.

Энтропион (қабақтың өзгеруі) | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Энтропион (қабақтың өзгеруі)

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Аурудың болжамы

Мүмкін асқынулары

Қашан дәрігерге көріну қажет

Алдын алу

 

Жалпы ақпарат

Энтропион немесе қабақтың өзгеруі – қабақтың бөлігінің немесе барлық шетінің ішіне қайырылуы, осыдан мөлдірқабыққа кірпіктер тиіп тұрады. Мөлдірқабық  – бұл көз ұясының алдыңғы дөңестеу мөлдір бөлігі. 

Көз – сфера тәрізді көру ағзасы. Ол қуыс және сұйықтыққа толы. Аққабықтан, мөлдірқабықтан тұратын көздің сыртқы қабаты қорғаныс қызметін атқарады. Көздің ортаңғы қабаты тамырлардан тұрады. Ішкі қабаты (торқабық) нервтерден және жарық-түске сезімтал жалғамдардан тұрады. Сондай-ақ, мөлдірқабықтың артында орналасқан нұрлы қабық бар, ол –жұқа қозғалмалы пластина, ортасында қарашық аталатын дөңгелек ойығы бар. Оның артында қарақ (көз бұршағы) орналасқан, ол – линза түріндегі мөлдір созылмалы дене, оның басты қызметі – жарықты сындыру. Конъюнктива – қабақтың ішкі бөлігін жауып тұратын сілемей қабығы.

 

Себептері                                                           

Энтропион туа біткен болуы мүмкін, көз ұясының құрылысы мен бұлшық етінің орналасуының бұзылуында.

Жоғарғы қабақтың қайырылуы тек туа біткен болады және тұқым қуалайтын ауруларда байқалады, мысалы, микрофтальм, көз ұясының өлшемі қалыпты жағдайдан кіші болғанда.  

Қабақтың төменгі жағының қайырылуы ересектерде көздің дөңгелек бұлшық етінің жұмысында бұзылыс болуынан – еріксіз жиырылуынан немесе салдануынан (жиырыла алмауынан), сондай-ақ, жарақаттың, күйіктің немесе қабынудың салдарынан  конъюктиваның тыртықтануынан пайда болады.

Энтропионның пайда болуының қауіп факторалы:

  • Егде жас (жасқа байланысты көздің төменгі бөлігін қоршайтын бұлшық еттердің әлсіздігі салдарынан дамиды)
  • Көздің жарақаты
  • Көздің жұқпалы аурулары
  • Көздің химиялық күйігі

 

Симптомдары

  • Жас ағуы
  • Қызару
  • Көздегі жайсыздық және ауырсыну
  • Көзге құм түскендей сезім
  • Қышу және күйдіру сезімі
  • Көздің тітіркенуі
  • Мөлдірқабық зақымданғанда көрудің нашарлауы

 

Балаларда қабақтың қайырылуы симптомсыз өтеді және көзге мәселе туындатпайды, себебі, кірпіктер өте жұмсақ және көзге зақым келтірмейді.

 

Диагностика

Дәрігер қабақтың қайырылуын науқастың қабағын қарап, анықтай алады. энтропионды анықтау үшін ешқандай қосымша талдау қажет емес.

 

Емдеу

Құрамында жасанды көз жасы бар тамшылар қолданылады – олар құрғақтықты жоюға және тітіркену сезімін азайтуға көмектеседі. Көздің қабынуы болуында дәрігердің тағайындауымен бактерияға қарсы тамшылар қолданылады.

Қабақтың орналасуын түзейтін хирургиялық операциялар тиімді болады. Олар көздің дөңгелек бұлшық етінің әлсіздігінде, салдануында, түйілуінде және коньюктиваның тыртықтануында қолданылады. Операция көздің дөңгелек бұлшық етінің және тері бөлікшесінің кесілуімен орындалады, осылайша, қабақ қайырылмайтын етіліп, дұрыс орналастырылады.

 

Аурудың болжамы

Әдетте, энтропионды уақытылы анықтауда және емдеуде асқынусыз, тез емделеді.

 

Мүмкін асқынулары

Көздің құрғақтануы және тітіркенуі келесі қауіптің пайда болуын арттырады:

  • Көздің мөлдірқабығының зақымдануы – көрудің нашарлауы немесе көруді жоғалту
  • Көздің мөлдірқабығында ойықжараның пайда болуы
  • Көздің инфекциясы

 

Қашан дәрігерге көріну қажет

Дәрігерге көріну қажет, егер:

  • Қабақтарыңыз ішіне қайырылғанда
  • Көзде ылғи бөгде зат тұрғандай сезінуде
  • Көзде ауырсыну болады
  • Күрт көру нашарласа
  • Көз кенеттен қызарғанда
  • Көз жарыққа тым сезімтал болғанда

 

Алдын алу

Көпшілік жағдайда қабақтың қайырылуының алдын алуға болады. Алайда, емдеу асқынудың қаупін азайтады.  

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.