.

Геморрой | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Геморрой

Анықтамасы

Себептері

Симптомдары

Диагностикасы

Емі

Болжамды асқынулар

Қай кезде дәрігерге қаралу тиіс

Профилактикасы

 

Геморрой – айналшық пен тік ішектің төмеңгі бөлігінің көктамырларының кеңеюінен пайда болатын ауру.

 

Себептері

Геморрой жиі кездесетін аурулардың бірі. Ол айналшық аймағындағы қысымының жоғарлауынан пайда болады. Бұл жағдай, әсіресе, жүктілік, босану және іш қату кезінде кездеседі. Геморройдың дамуының негізгі жолы — кіші жамбаста қан тоқырап қалу салдарынан тік ішектің тамырлары қайта созылуынан болады. Егер, тік ішектің аузы күйдіріп ауыртса, дуылдап қышып шыдатпаса, үлкен дәретке отырғанда ашық қызыл түсті қан тамшыласа, бұл геморрой ауруы пайда болды деген сөз.

Геморройдың себептері:

  • Ішекті босату кезіндегі күшену;
  • Іш қату;
  • Дұрыс тамақтанбау, диета, ащы тағамдар, тоқ ішекті ынталандырушы тағамдар (шай,кофе) тұтыну;
  • Жергілікті емдеу (клизмалар, іш өткізетін дәрі қабылдау);
  • Анальді төсек қатынасы;
  • Кейбір спорт түрлері: атпен жүру, мотоциклмен жүру, велосипед тебу;
  • Кейбір мамандықтар: жүргізуші, ұшқышжәне т.б.
  • Жүктілік;
  • Бауыр циррозы

Геморрой – сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді.

  • Ішкі түйіндер тік ішекті қысып тұрған бұлшық еттің үстіңгі тұсындағы көктамырдың зақымдануынан пайда болады. Ішектің ішкі жағында тұрғандықтан олар көзге көрінбейді.
  • Сыртқы геморрой - сыртқы түйіндердің ішектің аузын қысып тұрған бұлшык еттердің етек тұсындағы көк тамырдың зақымдануы салдарынан туындайды. Сондықтан оны байқау қиын емес.

 

 

Симптомдары

Жиі кездесетін симптомдар:

  • Тік ішектен қан кету;
  • Айналшық аймағындағы қышыну сезімі;
  • Отырған кезде пайда болатын айналшық аймағындағы ауырсыну сезімі;
  • Ішекті босату кезінде ауырсыну;
  • Айналшық аймағында бір немесе бірнеше тығыз түйіндердің пайда болуы

 

Диагностикасы

Көп жағдайда геморрой диагнозын қою үшін дәрігерге тік ішектің аймағын қарап тексеруі жеткілікті. Ал диагнозды дәлелдеу үшін дәрігер келесі әдістермен пайдаланады:

  • Ректальдықарап тексеру
  • Сигмоидоскопия
  • Аноскопия

 

Емі

Геморройдың емдеу тәсілдері:

  • Ауырсыну және ісінуді азайту мақматында құрамында кортикостероидтер (мысалы, кортизон) бар жақпа майларды пайдалану;
  • Ауырсыну сезімін азайту үшін құрамында лидокаин бар жақпа майларды қолдану;
  • Іш қатуды емдеу үшін іш өткізгіш дәрілерді пайдалану;

Айналшық аймағындағы қышыну сезімін азайту үшін:

  • мақта-матадан тігілген ішкі киімді киіңіз;
  • парфюмериялық дәретхана қағазынан бас тартыңыз. Оның орнына балалар майлығымен пайдаланыңыз;
  • Тырысыңыз, расчесывать зақымданған аймақты қасымауға тырысыңыз

Ванна қабылдауы сізге жөқсы сезінуге көмектеседі. Жылы суда 10-15 минут көлемінде отырыңыз.

Егер үйде жасалған ем тәсілдері көмектеспесе, сізге міндетті түрде дәрігерге қаралуыңыз қажет. Дәрігер хирургиялық ем тәсілін - геморроидэктомияны (геморроидальды түйіндерді жою) таңдауы мүмкін. Әдетте, осы ем тәсілі қансырау және геморроидальды түйінердің түсуіне шалдыққан науқастарға жасалады.

Криотерапия немесе криохирургия геморройды емдеудің негізгі түрлеріне жатады. Ол түйіндерді суықпен тоңазытып алып тастау. Криохирургияда сұйытылған азот қолданылады. Криохирургияның ерекшелігі ауыртпай жасалады, әрі ауруханаға жатуды қажет етпейді. Бірак, түйіндер ота жасала салғанда кетіп қалмайды. Олар 5-6 күннен кейін қызарып, ісінеді, сөйтіп екі аптаның ішінде ғана біржола айығады. Криохирургияны геморройдың барлық түрлерінде қолдануға болмайды, оны емдеуші дәрігер анықтайды.

 

Болжамды асқынулар

  • Тромбтардың қалыптасуы;
  • Геморроидальды түйіннің айналасындағы тіннің атрофиясы;
  • Кансырау;
  • Теміртапшылықты анемия

 

Қай кезде дәрігерге қаралу тиіс

  • Келесі жағдайларда дәрігерге қаралуыңыз тиіс:
  • Үйде жасалған ем көмектеспесе;
  • Қансырау;
  • Теміртапшылықты анемияның симптомдары.

 

Профилактикасы

Геморройдың алдын алу бірнеше тәсілдері бар:

  • Геморройдың профилактикасы тікелей іш қатуының алдын алуымен байланысты. Жасұныққабай өнімдердің тамақтану рационына еңгізу керек. Жасұнық тек қана іш қатуының емі емес, оны іш кебудің де профилактикасы ретінде пайдалануға болады.

Жеміс–жидектер, көкіністер, кебек жасұнаққа өте бай деп саналады. Көбіне ем ретінде тамақтану рационын өзгертіп, тәуілігіне ішкен судың көлемін жоғарлатқаны жеткілікті.

50 жасқа дейінгі ер адамдарға тәуілігіне, кем дегенде, 38 грамм жасұнық керек. Ал әйелдерге кем дегенде 25 грамм жасұнық қажет.

Жасұныққабай өнімдер:

  • Үрме бұршақ;
  • Кептірілген жемістер;
  • Жеміс–жидектержәнекөкіністер; (күніне,кемдегенде, екітостаған);
  • Кебек(йогуртпенжемістердіқосуғаболады);
  • Зығыр дәні;
  • Спирттіішімдіктердіазайтунемесемүлдемшектеуқою, тымащыжәнетұздытағамдарданбастарту;
  • Сужәнебасқасұйықтықтардыішу. Құрамында кофеин бар сусындардан бас тарту. Бұдан бөлек, тамақтану рационында сүт өнімдерінің көлемін азайту;
  • Жүйелі түрде дене шынықтырумен айналысу;

 

Аударған: Тілеубек Нұридін

 

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.