.

Фурункул (шиқан) | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Фурункул (шиқан)

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Аурудың болжамы

Мүмкін асқынулары

Қашан дәрігерге көріну қажет

Алдын алу

 

Жалпы ақпарат

Фурункул – шаш фоликулының және оны қоршаған тіндердің ірің тектес бактериялардан туындайтын жіті іріңді-некрозды қабынуы.

Шаш фолликулы — шаштың тамыры, оны қоршайтын тамыртүбімен бірге. Шаш фолликулының түбінде оны айнала орналасатын сезімтал нерв талшықтары болады. шашқа қол тигізу нерв жалғамдарына әсер етеді, осыдан адам қол тигізуді сезінеді. Май бездері де әр шаш фоликулымен байланысты, олар шаш пен оны қоршайтын терінің жақсы жағдайын қолдау үшін май бөледі.

Ұқсас аурулар:

• фолликулит (шаш фоликулының ортаңғы және жоғарғы бөлімдерінің беткері қабынуы, бұл қызарған түйіндермен (папула) және іріңді төмпешіктерімен;

• карбункул (бірнеше қатар орналасқан шаш фоликулдарының жіті іріңді-некрозды қабынуы, теріде және тері астылық май талшығында некроз (тіршілігі жойылған тін) ошағын түзумен.

Себептері

Фурункул – кең таралған тері мәселесі. Көпшілік жағдайда фурункулдар алтын түсті стафилококк (Staphylococcus aureus) бактериясынан туындайды. Фурункулдардың пайда болуын тері бетінде мекендейтін бактериялар немесе зеңдердің басқа түрлері де туындатуы мүмкін. Шаш фоликулдарының зақымдануы инфекцияға олардың арасында орналасқан фоликул мен тіндерге терең енуге мүмкіндік береді.

Фурункулдар дененің кез келген бөлігінде пайда болуы мүмкін, себебі, адамның бүкіл терісі шаш фоликулдарынан тұрады. Көбінесе, фурункулдар бетте, мойында, қолтық астында, бөкседе пайда болады. Олар көп немесе жалғыз кездеседі.

Симптомдары

Фурункул әдетте, тері бетінде көтеріліп тұратын шағын қызыл-қызғылт түйін түрінде пайда болады. Уақыт өте зақымданған аумақ ұлғаяды, сұйықтыққа толады. Фурункулда ірің мен тіршілігі жойылған тіндердің толуы біртіндеп күшейетін ауырсыну сезімін туындатады. 3-4-ші күні түйіннің ортасында жұмсару пайда болып, ірің бөлімен жарылады.

Ауырсыну сезімі әдетте, фурункулдың ішіндегісі сыртқа шыққанда өтеді. Жарылған жерде жасыл түсті некрозды тін - фурункулдың өзегі көрінеді.

Фурункулдың негізгі симптомдары:

·         Бұршақ көлемді дөңгелек түзіліс (түйін), кейде үстел теннисі добының өлшеміне жетеді.

·         Фурункулдың ортасы ақ немесе сары түсті

·         Ісінудің өсуінің тез қарқыны

·         Ісіну іріңдейді, ағады немесе қабықтанады

·         Терінің басқа бөліктеріне таралуы, немесе басқа фурункулдармен қосылады.

 

Қосымша симптомдары:

·         Жалпы әлсіздік

·         Шаршау

·         Дене температурасының артуы

·         Фурункул тұсындағы қышу

·         Фурункул маңындағы терінің қызаруы

Диагностика

Әдетте, дәрігер фурункулды сыртқы түрінен біледі. Кейде маман фурункул тінін бактериялық өсіндісін зертханалық талдауүшін алады.

Емдеу

Фурункулды үй жағдайында сықпаңыз, бұл инфекцияны ушықтырады.

Фурункулдар қышудан және аздаған аурсыну сезімінен кейін өздігінше өтуі мүмкін. Көбінесе, ауырсыну сезімі күшейеді, себебі, уақыт өте фурункулда ірің мен тіршілігі жойылған тіндер толады.

