.

Бұғана сынуы | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Бұғана сынуы

Бұғана дегеніміз не?

Бұғана-бұл иық буының негізгі сүйектерінің бірі. Ол иықты ұстап тұрады және жауырынмен бірге құстұмсық-бұғана буынында иыққа тұрақтылық және күш береді. Бұғана мойын және иық аймағындағы жүйкелерді және қан тамырларын қорғайды.

Бұғана сынуының себебі неде?

Бұғананың сынуы созылған қолмен құлау немесе өздігінен бұғана мен иықпен байланысуы арқылы шақырылады. Бұл жиі жағдайда футбол, күрес немесе хоккей тәрізді спорттық ойындарда кездеседі.

Бұғана-өте жиі сынуға бейім сүйектердің бірі. Көптеген жағдайда бұғананы 13-20 жас аралығындағы жастар сындырады. Кішкентай жастағы балаларда ойын барысында сындырып алу қаупі жоғары.

Бұғана сынуы кезіндегі симптомдар:

  • Бұғанамен құлаған немес соққы алған жағдайда иық буынындағы бірден басталатын ауру сезімі
  • Ауырсынуына байланысты қолын көтере алмау
  • Жарақаттанған қолды көтерген кезде қысылу сезімі

Жарақаттанған иық әрқашан шығып кетумен бірге жүрмейді, бірақ өзгерістері бар болса бұғана бойымен құстұмсық-бұғана буынында ісік немесе түйін түрінде көрінеді.Сүйек теріні сирек жағдайда тесіп өтеді, бірақ қалқа тәрізді ісік түзіп теріні созуы мүмкін.

Бұғана сынығы әдетте ауыр жарақат емес. Бұғана сынығы сирек жағдайда өкпенң немесе қабырғаны зақымдауы немесе жүйкелер мен қантамырларды басып қалуы мүмкін бұл өз кезегінде қолдың бозаруына, шымырлауына және суықтау немесе жансыздану сезіміне әкелуі мүмкін.

Бұғана сынығын анықтау

Дәрігер бұғана сынығын сұрақ қойып және тексеріп анықтайды. Дәрігер тексереді:

  • Зақымдалған аймақта ісік немесе түйіннің бар-жоғын;
  • Қан келуі-пульсті санап, тері түсін қарап және температураны өлшеп
  • Зақымдалған жүйке және қан тамырларын анықтап
  • Иық және басқа буындарын қозғалту қабілетін
  • Иық бұлшықеттерінің күшін

Дәрігер әдетте сынықтың орнын және ауырлығын анықтау мақсатында рентген зерттеуін жасайды.

Емдеу әдісі

Көп жағдайда бұғана сынуы өздігімен жазылады және сирек операцияны қажет етеді. Сүйек бітісіп кеткенше міндетті түрде қол, иықтың қозғалмауын қамтамасыз етіп ұстап тұру үшін таңамыз. Ересек адамдар таңумен бірнеше күннен аптаға дейін жүреді; ал балаларға 3-4 аптаға дейін жүру керек. Сонымен қатар балаларға сегіздік түрінде таңғыш байлауға болады. Иықты дұрыс қалпында ұстап тұру үшін кейде таңғышты түзетіп отыру керек.

Бірден жай жаттығулардан бастап, егер ауырсыну болмаса біртіндеп қатайтушы жаттығуларға көшуге болады. Жаттығуды қай уақыттан бастап жасауға болатынын міндетті түрде дәрігерден сұрау керек. Жаттығуды ерте бастаған жағдайда, бұғана сынығы ойдағыдай жазылмауы мүмкін. Белсенді адамдарға иығын қозғалту оңай болғанға дейін және иығы қатайғанға дейін спорттық ойындармен немесе басқа да әрекеттермен айналысуға болмайды.

Ауырсынуды басу үшін ацетаминофин немесе қабынуға қарсы стероидты емес препарат мысалы, аспирин, ибупрофен немесе напроксен қабылдауға болады. Рейе синдромы қаупі туындамауы үшін аспиринді 20 жастан жас адамдарға қабылдауға болмайды.

Сынықтың ауыр түрінде хирургиялық араласуды ұсынуы мүмкін.

Аударған: Тилеубергенова Гулжазира Таңатарқызы

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.