Аяқтың шертпе симптомы
Жамбасқа, санға, тізеге,құлау кезінде немесе тікелей соққы кезінде, дұрыс емес аяғын бүккенде адам кенет жедел жарақат алуы мүмкін. Жедел жарақат кезінде адам шертпе сияқты ауру сезімін сезеді және гематома (көгеру)түзіледі; санның және жамбастың сығында, ашық жарақатта, ұршық буынының шығуында, ұршық буынының созылуында, шат аймағындағы бұлшықеттерді созып алғанда.
Бұл жағдайда отырғанда және тұрғанда ұршық буынын шерту кезінде ауырсынбайды, оны мықын-асықты жілік байлам синдромы деп атайды. Шертпе сезімі байлам санның үстіне, жамбасқа, ұршыққа ығысқан да білінеді. Ұршық буынында кейде ауырсыну болмайды да немесе жеңіл ауырсыну сезімі болуы мүмкін. Сонымен қатар тізеде ауырсыну, санның қимыл-қозғалысының шектелуі, аяқтың әлсіреуі пайда болады.мықын-асықты жілік синдромы көбінесе 15-40 жас аралығында адамдарда, балетпен және жеңіл атлетикамен айналысатындарда, яғни жамбаспен көп жұмыс жасайтындарда кездеседі.
Жамбастың шертпе симптомдарының пайда боуының басқа да себептері:
- Сан сүйектің үлкен ұршығын жамбаспен байланыстыратын мықын-бел сіңірінің созылуы немесе қабынуында.
- Санның сыртқы бетінде орналасқан фиброзды байламның қалыңдауы немесе созылуынан.
- Синовиалді қапшықтың қабынуы – бурсит.
- Сан сүйек басының бұдырлығы.
- Остеоартриттен буындық кеңістікті қорғайтын тіндердің жыртылуы.
- Ұршық буынына операциядан кейін тыртықты тіндердің түзілуі.
Емі – жарақаттың орнына, адамның жасына, белсенділігіне, жарақаттың дәрежесіне байланысты. Емі бандаж, гипс орнату, таяншық немесе тракция, физиотерапия, дәрілер, операция болып табылады.
Аударған: Бердібек Ағабек