Дивертикулез
Дивертикулез –тоқ ішектің қабырғасында өспе тәрізді құрылымның (ішек дивертикулы) өсіп шығуымен сипатталатын ауру. Дивертикулдар ұзақ уақыт бойы ешқандай көрініс бермей келуі мүмкін. Олар қабынған кезде немесе инфицирленген жағдайда аурып қанауыда ықтимал.
Ішек дивертикулы ішілік қысымның әртүрлі себептерге байланысты жоғарылауынан пайда болады. Бұл жағдайда, ішек қабырғасының әлсіз жерлері ішілік қысымының әсерінен, мөшек тәрізді кеңейіп құрсақ қуысына шығады. Ішек дивертикулының өлшемдері әр түрлі болады.
Ішек дивертикулы, көбінесе, 20-60 жас аралығындағы адамдарда кездеседі. Дивертикулдар тек қана тоқ ішекте емес, басқа да ас қорыту жүйесінің бөлімдерінде пайда болуы мүмкін.
Адамдардың көбісі оларда дивертикулез бар екенін сезбейді. Ол, біріншіден, оның ұзақ уақыт бойы ешқандай көрініс бермейтінімен байланысты.Дивертиклез диагнозы қойылса, оны арнайы диетамен емдейді. Ем тағандайындау кезінде іш қатуына жол бермеуіне айрықша көңіл бөлінеді.
Аударған: Тілеубек Нұридін