.

Баттен ауруы | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Баттен ауруы

Баттен ауруы - ерте балалық шақта бастау алатын және өлімге әкеліп соқтыратын, жүйке жүйесінің жасушаларын зақымдайтын, сирек кездесетін тұқым қуалайтын ауру. Кейбір жағдайларда, аурудың ерте кезеңінде пайда болған белгілер баланың жеке сипаты ретінде көрінуі мүмкін, мұндай белгілерге жататыны: баяу оқу, икемсіздік (олақтық, епсіздік), жүрген кезде жиі сүріну.
Баттен ауруының белгісі (симптом) ағзадағы жүйке жүйесінің жасушаларында, липопигмент деп аталатын, майлы заттардың жиналуынан болады. Аурудың алғашқы белгілерінің (симптомдарының) бірі көздің нашарлауы болғандықтан, жиі ауру көз жанарын тексеру барысында анықталады. Әдетте, окулист немесе басқа дәрігер бұндай науқасты невропатолог қабылдауына жібереді.
Аурудың диагностикасы қан және зәр талдауы, тіндік үлгіні талдау, электроэнцефалограмма, көздің электронды талдауы, миды сканерлеу.
Емі
Қазіргі уақытта аурудың емдеу әдісі жоқ. Дегенмен, кейде тырысуға қарсы препараттар ауру кезінде пайда болатын ұстаманы жеңілдетуде және бақылауда көмектеседі. Физиотерапия және еңбек терапиясы пациенттердің ағзасының қалыпты атқарылымын (Функция) ұзақ уақыт бойы сақтауға көмектеседі.
Аурудың ағымы
Уақыт өте келе, Баттен ауруына шалдыққан балалар, психикалық бұзылыстан, ұстамадан, көру қабілетінің және моторикалық дағдылардың жоғалуынан зардап шегеді. Уақыт өте келе, бұл аурудан зардап шегетін балалар, көру қабілетін толық жоғалтады, төсек тартып жатады, көбінесе бұл ауру жасөспірім кезеңіндегі немесе ерте жастық шақ кезеңіндегі балалар өліміне әкеліп соқтырады.
тектер:

 

Аударған: Бердібек Ағабек

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.