Балалардағы гастроэнтерит
Мазмұны
Жалпы ақпарат
Гастроэнтерит – құсу мен іш өтуінің пайда болуымен сипатталатын инфекция.
Себептері
Гастроэнтерит вирустармен, бактериялармен немесе паразиттермен жұқпаланудан туындауы мүмкін. Ауруды кейде «асқазан бұзылысы» атайды, ол жұқпалы және балаларға күтім жасауда, мектепте жиі тарайды. Гастроэнтерит жиі жоғары температурамен (қызбамен) өтеді.
Диагностика
Егер баланың нәжісінде қан табылса, нәжістің үлгісі бактериялар немесе паразиттер болуына тексеріледі.
Емдеу
Иммундық жүйесі әлсіреген адамдарда немесе жас сәбилердегі инфекцияның кейбір түрлерінен басқасында, антибиотиктер, әдетте, тағайындалмайды.
Асқынулары
Көптеген жағдайларда гастроэнтерит жеңіл өтеді және бірнеше күнге созылады. Гастроэнтериттің қатерлі асқынуы – сусыздану даму қаупі, сондықтан, бұл ауру кезінде сұйықтықты үлкен көлемде ішу қажет. Кішкентай балалар сусыздану даму қаупіне бейім келеді.