.

Балалар арасындағы кереңдік | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Балалар арасындағы кереңдік

1-3 айлық сәбилердің кереңдігі

Кереңдікті шақыратын, сәбиіңіздің іс-қимылында өзгерістер бар-жоғын байқаңыз. Бұрынғы жағдайын қазіргімен салыстырып көріңіз.

Сіздің сәбиіңіз:

  • Сөзді тыңдайма?
  • Сіз сөйлегенде сізге қарайма?
  • Сіз оған сөйлегенде жымиядыма?
  • Сіздің даусыңызды тани ма?
  • Сіз сөйлегенде, ол жылағанын тоқтата ма?
  • Шудан жылайма немесе дірілдей ме?
  • Қатты дауыстан ұйқысынан тұрып кете ме?

4-6 айлық сәбилердің кереңдігі

Кереңдікті шақыратын, сәбиіңіздің іс-қимылында өзгерістер бар-жоғын байқаңыз. Бұрынғы жағдайын қазіргімен салыстырып көріңіз.

Сіздің сәбиіңіз:

  • Сіздің дауысыңыз өзгергенін байқайды ма?
  • Дауыс шыққан жаққа қарайма?
  • Дыбыс шығаратын ойыншықтарды біле ме?

 

6 айлықтан 1 жастағы сәбилердің кереңдігі

Кереңдікті шақыратын, сәбиіңіздің іс-қимылында өзгерістер бар-жоғын байқаңыз. Бұрынғы жағдайын қазіргімен салыстырып көріңіз.

Сіздің сәбиіңіз:

  • Сіз сәбиіңізбен сөйлескенде сізді тыңдайма?
  • Сіз оның есімін айтқанда, ол сізге қарайма немесе басын көтере ме?
  • Бері кел немесе тағы керек пе деген сөздерге жауап қатама?
  • Қарапайым заттардың аттарын біле ме? Мысалы, кесе, сок, аяқ-киім.

 

1-2 жастағы сәбилердің кереңдігі

Кереңдікті шақыратын, сәбиіңіздің іс-қимылында өзгерістер бар-жоғын байқаңыз. Бұрынғы жағдайын қазіргімен салыстырып көріңіз. Сонымен қатар балаңыздың сөйлеу қабілетін байқаңыз. Балаңыздың сөйлем қабілеті жақсы дамуы үшін, жақсы есту қажет.

Сіздің сәбиіңіз:

  • Қарапайым музыканы, ертегіні тыңдай ма?
  • Қарапайым сұрақтарды біледі және сілтеме сөздерге жауап қатады, мысалы «допты теп», «сеннің аяқ-киімін қайда»?
  • Егер сіз «қай жерін» деп сұрайтын болсаңыз, саусақпен көрсете алады.
  • Кітаптағы суреттердің атын айтқанда, оны көрсете алады.

 

2-4 жастағы сәбилердің кереңдігі

Кереңдікті шақыратын, сәбиіңіздің іс-қимылында өзгерістер бар-жоғын байқаңыз. Бұрынғы жағдайын қазіргімен салыстырып көріңіз.

Сіздің сәбиіңіз:

  • Допты ал, оны столға кой деген сияқты бұйрықтарды орындайды.
  • Телефонның даусын, теледидардың даусын, есікті тоқылдатқанның даусын айыра алады.

 

4 жас және одан жоғары балалардағы кереңдік

4 жастағы бала сізге өзінің естімейтінін немесе басқаларды түсінбейтіндігін айта алады. Сіз баланың есту қабілеті қалай екендігі туралы өзіне сұрақ қою арқылы біл аласыз.

Кереңдікті шақыратын, балаңыздың іс-қимылында өзгерістер барын байқай аласыз. Бұрынғы жағдайын қазіргімен салыстырып көріңіз.

Сіздің сәбиіңіз:

  • Күртешеңді жатар бөлмеге апарып, оқуға кітап алып кел деген сияқты қиын бұйрықтарды орындайды.
  • Телефонның даусын, теледидардың даусын, есікті тоқылдатқанның даусын айыра алады.

Оқытушы балаңызыда есту қиындықтары бар екендігін байқайды, мысалы, қатты сөйлем және тапсырмаларды орындамау.

 

Аударған: Бердібек Ағабек

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.