Етеккір айналымының бұзылысы - дисменорея
Мазмұны
Етеккірдің симптомдары қандай?
Күрделі мәселелер бар екендігі туралы қалай білуге болады?
Дисменореяның себептері қандай?
Ауырсынатын кезеңдер қалай емделеді?
Бұл емдеу көмектеспесе, не істеу қажет?
Дисменорея дегеніміз не?
Дисменорея – әйелдердің етеккір алдында немесе басталуында түйілуді немесе ауырсынуды сезінуін сипаттайтын медициналық термин. Бұл күрделі ауырсыну емес.
Етеккірдің симптомдары қандай?
Етеккірлік түйілу іште, белде, бөкседе немесе бөксенің ішкі жағында батып ауырсыну түрінде сезіледі. Ауырсыну етеккір алдында немесе осы кезеңнің басында басталуы және 1-3 күн созылуы мүмкін. Ауырсыну қарқынды болуы және күнделікті қызметті шектеуі мүмкін.
Күрделі мәселелер бар екендігі туралы қалай білуге болады?
Келесі симптомдар болуында дәрігерге көрініңіз:
- Кеш басталған ауырсынатын етеккір,
- Етеккір кезеңінің алғашқы екі күнінде ғана пайда болатын ауырсыну
- Іншектен бөлінетін әдеттегідей емес бөліністер немесе қан кетуі
- анальгетикалық препараттар қабылдауда өтпейтін ауырсыну.
Дисменореяның себептері қандай?
Дисменореяның екі түрі бар:
- алғашқы дисменореяда ауырсыну жиі етеккірлік түйілуден туындайды
- кейінгі дисменореяда ауырсыну инфекция, аналық бездің кистасы (аналық бездегі сұйықтық толған қалташалар), эндометриоз, жатырдың сілемей қабатының ауруларынан туындайды.
Ауырсынатын кезеңдер қалай емделеді?
Электр қыздырғыш жастықшасын қолдануға немесе жылы ванна қабылдап көруге болады. Сондай-ақ, етеккір алды синдромын бақылау үшін дәрілік препараттарды қабылдауға болады.
Бұл дәрілер аспириннің немесе ацетаминофеннің кофеинмен, антигистаминдік препараттармен немесе диуретиктермен бірігуі. Мысалы: Мидол, Памприн, Премзин ПМС.
Ауырсынуды басатын дәрілік препараттар да ауырсынуды жеңуге көмектеседі. Оларға жататандар: ибупрофен және напроксен. Бұл дәрілер жеңіл немесе орташа ауырсынуды басуға көмектеседі. Егер олар көмектеспейтін болса, дәрігермен күштірек препарат туралы кеңесіңіз.
Дәрігер ұрықтануға қарсы таблеткаларды тағайындауы мүмкін. Бұл дәрілер осы кезеңдердегі ауырсынуды жеңілдетеді.
Бұл емдеу көмектеспесе, не істеу қажет?
Егер бұл әдістердің біреуі де көмектеспесе, дәрігер аналық бездің кистасының болуына немесе эндометриозға тексереді. Дәрігер УДТ (УЗИ) аналық бездің кистасының болуын көруге көмектеседі. Шағын оперативтік араласу – лапароскопия эндометриозды анықтау үшін қолданылады. Бұл әдіс теріде шағын тілік жасап, жіңішке түтік енгізу арқылы жатырдың ішін көруге мүмкіндік береді.
Дәрігерге қойылатын сұрақтар
-
Ауырсыну етеккір айналымының қалыпты құраушысы ма?
-
Қандай да бір тексеру өткізу қажет пе?
-
Ауырсынуды жеңілдету үшін не істеуге болады?
-
Өмір салтын, емдәмді өзгерту немесе арнайы жаттығулар ауырсынуды азайтады ма?
-
Ауырсыну өтпесе немесе ушығатын болса, не істеу қажет?