.

Баланит | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Баланит

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Болжамы

Мүмкін асқынулары

Қашан дәрігерге көріну қажет

Алдын алу

Синонимдары

 

Жалпы ақпарат

Баланит – бұл күпектің және жыныстық мүшенің ұшының қабынуы.  

Ерлердің репродуктивтік жүйесіне жыныстық мүше, ұма, ұрықтық түтіктер және қуық асты безі жатады.

 

Себептері

Баланит, көбінесе, сүндетке отырғызылмаған ерлердің жеке гигиена ережелерін орындамауының салдарынан болады. Аурудың пайда болуының басқа да келесідей себептері бар:

  • Реактивті артрит  немесе атрофиялық және қырма теміреткі
  • Инфекциялар
  • Құрғататын сабынды қолдану
  • Шомылғаннан кейін сабынның көбігінің дұрыс шайылмауы
  • Бақылауға алынбаған диабет

 

Симптомдары

  • Күпектің немесе жыныстық мүшенің қызаруы
  • Жыныстық мүшенің ұшындағы басқа бөріткендер
  • Жыныстық мүшеден сасық иісті бөлінділер шығуы
  • Күпектің және жыныстық мүшенің ауырсынуы

 

Диагностика

Дәрігер балонитті медициналық тексерістің негізінде ғана анықтайды. Дегенмен, теріде вирустардың, зеңдер мен бактериялардың болуын да тексеру қажет болуы мүмкін. Сондай-ақ, терінің биопсиясы да өткізілуі қажет. 

 

Емдеу

Емдеудің әдісін таңдау баланиттің себебіне байланысты.

  • Бактериалдық баланитте  таблетка немесе жақпай май түріндегі антибиотиктер тағайындалады.
  • Тері аурулары кезінде пайда болатын баланитте стероидтық жақпа майлар көмектеседі.
  • Зеңдік баланитте зеңдерге қарсы жақпа майлар тағайындалады.

 

Ауыр жағдайларда сүндетке отырғызу - оңтайлы шешім. Егер тазарту үшін күпекті созып тарту мүмкін болмаса, науқасты сүндетке отырғызу қажеттігі туындайды.

 

Болжамы

Көпшілік жағдайларда, баланитті жақпа майлармен және гигиенаны мұқият қадағалау арқылы емдеуге болады. Әдетте, хирургиялық емдеу қажет болмайды.

 

Мүмкін асқынулары

Ұзақ уақыт бойы қабынудың салдарынан туындайды:

  • Тыртықтану тінінің қалыптасуы және жыныстық мүшенің саңылауының тарылуы 
  • Күпекті  ысырып, пенистің ұшын ашудың қиындауы (фимоз)
  • Күпекті жыныстық мүшенің ұшына қарай тартудың қиындауы (парафимоз)
  • Пенистің ұшының қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылысы
  • Жыныстық мүшенің қатерлі ісігінің даму қаупінің артуы

 

Қашан дәрігерге көріну қажет

Баланиттің қандай да бір симптомдары болса, оның ішінде, күпектің ісінуі немесе ауырсынуы болса, дәрігерге көріну қажет.

 

Алдын алу

Жеке гигиенаны қадағалау баланиттің көпшілік жағдайларының алдын алуға көмектеседі. Шомылған кезде күпекті тартып, астындағы аумақты тазарту қажет.

 

Синонимдары

Баланопостит

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.