Булимия
Тамақты шектен тыс ішу мен тәбеттің тым жоғары болуы - Булимия деп аталады. Жалпы әлсіздік және іштегі ауырсынумен сипатталады,гиперинсулинизм,мидың зақымдалуы кезінде пайда болады.Қазіргі кезде булимияны 2 түрге бөледі.
Бірінші түрі-жүйкелік булимия-25-30 жас аралығында пайда болады.Қатты мазсызданған адам қандай да бір затты жеу арқылы өзін қалыпқа келтіреді.Алғашында тек стресс уақытында тағам қабылдайды,одан кейін кез келген жағымсыз әсер болған сайын тағам қабылдай береді.Өмірінде тағамнан басқа ештене ойламайтын деңгейге дейін жетеді.
Алайда кез келген стресс кезінде адамнын тағамға деген ынтасы булимия болып таблмайды.Егер осы жағдай қайталана беретін болса немесе өмір сүруге,жұмыс істеуге өз кедергісін келтіретін болса онда міндетті түрде дәрігерге қаралып анықтау керек.
Булимия кезінде адамда тойымдылық қасиеті жоғалады,тағамда қабылдау кезінде өін-өзі басқара алмай тағамды қабылдай береді, тек құсу,іштің қатты ауырсыну белгілері болғанда ғана тоқтайды.Науқас өзінде қандай да бір бұзылыстың бар екенін сезіне бастап,өзін-өзі алдауға көшеді яғни келесі дүйсенбіден бастап тағам қабылдауға шектеу қоятынына сөз береді.Алайда әр дүйсенбі сайын ол мақсат орындалмай қала береді.
Булимияның екінші түрі-әдетте пубертты кезеңдегі қыз балаларда кездеседі.Бұл жаста тәбеттің артуы мен салмақтың қалыпты болуы қыз балаларда бір деңгейде жүреді сондықтан еш уайым шақырмайды.Тек тәбеттің артуы ұзаққа созылып салмақтың қосылуы жоғарлай бергенде ғана булимияға күдік бола бастайды.
Емі.
Булимияны қаншалықты тез анықтаса емі де соншалықты тиімді болады.Алғашында тек қана мамандандырылған психотерапия ғана қолданылады.Алайда ең тиімді болып психотерапияны диетотерапиямен және дәрілік препараттармен біріктірп емдеу болып табылады.
Булиямияны ауруханада жатқызып емдеу жақсы нәтиже береді.Науқасқа түрлі психотерапиядан кейін міндетті түрде ем алу керектігін түсіндіреді одан кейін соған орай шаралар жасалып тағам рационы қалыптастырылады.
Аударған: Мелис Айбек