.

Газдар, кекіру немесе іштің кебуі | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Газдар, кекіру немесе іштің кебуі

Газдар, кекіру немесе іштің кебуі, әдетте, ауаны жұтканнан кейін пайда болады, газдың пайда болуына себеп болатын азық-түлік өнімдерін тұтыну немесе газдалған сусындарды ішу. Бұл қалыпты жағдай, әдетте оларды қарапайым өзгерістер жасау арқылы алдын алады.

Газдар, кекіру немесе іштің кебуі тамақ ішкеннен кейін де және сұйықтық ішуден кейін де кетпеуі болуы мүмкін:

  • Қанттың жекелеген түрлерін қорыту (мысалы, лактоза [3609], фруктоза немесе сорбит). Қанттың бұл түрлерін көбіне азық-түлік өнімдеріне және дәрілік заттарға тәттілендіреді. Лактоза сүт, ірімшік және басқа сүт өнімдерінде анықтайды.
  • Қоректік заттардың, витаминдер мен минералдардың ас қорыту жолдарына дұрыс сіңірілуі (мальабсорбция синдромы). Мальабсорбция синдромына мына себептер жатады:
  1. Кейбір ас қорыту ферменттерінің болмауы немесе төмен деңгейде болуы.
  2. Ұйқы безінің аурулары (фиброкисталық дегенерация ).
  3. Паразиттерден туындаған аурулар (лямблиоз , құрттар немесе амёбиаз ).
  4. Ас қорыту жолында жиі кездесетін бактериялардағы өзгерістер.
  5. Ішекке әсер ететін аурулар, мысалы, глютен ауруы, ол көбінесе балалық шақтағы глютенді тағамдарды қосқаннан кейін дамиды.
  6. Асқазан-ішек жолының ұзындығын өзгерткен немесе қысқартқан операциялар.
  7. Адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ).

Дәрігер олардың себептерін анықтау үшін және емдеуді ұсынатын белгілерді тексере алады. Емдеу диетадағы өзгерістерді, ас қорыту ферменттерін ауыстыратын және симптомдарды азайтатын дәрілерді және тамақ қоспаларын (темір сияқты) қамтуы мүмкін.

 

Аударған: Амантай Назерке

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.