшті ауруды сезінеді. Аталық без ісінген немесе сау аталық безге қарағанда үлкенірек болып көрінеді. Жүрек айнуы, құсу, бас айналуы немесе ұрықтық сұйықтықта қан болуы мүмкін.

 

Емдеу

Аталық бездің бұралуы қалай емделеді?

Емдеуі - ұрықтық түтікті жазу бойынша операция жасау қажет. Сондай-ақ, дәрігерлер аталық безді жанындағы тіндерге бекітуді қамтамасыз етуі мүмкін, болашақта бұралу болмас үшін. Бұл шара – орхипексия аталады.

Аталық бездің бұралуын қаншалықты тез емдеу қажет?

Ұмада ауырсыну болса, шұғыл түрде дәрігерге хабарласыңыз. Егер аталық бездің бұралуы болса, әдетте, 6 сағат ішінде оперативтік араласу болса, оны сақтауға болады. Ұзақ күткен сайын зақымдалған аталық безді алып тастау ықтималдығы артады.

 

Дәрігерге қойылатын сұрақтар

  • Ұманың ісінуі аталық бездің бұралуымен байланысты ма?
  • Оперативтік емдеу қажет пе?
  • Операциядан кейінгі қалпына келу кезеңі қаншалықты ұзақ?
  • Операциядан кейін жайлы сезіну үшін не істеуге болады?
  • Бала өрбітуге қабілеті болады ма?
  • Жыныстық өмірім қалыпты болады ма?
  • Бір рет аталық бездің бұралуы орын алса, тағы пайда болуы мүмкін бе?

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.