Гастроэзофагеальды рефлюкс ауру
Бұл не? Гастроэзофагеальды рефлюкс ауру – бұл, асқазандағы тамақтың, асқазан сөлінің[3425] өңешке [3549] кері лақтырылуы (рефлюкс немесе регургитация), өңеш - ас қорыту жүйесінің ауыз қуысы мен жұтқыншақты асқазанмен жалғастыратын бөлімі.
Қалыпты жағдайда көптеген нәрестелер ішкен тамағын кейбір бөлігін қайтадан құсып тастайды, әдетте, дені сау нәрестелер жиі құсады, әсіресе сүтті қоспалармен тамақтанғанда. Кейбір нәрестелер гастроэзофагеальді рефлюкске байланысты құсады. Бұл бұлшықет қыспағының жетіспеушілігіне (өңеш сфинктеріне) байланысты, бұл әдетте азықтың өңешке қайта оралуына жол бермейді.
Балалардағы гастроэзофагеальды рефлюкс белгілері:
- Өмірдің бірінші аптасында көптеген құсулар
- Құсу жоғары қарқындылықпен сипатталғанда
- Созылмалы жөтел
- Ысқырықты тыныс
- Мерзімді тыныс алудың тоқтауы
- Баланың өсуі және дамуы баяулайды
- Мазасызданып жылауы
- Салмақ жоғалуы: балаларда құсу немесе ішу қиындықтарына байланысты салмақ жоғалуы мүмкін.
Гастроэзофагеальді рефлюкс әдетте нәресте өмірінің 6-12 айында өздігінен кетеді. Дегенмен, асқазанның сөлі баланың аузына енсе, онда ауыр ауру тудыруы мүмкін, себебі тыныс алу кезінде тамақ өкпеге кіріп кетуі мүмкін. Ауруды сиыр сүтіне аллергия болғанды, орталық жүйке жүйесінің ауруларына, метаболикалық бұзылуларға және жұқпалы аурулар сияқты аурулардан ажыратылуы керек.
Аударған: Амантай Назерке