Диспепсия (ас қорытудың бұзылысы)
Мазмұны
Дәрігерге көрінуден нені күтуге болады
Жалпы ақпарат
Диспепсия немесе ас қорытудың бұзылысы – бұл іштің жоғарғы бөлігіндегі жеңіл жайсыздық, тамақ ішу кезінде немесе ішкеннен кейін пайда болады, келесі түрде сезілуі мүмкін:
- Кіндік пен төссүйегінің арасындағы қызу, күйдіру немесе ауырсыну сезімі
- Тамақ ішкен кезде немесе ішкеннен кейін бірден пайда болатын жағымсыз, іштің толып кету сезімі
Іштің кебуі және жүрек айнуы - жиі кездеспейтін симптомдары.
Диспепсия – қыжылдың симптомына жатпайды.
Көбінесе, егер қан кетуі, салмақ жоғалту немесе жұту секілді басқа симптомдармен бірге болмаса, диспепсия денсаулыққа қатысты күрделі мәселенің белгісі емес.
Кейбір сирек жағдайда жүрек ұстамасы кезіндегі жайсыздық диспепсия ретінде қате қабылдануы мүмкін.
Диспепсияның туындау себептері:
• Алкогольді шамадан тыс тұтыну
• Татымдылығы көп, майлы немесе қуырылған тағам
• Тамақты шамадан көп ішу
• Тамақты тез ішу
• Күйзеліс немесе күйгелектену
• Талшығы мол тамақты тұтыну
• Темекі шегу
• Кофеинді шамадан тыс көп тұтыну
Диспепсияның басқа себептері:
• Өт тастары
• Гастрит (асқазанның сілемей қабатының қабынуы және ісінуі)
• Ұйқыбезінің қабынуы (панкреатит)
• Ойықжаралар (асқазанның немесе ішектің)
• Кейбір дәрілік препараттарды қабылдау, мысалы, антибиотиктерді, аспиринді немесе ауырсынуды басатындар (НПВП – стероидты емес қабынуға қарсы препараттар).
Үйдегі күтім
Тамақтану тәртібін өзгерту симптомдарды жеңілдетеді, ол үшін орындау қажет:
• Тамақты асықпай ішу
• Тамақты мұқият және толығымен шайнау
• Тамақ ішкенде сөйлеспеуге тырысыңыз
• Тамақ ішкенен кейін бірден толқу немесе дене жаттығуларын орындаудан алшақ болыңыз.
• Жайбарақаттанып, демалыңыз, егер бұзылыс күйзелістен туындаса.
Аспиринді немесе басқа НПВП - стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды қабылдаудан алшақ болыңыз. Егер оларды қабылдау қажет болса, тамақ ішкеннен кейін қабылдаңыз.
Антацидтерді қабылдау (асқазан сөліндегі тұз қышқылын бейтараптандыратын препарат) диспепсияны жеңілдетеді.
Ранитидин (Зантак) және омепразол (Прилосек) секілді дәрілік препараттар да симптомдарды жеңілдетеді. Дәрігер осы дәрілерді үлкен мөлшерлемесімен немесе ұзақ уақыт бойы қабылдауды ұсынады.
Қашан дәрігерге көріну қажет
Иегіңізде, кеудеңізде, арқаңызда ауырсыну болса, тершеңдік, мазасыздану немесе шарасыздық сезімі болса, шұғыл дәрігерге көріну қажет. Бұл жүрек ұстамасының симптомдары болуы мүмкін.
Келесі жағдайларда дәрігерге көрініңіз:
• Диспепсия симптомдарының өзгерісін байқасаңыз
• Симптомдар бірнеше күннен артық созылса
• Түсініксіз салмақ жоғалту пайда болса
• Кенеттен, күшті ауырсыну пайда болса
• Жұтуда мәселелер пайда болса
• Тері мен көздің ағы сарғайса (сары ауру)
• Құсықта немесе нәжісте қан пайда болса
Дәрігерге көрінуден нені күтуге болады
Дәрігер асқазан мен ас қорыту жолдарының аумағын тексереді. Симптомдар туралы сұрақтар қояды.
Дәрігер келесі тексерулерді тағайындайды:
• Іш қуысынынң УДТ (УЗИ)
• Қан талдауы
• Фиброгастродуоденоскопия.
Синонимдары
Индигестия; тамақ ішкеннен кейінгі іштің толып кету сезімі.