Бөгде зат
Мазмұны
Кімде бөгде зат мәселесі жиі туындайды?
Қандай заттар әдетте, бөгде зат саналады?
Баланың бөгде затты жұтуының симптомдары қандай?
Қандай көмекті өзіңіз көрсете аласыз?
Баланың тыныс алу жолдарында бірдеңе тұрып қалуының симптомдары қандай?
Қандай көмекті өзіңіз көрсете аласыз?
Мұрындағы бөгде заттың болуының симптомдары қандай?
Қандай көмекті өзіңіз көрсете аласыз?
Баланың құлағында бөгде зат болса, не істеу қажет?
Баланы осы мәселелерден қалай қорғай аласыз?
Бөгде зат дегеніміз не?
Бөгде зат – құлаққа, мұрынға немесе көмейге түсіп, тұрып қалған зат.
Кімде бөгде зат мәселесі жиі туындайды?
Бөгде зат мәселесі кез келген жаста туындайды, бірақ, 1-3 жастағы сәбилерде жиі кездеседі.
Қандай заттар әдетте, бөгде зат саналады?
Кішкентай, әдемі, жылтыр заттар балалардың назарын аударады және жеңіл түрде бөгде зат болады.
Кішкентай балалар әдетте, тамақты жұтады (ет, жаңғақ, дәндер, кәмпит, жеміс сүйектері және попкорн). Тиындар, шарлар, түйреуіштер, кнопкалар, қарындаш бөліктері, ластиктер, қағаз бөліктері, тастар және моншақтар бөгде зат болуы мүмкін.
Балалар кішкентай батареяларды жеңіл жұтуы мүмкін. Олар уыттылығына сай қауіпті.
Тіс тазартқыш және ұстаралар да қауіпті.
Сондай-ақ, ұсақ бөліктер, мысалы, винт, ойыншықтардың көзі, мұрны, басқа бөліктері қауіпті.
Баланың бөгде затты жұтуының симптомдары қандай?
Егер бала бірдеңе жұтып қойса, балада жайсыздық сезімі пайда болады. Тыныс алуында, сөйлеуде, жұтуда немесе жылауда мәселелер пайда болады. Балада сілемей ағуы күшейеді, құсу, кеудесінде немесе асқазанында ауырсыну пайда болады.
Қандай көмекті өзіңіз көрсете аласыз?
Егер бала кішкене батареяны жұтып қойса, шұғыл түрде дәрігерді шақырыңыз.
Егер бала бірдеңе жұтып қойғандығын білсеңіз, жайсыздық белгілерін қадағалаңыз.
Егер балада тыныс алуында, сөйлеуде, жұтуда немесе жылауда мәселе болса, сондай-ақ, лоқсу, сілемей ағуы, құсу, кеудесінде немесе ішінде ауырсыну болса, шұғыл түрде дәрігерге көрініңіз.
Күшті жайсыздықта немесе баладағы жайсыздық тиынды жұтқаннан кейін пайда болса, «жедел жәрдемді» шақырыңыз. Өзін жақсы сезінсе де, бірнеше күн бойы қадағалап, нәжісінен жұтқан тиынды тексеріңіз.
Әдетте, бала бір затты (түйреуіш немесе әйнек секілді өткір болса да) кездейсоқ жұтып қойса, олар нәжіспен өздігінше шығып, зиян келтірмеуі мүмкін.
Баланың нәжісін тексеріп, бөгде заттың организмнен шығуына көз жеткізіңіз.
Іш жүргізетін немесе қосымша талшық бермеңіз.
Егер бөгде нысан бірнеше күн бойы нәжісте болмаса, дәрігерге көрініңіз.
Баланың тыныс алу жолдарында бірдеңе тұрып қалуының симптомдары қандай?
Егер бір затты жұтуда ол көмейде тұрып қалса, оның тыныс жолдары бітеліп қалуы мүмкін.
Егер тыныс алу жолдары жартылай жабық болса, жөтел, қарлығу немесе басқа тыныс алу мәселелері пайда болуы мүмкін. Шұғыл медициналық көмек қызметіне хабарласу қажет.
Бұл симптомдар өздігінше өтсе, баланы бірнеше күн бойы респираторлық инфекция симптомдарына (мысалы, қызба немесе жөтел) қадағалаңыз.
Баланың тыныс алу жолдарында бөгде зат тұрып қалуы туралы инфекция немесе қабыну пайда болғанша білмеуіңіз де мүмкін.
Егер баланың тыныс алу жолдары толық жабылып қалса, бала тыныс ала алмайды.
Қандай көмекті өзіңіз көрсете аласыз?
Дереу дәрігерге хабарласыңыз, егер баланың көмейінде бөгде зат тұрып қалды деп санайтын болсаңыз.
