.

Диабеттік нефропатия | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Диабеттік нефропатия

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдар

Диагностика

Емі

Болжамы

Дәрігерге қашан қаралу керек?

 

Жалпы ақпарат

Диабеттік нефропатия – қант диабетімен ауыратын адамдарда пайда болатын бүйректердің зақымдануы. Бұл жағдай қант диабетінің асқынуы болып табылады.

 

Себептері

Әрбір бүйрек жүз мыңнан астам нефрондардан тұрады. Бұл нефрондар қанды тазалап және қоқыстарды (шлак) организмнен шығаруға көмектеседі.

Қант диабеті бар адамдарда нефрондар бірте-бірте қалындап, склерозданады

  • Бүйректердің фильтрациялық қабілеті бұзылады, содан нәруыздар (альбумин) зәрге түседі.
  • Бұл зақымдалу басқа симптомдар пайда болғанға дейін бірнеше жыл бұрын пайда болу мүмкін.
  • Қант диабеті кезінде бүйректер зақымдалу себебі белгісізз. Бірақ, ол бақыланбайтын қант диабеті мен артериальды гипертония қосылысынан пайда болады деген ой бар.

Кейбір жағдайларда тұқымқуалаушылық рөл ойнайды. Диабет бар пациенттердің барлығында бүйрек зақымдала бермейді.

20 жасқа дейін пайда болған, темекі шегетін 1 типті қант диабеті бар пациенттерде бүйрек зақымдалу қаупі жоғары.

 

Симптомдар

Симптомдар негізі баяу және ұзақ жылдары бойы дамиды. Бірінші симптомдар пайда болғанға дейін 5-10 жыл бұрын бүйректер зақымдалу мүмкін.

Мынадай симптомдар кездеседі:

  • Тез шаршағыштық
  • Жалпы әлсіздік
  • Бас ауруы
  • Құсу және лоқсу
  • Тәбеттің болмауы
  • Аяқтардың ісінуі

 

Диагностика

Бүйректердің зақымдалуын анықтау үшін дәрігерге сізге анализдер тағайындайды. Жылына бір рет сіз зәр анализын тапсырып тұрасыз. Зәрді альбумин атты нәруызға тексереді.

  • Зәрде нәруыз мөлшерінің көп болуы, бүйректердің зақымдалуын көрсетеді
  • Микроальбуминурия – зәрде аз мөлшерде альбумин анықталуы

Диабеттік нефропатиямен бірге жоғары артериальды қысым болады. Бұл жағдайда артериальды қысым тез көтеріледі және қиын бақыланады.

Бүйректерді тексеру үшін пациенттер жыл сайын мынадай қан анализын тапсырады:

  • Мочевинаның қалдық азоты
  • Сарысулық креатинин

Бүйрек биопсиясы диагнозды дәлелдейді. Биопсияны тек қана диагноз анықтау қиын болған сәтте ғана жасалады.

 

Емі

Ем көмегімен бүйректің зақымдалу процессін баяулатуға болады. Зәрде бірретік көп мөлшерде нәруыздың болуы, бүйректердің баяу зақымдалуы туралы айтады.

Артериальды қысымды бақылауы ( 130/80 мм.с.б.б деңгейге дейін) бүйректердің зақымдалуын баяулатады

  • Артериальды қысымды түсіретін препараттар бүйректердің алдағы зақымдалуын алдын алады. Диабеттік нефропатие кезінде артериальды гипертония қарсы мынадай препарат топтары қолданылады: АПФ ингибиторлары және ангиотензин рецептор блокаторлары.
  • Бұл препараттар қалып артериальды қысым кезінде де көмектеседі.

Бүйрек зақымдалуын баяулату үшін көмектеседі: майлы тағам шеткелген диета, холестерин деңгейін бақылау үшін препараттар және күнделікті физикалық жаттығулар.

Қант деңгейін бақылау бүйректердің зақымдалуын алдын алады:

  • Диета ұстану
  • Тұрақты түрде инсулин немесе басқа препараттарды қабылдау
  • Үй жағдайында қантты бақылау үшін негізге кеңестерді білу
  • Өздігінен қант деңгейін тексеру

Бүйректеріңізді сақтап қалу үшін мынаны біліңіз:

  • МРТ, КТ немесе басқа тексеру әдістері кезінде контрастылық зат қолданар алдында дәрігерге сізде қант диабеті бар екенін айтыңыз.
  • Стеоридты емес қабынуға қарсы препараттарды қабылдау алдында дәргердең кеңес алыңыз. Бұл препараттар да бүйрек зақымдау мүмкін.
  • Сіз зәр шығару жолдарын инфекциясының симптомдарын білуіңіз керек және ол симптомдар пайда болған сәтте дәрігерге қаралып емделу қажет болады.

 

Болжамы

Диабеттік нефропатия қант диабеті бар науқастарда өлім себебінің бірі болып табылады. Бұл ауру диализ жасауға немесе бүйрек трансплантациясына дейін алып келуі мүмкін.

 

Дәрігерге қашан қаралу керек?

Сізде қант диабеті бар және сіз стандартты зәр анализін тапсырмасаңыз, міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз.

 

Аударған: Қартанбаев Бақберген Батырбекұлы

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.