.

Бруцеллёз | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Бруцеллёз

Бруцеллёз (Син. Банг ауруы, Брюс ауруы, мелитококкоз) – инфекциялық ауру, ұзақ өтуімен, жүйке және жүрек-қантамыр жүйелерін, сондай-ақ, сүйек-буын аппаратын зақымдаумен сипатталады.

Бруцеллёздың қоздырғыштары — бруцелла тектес бактериялар — төмен температураны және мұздатуды жақсы көтереді, суда 5 айға дейін, топырақта — 3 ай және одан жоғары, сиыр сүтінде — 45 күнге дейін, жұмсақ сүзбеде (брынза) — 60 күнге дейін, майда, кілегейде, простоквашада, балғын сырда — олардың тағамдық құндылығы бойы сақталады; мұздатылған етте — 5 айдан артық, тұздалған теріде — 2 ай, жүнде — 3—4  айға дейін сақталады. Сүтті қайнатқанда, пастерлегенде бруцеллалар жойылады. Зарарсыздандыратын құралдар бактерияларды бірнеше минут ішінде жояды.

Бруцеллёзбен көбінесе, үй жануарлары ауырады (ешкі, қой, сиыр, шошқа), бұл кезде жануарларда түсіктер немесе өлі туу байқалады. Бруцеллалар қоршаған ортаға ауыратын жануарлардың сүтімен, несебімен және түсік кезінде жатырдан бөліндімен түседі. Бруцеллёздың қоздырғыштары сондай-ақ, ауыратын жануарлардың етінде болады.

·         Б. ешкі-қой түрі – этиологиялық Б. нұсқасы, адамда Brucella melitensis арқылы туындайды ауыр өтеді, көп қайталанады, түрлі асқынуы болады.

·         Б. сиыр түрі - этиологиялық Б. нұсқасы, Brucella abortus арқылы туындайды; адамда аурудың салыстырмалы түрде жеңіл өтуімен сипатталады.

·         Б. жіті түрі - клиникалық Б. түрі, қызбамен, қалтыраумен, күшті терлеумен, уыттанумен, полиаденитпен, артритпен, бауыр мен көк бауырдың ұлғаюымен, лейкопениямен, жүйке-вегетативтік бұзылыстармен сипаттамалады.

·         Б. көк түрі - этиологиялық Б. нұсқасы, Brucella suis туындайды; адамда сирек кездеседі, салыстырмалы түрде жеңіл өтуімен сипатталады.

·         Б. созылмалы түрі - клиникалық Б. түрі, ұзақ өтуімен, организмнің аллергиялық серпіні кезінде қандай да бір ағзалар мен жүйелердің зақымдануына сәйкес дамитын көптеген түрлі симптомдармен сипатталады.

Адам организміне бруцеллалар тыныс алу және ас қорыту жолдарының сілемей қабаты  арқылы, сондай-ақ, зақымданған тері арқылы (сызаттар, т.б.) өтеді. Адам бруцеллёзбен ауыратын жануарлардың шикі сүтін және одан дайындалған өнімдерді (сыр, май, сүзбе, брынза) және дұрыс піспеген немесе дұрыс қуырылмаған етті тұтынғанда  жұқпаланады. Жұқпалану тері мен жүнді өңдейтін өндірісте, ауыратын жануарларды баққанда олардың бөліндісімен жұқпаланған заттар арқылы орын алуы мүмкін. Сауыншылар, бұзау бағушылар, қойшылар, мал дәрігерлік мамандар, зоотехниктер жиі шалдығады.

Инкубациялық (жасырын) кезеңі бір аптадан бірнеше айға дейін созылады, көбінесе, 1-3 апта. Бруцеллёз көптеген клиникалық симптомдармен сипатталады, оның барысы түрлі ауырлықты дәрежеде өтеді. Ауру біртіндеп басталады: аздап әлсіздену, ұйқысыздық, кейде ашушаңдық, бас ауыруы, буын мен бұлшық еттегі ауырсыну, тәбеттің төмендеуі, дене температурасының 37,1—37,3°С артуы байқалады. Бруцеллёз жиі жіті түрде келесідей басталады: температура 39— 40°С дейін артады, қалтырау, әлсіздік, көп терлеу, бұлшық еттегі күрт ауырсыну, буынның құрысуы және ауырсыну болады. қантамырлардың, жүйке жүйесінің, сүйек-буын аппаратының зақымдануы тән, кейде психикалық бұзылыстар болады. Ауру орташа шамамен, 3 айға созылады, бірақ, 1-2 жыл немесе одан ұзаққа созылуы мүмкін. Бруцеллёздың тұрақты қалған көріністері мүгедектікке апаруы мүмкін. Жүкті әйелдерде өздігінше түсік тастау орын алуы мүмкін.

Емдеу. Жіті септикалық түрінде негізгісі - этиотроптық емдеу, ол 3-4 апта бойы жалғасады. Тетрациклин тобының антибиотиктері, стрептомицин, левомицетин, рифампицин тағайындалады. Созылмалы түрінде вакциналық емдеумен қоса жалпы нығайту шаралары өткізіледі. Санаторлық-курорттық емдеу  бруцеллездің клиникалық симптомдары жойылғаннан кейін 6 айдан кейін ұсынылады. Өмірге болжамы – оң, алайда, ауру еңбекке қабілетті ішінара жоғалтуға апарады.

Алдын алу. Ауыл шаруашылығы жануарларының бруцеллезімен күрес. Бруцеллезге қарсы вакцинация – қауіп тобындағы адамдар арасында.

 
Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.