.

Ауыздан қан кетуді тоқтату | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Ауыздан қан кетуді тоқтату

Ауыздан қан кетуді қалай тоқтату керек
 
Шұғыл жағдайда емдеу талап етілмесе, келесі шаралар тері жараларын қорғайды және сізді басқа адамның қанымен байланыстырудан қорғайды.
Қан кетуді бастамас бұрын:
 
  • Қолыңызда болса, қолыңызды сабынмен және сумен жақсылап жуыңыз.
  • Жараға қысып байлам жасамас бұрын дереу медициналық қолғап киіңіз (егер бар болса). Егер ешқандай қолғап болмаса, қолдар мен жаралар арасындағы таза материалды бірнеше қабаттар, пластик пакеттер немесе кез-келген таза материал салыңыз.
  • Егер мүмкін болса, зардап шегүшінің жарақат алған жерін тікелей басқанға шыдатқызу, жарақаттанған жерін сәл көтеріп ұстау керек.
  • Жалаңаш қолмен тек ақырғы жағдайда ғана басып тұру керек.
  • Зардап шегушіні арқасына жатқызып басын көтеріңкі ұстаңыз. Қан шүйдеге немесе ауыздан сыртқа қарай ағып кетпейтіндей қылып жатқызамыз.Қанды жұтқанда құсықты шақыруы мүмкін.
  • Алынатын оңай көрінетін барлық заттарды алып тастаңыз. Егер аузында шайнайтын сағыз болса алып тастаңыз. Жараны тазаламаңыз.
  • Жалпы жараланған жердегі барлық зергерлік бұйымдарды алып тастаңыз.
            Жараны таза шүберекпен немесе таза материалмен қатты басу керек. Егер жарақатта зат бар болса, оның үстінен басуға болмайды.
  • Толық 15 минут бойы жараны абайлап басыңыз.Сағатты пайдаланып минуттарды ескеріңіз. Уақыт ұзақ болып көрінуі мүмкін. Басып тұрған жерді алып қарамаңыз қан тоқтадыма деп, егер матаңыз қанды сіңіріп алса оны алмай үстіне басқасын қойыңыз.
Еріннің ішкі жағынан қан кетүі. Қанап жатқан жерді тістерге немес жаққа басыңыз немесе тіспен иектің арасына дәкені қыстырып қойыңыз. Қан тоқтаған кезде оны тоқтады екен деп дәкені алып тастамаңыз. Есінеуге немесе күлүге болмайды әйтпесе қайтадан қан ағу басталады.
Тілден қан кетү. Қан кетіп жатқан жерді дәкемен немесе таза матамен басып қойыңыз.
Беттің ішкі жағынан қан кетүі. Тіспен қанап жатқан жердің ортасына бүктелген дәкені салып қойыңыз немесе таза матаны салсаңыз болады.
Тісті жұлдыртқаннансоң дәрігердің айтқанын істеңіз. Егер дәрігер ешқандай нұсқау айтпаса тістің арасына дәкені салып қойса болады 10-15 минутқа. Түкіруге, темекі шегүге, тісті шимен шұқылауға болмайды, ол қанның қайта ағуына әкеледі.
  • Егер 15 минут ішінде қан ағуы тоқтамаса немесе баяуламаса ары қарай басып тұра беріңіз, қанап жатқан жерді көтеріңкі ұстаңыз. Келесі істейтін нәрсеңіз «Жедел жәрдем» және «өз симптомыңды тексер» бөлімдерінде толығырақ.
  • Егер 15 минут ішінде басып тұрғаннан қан тоқтамаса босатқанда қайта қан ақса, тағыда 15 минут басып тұрыңыз. Тікелей басып тұруды 3 ретке дейін қайталап ұстауға болады 15 минуттан.Егер қанның ағуы 45 минут бой тоқтамаса ол «өз симптомыңды тексер» бөлімінде толығырақ біле аласыз.Тері жамылғысын қалыпты күйіне келтіріңіз. Қажет болса, қақпақты таза шүберекпен немесе дәке арқылы ұстаңыз.
  • Зардап шегүші дәкені немесе матаны жұтып қоймауын бақылаңыз.
  • Дәкені ауызға керісінше қоймаңыз.
  • Бірнеше күн жаттығулар істемеңіз. Ол қан ағуға қайта әкелүі мүмкін.
 
Аударған: Айтмұқаев Ернұр
 
Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.