.

Екібасты бұлшықеттің тендиниті | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Екібасты бұлшықеттің тендиниті

Екібасты бұлшықеттің тендиниті– алдыңғы бұлшықет тобына жататын, тоқпан жілікті иық буынымен қосатын, сіңірдің қабынуы. Қабыну үрдісі науашық бойында болады, яғни сіңір тоқпан жіліктен жоғары қарай бағытталып, иық буынынан сәл жоғары байланысқан жерде.

Себебі болып табылады:

  • Артық күштеме жасау, мысалы ауыр метал көтеретін спортшылар.
  • Қабыну үрдістері, мысалы, артрит және бурсит.
  • Инфекция.
  • Жарақаттар.

Мүмкін болатын симптомдар:

  • Қолдың алдыңғы бетіне таралатын иықтағы ауырсыну.
  • Екібасты бұлшықеттің иықпен байланысар жеріндегі сезімталдылықтың жоғарлауы.
  • Иық қозғалысының төмендеуі және ауырсыну.
  • Ісінген екібасты бұлышықет.

Емдеу курсы жүргізіледі: тыныштықта, салқындықта, компрессия, жеңіл жаттығулар, темекі тарту және стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды қабылдамау. Темекі тарту тендиниттен еміне кері әсер етеді, себебі ол қанайналысды төмендетеді және тіннің қалпына келуін тежейді. Ыңғайлы болу үшін уақытша ұсиап тұрушы таңғыш пайдаланса болады. Егер үй жағдайындағы ем нәтижесіз болса, сирек жағдайда хирургиялық араласулар қолданылады.

Аударған: Бердібек Ағабек

 

 
Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.