.

Білезік канал синдромы | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Білезік канал синдромы

Білезік канал синдромы  білезіктің ортаңғы нервісісінің қысуынан болатын ауру. Симптомдары – саусақтардың, білезіктің шаншуы, ұйып қалуы, әлсіздігі немесе аурсынуы.

Жүктілік кезінде, гипотиреозда, диабетте, артритте,семіздікте қосарланған ауру ретінде білезік канал синдромы дамуы мүмкін. Дұрыс емес немесе ұзақ уақыт бойы білезік буынының қозғалысынан ортаңғы нерв қысылып, ісік пайда болуы немесе білізік каналы ішілік, білізік каналы маңындағы тіндердің қалыңдауына әкелуі мүмкін. Білезік канал синдромына шалдығатын ең жиі науқастар бұрын соңды білезік буынынан жарақат (әсіресе санықтар) алғандар болып табылады.

Ұзақ уақытқа созылатын жұмыста, демалаыста білезік канал синдромының себебі болып табылуы мүмкін. Білезік канал синдромын шақырушы іс-қимылдар:

  • Баспада басу, деректерді енгізу, компьютерлік тышқанды қолдану немесе штрих кодтарын санау.
  • Құрал-саймандармен жұмыс істеу, әсіресе дірілдеуші.
  • Ұзақ уақыт бойы тоқыма тоқу немесе киім тігу.
  • Ұзақ уақыт бойы білезікпен жұмыс істеу.

Білезік канал синдромының емі:қимыл-қозғалысты және білізікті тітіркендіретіндерді шектеу, мұз басу, түн уақытында шина байлау, қабынуға қарсы препараттарды қолдану. Сонымен қатар кофенинен, алкоголден, табактан бас тарту, қол мен иықты бекіту, B6дәруменнің қабылдау өз көмегін тигізеді. Кейбір жағдайда операциялық көмекке те қолданылады.

 

Аударған: Бердібек Ағабек

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.