.

Бас айналу | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Бас айналу

Бас айналу - бұл қозғалыс сезімінің ыңғайсыздығы, оның нақты жоқтығы.Қозғалыс сезімін әдетте айналу немесе айналдыру деп сипаттайды, сондай-ақ құлау немесе тербеліс сезімі пайда болуы мүмкін.

Бастың айналуы жүрек айнуын және құсуды тудыруы мүмкін. Тепе-теңдікті сақтау, қозғалу немесе тұру қиын болуы мүмкін.

Бас айналу жүйке, қан ағымының немесе құлақішілік мәселелердің себебіболып табылады.

Бас айналудың сирек ұстамалары өздігінен өтуі мүмкін. Егер бас айналу жиі немесе ауыр ағымды болса, онда емдеу оның себебінің сипатына байланысты болады.

Бас айналу екі түрлі сезімді жиі сипаттайды. Сіз «Менің басым айналып тұр» деген сөзде нені білдіріп тұрғаныңызды білу өте маңызды, себебі ол сізге және сіздің дәрігеріңізге мүмкін мәселелердің тізімін қысқартуға көмектесе алады.

  • Вертиго- бұл сіз және сіздің ортаңыздың қозғалысы туралы сезім, алайда айналаңызда ешқандай қозғалыс жоқ. Бұл үрдіс, әдетте, айналу сезімі ретінде сипатталады, бірақ ол құлау немесе тербеліс сезімін қамтуы да мүмкін. Вертиго жүрек айну, құсу, жүре алмау немесе тұра алмау немесе жарақат алу мүмкіндігін тудыруы мүмкін.
  • Дурнота– бұл естен тану секілді сезім. Тұрақсыздық сезімі болуы мүмкін, орнында тұрып тұру қиын, бірақ айналу немесе айналдыру сезімі жоқ. Көптеген науқастар ауырған кезде, дурноту сезеді.

Вертигоны да дурнотаныда құлақ ауруларының біріне жатқызса болады, егер де бұл сезімдер вирусты инфекция және аллергия кезінде байқалса. Әдетте Вертиго, құлақтың ішкі ауруларында (мысалы, лабиринтте [3501]) құлақтың және бастың жарақаттарында немесе құлақ пердесінің қатерсіз ісіктерінде кезінде байқлады.

 

Аударған: Амантай Назерке

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.