Тыныс алуы қиындаса, «жедел жәрдемді» шақырыңыз. Егер бала есін білсе және өздігінше тыныс алатын болса, көмек келгенге дейін мұқият қадағалаңыз. Егер бала есін білмесе, немесе тыныс алмаса, әдісін білсеңіз, жасанды тыныс алуды, Геймлих шарасын, арқасын қағып, іш қабырғасын саусақпен аздап ұрғылауды орындаңыз.
Балаға тамақ, су бермеңіз, бөгде затты саусақпен итермеңіз.
Мұрындағы бөгде заттың болуының симптомдары қандай?
- Мұрыннан шығатын бөлінді сасық иісті немесе қан араласқан.
- Мұрынмен тыныс алу қиындаған.
- Мұрындағы тітіркеніс.
- Бала мұрнында бөгде затты сезеді.
Қандай көмекті өзіңіз көрсете аласыз?
Мұрындағы бөгде зат тітіркеніс, инфекцияны, немесе тыныс алудың қиындауын туындатуы мүмкін.
Көрінбейтін немесе жеңіл түрде алынбайтын нысанды алуға тырыспаңыз, себебі, оны әрі қарай мұрын қуысына қарай итеріп жіберуіңіз мүмкін.
Қысқышты, мақта тығынды немесе басқа аспаптарды бөгде затты алу үшін қолданбаңыз.
Бала мұрын арқылы емес, ауыз арқылы тыныс алсын.
Егер жеңіл және қауіпсіз істей алсаңыз, мұрында қандай нысан тұрып қалғандығын анықтаңыз. Бір жағын басып, баланы абайлап, бөгде зат тұрып қалған екінші жағымен тыныс алуын сұраңыз. Осы жағымен тым қатты немесе көп тыныс алмауын өтініңіз.
Бұл шара көмектеспесе, немесе нысанды алып тастау қиын болса, дәрігерге көрініңіздер.
Егер баланың мұрын қуысы бөгде затты алып тастаған соң тітіркенген, немесе жұқпаланды деп санасаңыз, дәрігерге көрініңіздер.
Баланың құлағында бөгде зат болса, не істеу қажет?
Құлақтағы бөгде зат құлақтың инфекциясын туындатуы мүмкін.
Дәрігер баланың құлағында тұрып қалған кез келген затты алып тастауы қажет. Көптеген зақымдаулар ата-аналар өздері бөгде затты алып тастауға тырысқанда орын алады.
Қысқыш, мақта тығынды немесе басқа аспаптарды бөгде затты алу үшін қолданбаңыз.
Дәрігерге көрініңіздер.
Құлақта қоңыз және басқа жәндіктер тұрып қалуы мүмкін.
Кейде жәндіктерді жылы сумен мұқият жуып, алып тастауға болады.
Бұл да көмектеспесе, дәрігерге көрініңіз.
Баланы осы мәселелерден қалай қорғай аласыз?
Ұсақ, әдемі, жылтыр заттарды баланың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
7 жасқа дейінгі балаларға жұтып қоймас үшін арахис, попкорн немесе сағызды беруге болмайды.
Тамақты ұсақ бөліктерге кесіңіз, бала оны жеңіл шайнай алады. Етті және тұтас жүзімді ұсақ етіп кесіңіз, хот-догтарды – ұсақ таяқшаға (дөңгелек бөліктерге емес) бөліңіз.
7 жасқа дейінгі балаларға қақалып қалмас үшін сағызды немесе соратын кәмпитті бермеңіз.
Кішкентай батареяларды баланың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Ойыншықтардың жапсырмасын оқыңыз, баланың жасына қатысты ұсыныстарды орындаңыздар. 3 жасқа дейінгі балаларға ұсақ бөлігі бар ойыншықтармен ойнауға рұқсат бермеу қажет.
Баланың ойыншығын қарап отырыңыз. Сынбауын тексеріп, сынғандарын лақтырып отырыңыз.
Балаларға ауызға, мұрынға ойыншықтарды салмауын, немесе жұтпауын айтыңыздар.
Балалар жылағанда немесе жиі тыныс алғанда тамақ жегізбеңіздер.
Тұншығудың алдын алу үшін балаларға тамақ ішетін кезде ойнауға, күлуге немесе сөйлеуге жол бермеңіздер.
Дәрігерге қашан көріну қажет?
Баланың тыныс алу жолдарында бірдеңе тұрып қалса, (тыныс алуы кенет қиындаса) медициналық жәрдемді шақырыңыз.
Егер балаңыз жайсыздықты сезінсе, оны шұғыл жәрдем бөлімшесіне жеткізіңіз.
Балаңыздың жағдайы туралы күмәніңіз немесе сұрақтарыңыз болса, дәрігерге көрініңіз.