.

Балалардағы тітіркенген ішек синдромы (тіс) | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Балалардағы тітіркенген ішек синдромы (тіс)

Мазмұны

Жалпы ақпарат

ТІС себептері

ТІС симптомдары

ТІС диагностикасы

Емдеу

 

Жалпы ақпарат

Тітіркенген ішек синдромы (ТІС) – ішектің жиі кездесетін бұзылысы, ішектің түйілуімен, көп желденумен, іштің кебуімен, іш өтуімен және қатуымен сипатталады. Ауруды кейде "асқазан неврозы" немесе "спастикалық колит" деп атайды. Кейбір өнімдер, көңіл-күй күйзелісі, инфекциялар, жарақаттар ТІС симптомдарының пайда болуын туындатуы мүмкін.

ТІС балаларға жайсыздық әкелгенімен, ол денсаулықтың күрделі мәселелеріне апармайды. Дәрігерлер балаларға дәрілердің, емдәм мен өмір салтын өзгерту көмегімен ТІС симптомдарын реттеуге көмектеседі, сондықтан, ТІС шалдыққан балалар белсенді және сау өмір салтын ұстана алады. 

 

ТІС себептері

 

ТІС нақты пайда болу себебі белгісіз, ауру бір отбасының мүшелерінде қайталануы мүмкін. Зерттеулерге сай, ТІС шалдыққан балалар бұл ауруға шалдықпаған балаларға қарағанда ауырсынуға, жайсыздыққа сезімтал және толықтыққа бейім. Сүт, шоколад, кофеин, майлы және ащы тамақ, фаст-фуд секілді кейбір өнімдер ТІС пайда болуының себебін құрауы мүмкін. Кейбір жағдайдағы себебі белгісіз.

Күйзеліс - аурудың сау балалардың арасында дамуында айтарлықтай роль атқарады. ТІС шалдыққан кейбір балалар күйзеліске және көңіл-күй бұзылысына өте сезімтал. Оның себебі – тоқ ішектің нервтері   мимен байланысқан, және күйзелістік және шиеленістік жағдайларда (отбасының мәселелері, сынақтар, демалыс және жарақаттар) тоқ ішек пен асқазанның қызметінің бұзылыстары пайда болуы мүмкін.

 

ТІС симптомдары

 

ТІС шалдыққан балаларда әдетте, кемінде, 3 ай барысында (алдыңғы жылмен салыстырғанда) төмендегі симптомдардың екеуі болады:

  • Ауырсыну немесе жайсыздық, нәжіс шыққаннан кейін азаятын
  • Ауырсыну немесе жайсыздық, баланың дәретханаға бару жиілігіне байланысты
  • Ауырсыну немесе жайсыздық, баланың нәжісіндегі өзгерістерге байланысты. Кейбір балаларда іш қатуы болады, нәжісі қатаяды; басқа балаларда іштің өтуі орын алуы мүмкін.

 

ТІС диагностикасы

ТІС анықтаудың нақты әдісі жоқ. Дәрігерлер әдетте, баланың толық сырқатнамасының (оның ішінде, ТІС бойынша отбасылық сырқатнама зерттеледі) және медициналық тексерудің негізінде диагноз қояды. Бала іштің желденуі немесе өтуі туралы сұрақтарға жауап беруге ұялуы мүмкін. Сондықтан, ата-аналары балаға дәрігер оған өзін жақсы сезінуге көмектесуі үшін ақпаратты білуі қажеттігін түсіндіруі қажет.

Дәрігер баланың үйдегң және мектептегі қоршаған ортасы туралы сұрауы мүмкін, кейбір өнімдердің ТІС симптомдарын туындатуы мүмкіндігін анықтау үшін тағамдық күнделік жазуды тапсыруы мүмкін.

Көбінесе, дәрігерге ТІС анықтау үшін арнайы тексерулерді жүргізудің қажеті болмайды, бірақ, кейде ішектің басқа ауруларын ескеру үшін қан мен нәжістің талдауын, рентгендік зерттеуді тағайындайды.

 

Емдеу

ТІС аяғына дейін жазылмайды. Бірақ, аурудың симптомдарын жеңілдету бойынша шаралар бар:

  • Емдәмдегі өзгерістер. ТІС шалдыққан кейбір балалар тамақтанудағы өзгерістердің ТІС симптомдарын азайтуға немесе жоюға көмектесетіндігін байқайды. Тамақты көп ішуден, кофеинді сусындардан, татымды, майлы немесе аурудың симптомдарын туындататын басқа өнімдерден алшақ болу қажет.
  • Өмір салтын өзгерту. Егер симптомдар күйзеліске байланысты болса, балаңызбен оған мектепке, үйге немесе достарына байланысты көңіл-күй көріністерін бақылауға көмектесу үшін не істей алатындығыңыз туралы сөйлесіңіз.
  • Ұдайы дене жаттығуларын орындау және күйзеліс деңгейін азайту. Дене жаттығулары астың жақсы қорытылуына және ширығудың басылуына ықпал етеді. Егер балаңыз алаңдаудан немесе депрессиядан зардап шегетін болса, дәрігер сізге балалар психологының немесе терапевтің кеңесін алуды ұсынуы мүмкін.
  • Дәрілік  препараттар. Кейде дәрігер ТІС жеке симптомдарын емдеу үшін препараттар тағайындайды, мысалы, іш қатуын жеңілдету үшін іш жүргізетіндер,  іш өтуіне қарсы препараттар, миорелаксанттар немесе антидепрессанттар. ТІС симптомдарын жеңілдету үшін балаға дәрі беру алдында дәрігермен кеңесіңіз. Ауруды емдеу үшін қазір жаңа дәрілік құралдардың қатары көп, мысалы, нейротасымалдаушы серотонинге бағытталған, бірақ, мұндай препараттар аса сақтықпен тағайындалуы тиіс.
  • Күйзелісті азайту. Гипноз, босаңсу үшін тыныс алу жаттығулары және психотерапия, ТІС симптомдарын реттеудің кең танымал болып келе жатқан, қауіпсіз тәсілдері.

 

ТІС өмірге қауіп төндірмесе де, өмірдің сапасына әсер етуі мүмкін. Балаға белсенді және сау өмір салтын ұстануына көмектесу үшін дәрігермен ТІС симптомдарын емдеу туралы кеңесіңіз. 

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.