Бірақ, әдетте,  фурункулды дәрігер жаруы қажет, жараны іріңнен аршу үшін. Әдетте, жазылу үрдісі 2 аптаға созылады. Жазылу үрдісін үдету үшін күніне бірнеше рет фурункулға жылы ылғал компресс қоюға болады, тері қалпына келгенге дейін.

Хирургиялық араласу фурункул терең және/немесе үлкен болғанда қажет болады.

Фурункул аумағы таза болып қалуы маңызды, сондықтан:

·         Фурункулға қойылатын таңғыштарды жиі ауыстыру қажет

·         Фурункулды ұстағаннан кейін қолды мұқият жуу қажет

·         Бөтен адамның сүлгісін, төсек жабындысын қолданбаңыз. Киімді, төсек жабындасын, сүлгі, төсек жаймасын және басқа терінің зақымданған бөлігі жанасқан маталарды жиі жуыңыз.

·         Фурункулға қойылатын таңғыштарды бөлек шелекке тастаңыз, қолданған таңғышты басқа заттарға тигізбеңіз.

Антибактериалдық тазалық құралдары  фурункул пайда болғаннан кейін көмектеспейді.

Егер фурункул үлкен немесе қайталанатын болса дәрігер антибиотиктерді таблетка немесе инъекция түрінде тағайындайды.

Аурудың болжамы

Кейбір адамдарда терінің қайталанатын инфекциясы байқалады және ұзақ уақыт бойы фурункулдан арылуы қиынға түседі.

Науқастың құлақ каналында немесе мұрнында орналасқан фурункулдар күшті ауырсынуды туындатады. Мұрында пайда болған фурункулдар дәрігердің бақылауында болуы қажет.

Мүмкін асқынулары

·         Фурункулез (фурункулдардың көп шығуы)

·         Карбункулез (бірнеше қатар орналасқан шаш фоликулдарының жіті іріңді-некрозды қабынуы, теріде және тері астылық май талшығында некроз (тіршілігі жойылған тін) ошағын түзумен)

·         Лимфангит (лимфа тамырларының қабынуы)

·         Лимфаденит (лимфа түйіндерінің қабынуы)

·         Тромбофлебит (көктамыр қабырғасының қабынуы, тромб түзілуімен)

·         Флегмона (тіннің жіті қабынуы, айқын шекарасыз)

·         Терінің, жұлынның, мидың, бүйректің немесе басқа ағзалардың  абсцесі, (іріңді қоржынды қуыс түзілуімен)

·         Мидың және жұлынның инфекциясы.

·         Эндокардит (жүректің ішкі қабығының қабынуы)

·         Остеомиелит (сүйектің және сүйек кемігінің қабынуы)

·         Сепсис (ауыр инфекциялық ауру, қанға бактерия түсуінен туындайды)

Қашан дәрігерге көріну қажет

Дәрігерге көрініңіз, егер фурункул:

·         Бетте немесе омыртқада пайда болса;

·         Қайтадан шықса;

·         Ауырсыну сезімін береді;

·         Аптадан артық өтпейді;

·         Температурамен, қанды бөлініспен, іріңнің көп мөлшерімен қосарланады, ауыр инфекцияның басқа белгілері бар.

Алдын алу

Келесі әрекеттер инфекцияның таралуынан тосқауыл болады:

·         Антибактериалдық сабын

·         Антисептикалық гигиена құралы

Гигиена ережелерін қадағалау.

 

Ақпарат көзі: АҚШ Ұлттық денсаулық институттарының мәліметтер қоры: http://www.nlm.nih.gov/medlineplus/ency/article/001474.htm

Материалды дайындағандар: Асель Стамбекова, HealthСity жобасының дербес үйлестірушісі;  Екатерина Шумарева,HealthСity жобасының дербес үйлестірушісі.

Редакциялық алқа:

Алмаз Шарман, медицина профессоры

Ләзат Ақтаева, м.ғ.д.

Шыңғыс Жұмағұлов, zdrav.kz порталының контент-менеджері

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.