.

Бет нервісінің салдануы | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Бет нервісінің салдануы

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Дәрігерге көрінуден нені күтуге болады

Емдеу

Үйдегі күтім

Қашан дәрігерге көріну қажет

Синонимдары

 

Жалпы ақпарат

Беттің бір жағындағы бірнеше немесе барлық мимикалық бұлшық еттердің қимыл қызметінің бұзылысы орын алғанда бет нервісінің салдануы (параличі) туралы айтылады.

 

Себептері

Бет  нервісінің салдануының себептері:

·         Мидан беттің бұлшық еттеріне сигналдар беретін бет нервісінің зақымдануы немесе ісінуі

·         Мидың беттің бұлшық еттеріне сигналдар беретін аумағының зақымдануы

Сау адамдарда бет нервісінің невриті көбінесе, Белл параличімен байланысты. Бұл – бет нервісінің қабыну жағдайы. Бет нервісінің салдануы инсульттен болуы мүмкін. Инсультте дененің бір бөлігінің басқа бұлшық еттері де дерттік үрдіске қамтылуы мүмкін.

Бет  нервісінің невриті Белл параличімен байланысты туындауы мүмкін. Бұл бұзылыс мононейропатия (бір нервінің зақымдануы) аталады, бұл кезде бассүйек-ми нервісінің (бет нервісі) жетінші жұбы зақымданады. Бет нервісі бет бұлшық еттерінің қимылын бақылайды.

Мидың ісігіне байланысты болатын бет нервісінің салдануы әдетте, баяу дамиды. Аурудың симптомдарына бас ауруы, құрысу немесе естімей қалу жатады.

Аурудың басқа себептері:

·         Мидың немесе қоршаған тіндердің инфекциясы

·         Лайм ауруы

·         Саркоидоз

·         Бет нервісін қысатын ісік.

 

Дәрігерге көрінуден нені күтуге болады

Дәрігер тексеріп қараған кезде сізге ауруыңыздың сырқатнамасы мен симптомдары туралы келесі сұрақтарды қояды:

·         Бетіңіздің екі жағы да зақымданған ба?

·         Жақында ауырдыңыз ба, немесе жарақат болды ма?

·         Басқа симптомдары бар ма? Мысалы, сілекей, көз жас ағуы, бас ауруы, құрысу, көрудегі мәселелер, әлсіздік немесе салдану.

Қажетті тексерістер:

·         Қан талдауы, оның ішінде, қандағы глюкозаны анықтау, қанның жалпы талдауы, эритроциттердің шөгу жылдамдығы (СОЭ), Лайм ауруына тест

·         Мидың компьютерлік томографиясы (КТ)

·         Электромиография

·         Мидың магниттік-резонанстық томографиясы (МРТ)

Дәрігер физиотерапевтке, логопедке немесе реабилитологқа бағыттауы мүмкін. Егер Белл параличі салдарынан пайда болған бет нервісінің невриті 6-12 айдан артық созылатын болса, беттің сыртқы түрін жақсарту үшін пластикалық хирургия ұсынылуы мүмкін.

 

Емдеу

Емдеу аурудың туындау себебіне байланысты. Емдеуші дәрігердің ұсыныстарын орындаңыз.

 

Үйдегі күтім

Емдеуші дәрігердің үйдегі күтім туралы ұсыныстарын орындаңыз. Тағайындалған дәрілік препараттарды нұсқаулығына сәйкес қабылдаңыз.

Егер көз толығымен жабылмаса, мөлдірқабықты көз тамшыларының немесе гельдің көмегімен құрғақтанудан қорғау қажет.

 

Қашан дәрігерге көріну қажет

Бетіңізде әлсіздік немесе салдану пайда болса, дәрігерге көрініңіз. Бұл симптомдар күшті бас ауыруымен немесе көрмей қалумен қосарланса, шұғыл медициналық көмекке жүгініңіз.

 

Синонимдары

Беттің салдануы.

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.