.

Ересектердегі диарея (іштің өтуі), құсу және сусызданудың алдын алу | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Ересектердегі диарея (іштің өтуі), құсу және сусызданудың алдын алу

Мазмұны

Іштің өтуі мен құсу қауіпті болуы мүмкін бе?

Құсу мен іштің өтуінің пайда болу себептері қандай?

Қалай организмнің сусыздануының алдын алуға болады?

Құсу мен іштің өтуін тоқтату үшін дәрілік препараттарды қабылдау қажет пе?

Балаңызда немесе жақын адамыңызда сусыздану дамығандығын қалай білуге болады?

Сусызданудың симптомдары

Қашан дәрігерге көріну қажет

Дәрігерге қойылатын сұрақтар

 

Іштің өтуі мен құсу қауіпті болуы мүмкін бе?

Іштің өтуі мен құсу қауіпті болуы мүмкін, себебі, организмнің сусыздануына апарады. Организм  сұйықтықтың үлкен мөлшерін жоғалтқанда сусыздану дамиды. Егде жастағы адамдарда сусыздану тез дамиды, бірақ, сусыздану кез келген жаста пайда болуы мүмкін.

 

Құсу мен іштің өтуінің пайда болу себептері қандай?

Іштің өтуі мен құсу вирустық, бактериалдық, паразитарлық аурулардың симптомы, кейбір аурулар мен дәрілік препараттарды қабылдаудың салдары болуы мүмкін. Кейбір өнімдерді, шала піскен етті немесе балықты  қорытудың бұзылысы да іштің өтуі мен құсуды туындатуы мүмкін.

 

Қалай организмнің сусыздануының алдын алуға болады?

Іштің өтуі мен құсу ұстамасы байқалған кез келген адамға жоғалтылған сұйықтық пен электролиттердің орнын толтыру қажет.

Іштің өтуі мен құсу кезінде жоғалтылған сұйықтықтың орнын толтыру үшін ересектер мен егде жастағы адамдар күніне, кемінде, 7-8 стақан су ішуі қажет. Егде адамдарға жоғалтылған сұйықтықтың орнын толтыру үшін ішуге арналған регидратациялау ерітінділері тағайындалуы мүмкін (нұсқау). 

 

Құсу мен іштің өтуін тоқтату үшін дәрілік препараттарды қабылдау қажет пе?

Әдетте, қажеті жоқ, себебі, құсу мен іштің өтуі тез өтеді. Инфекциялар кезінде құсу мен іштің өтуі - инфекциялық бөлікті организмнен шығаруға организмнің қорғаныстық реакциясы. Құсу мен іштің өтуін тоқтататын дәрілерді қабылдау организмнің өздігінше қалпына келуіне кедергі келтіруі мүмкін. Сондай-ақ, антибиотиктерге де қажеттілік жоқ. Дәрілік препараттар қажет деп санасаңыз, дәрігерге айтыңыз.  

 

Балаңызда немесе жақын адамыңызда сусыздану дамығандығын қалай білуге болады?

Адамда сусыздану дамығандығын болжау қиын. Әдетте, сусызданудың симптомдары ауыр дәрежесіне өткенде пайда болады. Сусызданудың келесі симптомдарының бірі байқалса, әсіресе, егде жастағы адамдарда, дәрігерге көріну қажет. Ауыр сусыздану жағдайында іштің өтуі мен құсу кезінде жоғалтылған сұйықтықтың орнын толтыру үшін науқасқа көктамыр (вена) арқылы сұйықтық енгізу қажет болуы мүмкін.

 

Сусызданудың симптомдары

  • Несептің мөлшерінің азаюы немесе болмауы, түсінің қошқыл болуы
  • Несептің жүруінің сиреуі
  • Шөлдеу
  • Ашушаңдық
  • Тәбеттің болмауы
  • Салмақ жоғалту
  • Ауыздың құрғауы
  • Терінің созылымдылығын және серпімділігін жоғалту
  • Ұйқы басуы.

 

Қашан дәрігерге көріну қажет

Іштің  өтуі мен құсу ушығатын болса, немесе іштің өтуіне және/немесе құсуға ұшыраған адамда келесілер байқалса:

  • Сусыздану белгілері болса (жоғарыда келтірілген).
  • Құсу 8 сағаттан артық жалғасса немесе басылмайтын сипатта болса.
  • Нәжісте қан пайда болса.
  • Құсықта қан пайда болса.
  • 8 сағат ішінде несептің жүруі болмаса.
  • Улы зат жұту кезінде.
  • Бұлшық еттің ширығуы немесе бастың күшті ауырсынуы болса.
  • Енжар немесе ұйқы басқан болса.
  • 2 сағаттан артық уақыт бойы іште ауырсыну болса.

 

Дәрігерге қойылатын сұрақтар

  • Іштің  өтуі мен құсу басқа аурудың симптомдары болуы мүмкін бе?
  • Іштің  өтуі мен құсуды емдеу үшін қандай дәрілік препараттар көмектеседі?

 

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.