Гепатит А
Бұл не? Гепатит термині, бауырда қабыну өзгерістерін тудыратын синдромдар мен ауруларға жатады, оның ішінде вирустар мен ішімдік ішуден туындаған аурулар. Гепатитті тудыратын вирустарға А, В, С, Е вирусты гепатиттер және Дельта факторы жатады. Жоғарыда аталған вирустардың әрқайсысы бір-бірінен ерекшеленетін ерекше белгілерге алып келеді. В және С гепатиттері туралы қосымша ақпарат алу үшін арнайы сайттардан қараңыз: гепатит В және гепатит С.
Гепатит А гепатиттің ең қауіпті түрі болып табылады. В және С гепатитінен айырмашылығы А гепатиті созылмалы аурудың дамуына әкелмейді.
Вирусты гепатит А ластанған су мен азық-түлік арқылы беріледі. Сондай-ақ, Гепатит А-мен ауыратын адаммен байланысу арқылы жұқтыруға болады. Ауырған адамдардан вирус сыртқы ортаға нәжіспен бөлінеді, инкубациялық кезеңі 15-45 күнге дейін созылады. Нәжістен басқа, қан мен және организмнің басқа да сұйықтықтарынан жұқтыруы мүмкін.
А гепатитінің вирусы аурудың тоқтатылғаннан кейін денеде қалмайды. Сондай-ақ, гепатит А вирусының тасымалдаушысы жоқ, яғни, адам, өзі инфекцияны таратады, бірақ өзі ауырмайды. Осындай жағдай (тасымалдаушы) гепатит В-де пайда болуы мүмкін.
А гепатитіне қауіпті факторлар: А гепатитімен ауыратын адаммен бірге өмір сүру, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия, Оңтүстік Америка елдеріне туристік сапар, сондай-ақ, есірткіні тамыр ішіне қолдану.
Гепатит А-ның белгілері:
- Сарғыштану
- Әлсіреу
- Дене температурасының сәл көтерілуі
- Барлық дененің қышынуы
- Тәбеттің болмауы
- Несептің күңгірттенуі (оның түсі күңгірт-сары немесе қоңыр түсті болады)
- Нәжістің түссізденуі (нәжіс ақшыл-сұр түсті болады).
А гепатитінің диагнозынәдетте тексеру кезінде дәрігер, сонымен қатар зертханалық зерттеулер негізінде жасайды. Диагностика үшін, А гепатитіне антиденелердің болуы [3304], сондай-ақ бауыр ферменттерінің деңгейін анықтайды.
Емі. А гепатитіне арналған арнайы емдеу жоқ. Науқастардың 85%-нан астамы 3 ай ішінде сауығып кетеді. Басқа науқастарда ауру ұзағырақ созылады, бірақ, әдетте, 6 айдан аспайды. Демалу және төсектік режим ұсынылады. Бауырға улы болуы мүмкін алкоголь өнімдері мен кейбір дәрі-дәрмектерден бас тарту керек. Сондай-ақ майлы тағамдардан аулақ болу керек. Пайдалы ас ретінде – асқабақ тұтыну керек.
Гепатит А вирусын жұқтырудан алдын-алу үшін ұқыпты қолды жуу, сондай-ақ таза суды қолдану және А гепатитімен ауыратын адамдармен байланыста болудан аулақ болу керек. Мектепке дейінгі мекемелер мен мектептерге арналған санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес келуді және таза сумен қамтамасыз етуді қажет ететін орындарға ерекше назар аудару керек.
А гепатитімен ауыратын адамдармен байланысқа түскен адамдарға иммуноглобулиндерді енгізу ұсынылады.
А гепатитіне қарсы тиімді профилактика, ол вакцинация жүргізу. Вакцина бірінші дозаны енгізуден кейін 4 апта бойы қорғай бастайды. Ұзақ уақыт бойы қорғау үшін, бірінші дозаны алғаннан кейін 6 және 12 айдан кейін қосымша вакциналар алынады.
А гепатитіне қарсы вакцинациялауға ұсынылған адамдар:
- А гепатитімен жұқтыру қаупі жоғары елдерге баруға ниет білдірген адамдар. Вакцинация 4 апта бұрын, сондай-ақ алғашқы дозадан 6 және 12 ай өткен соң жүргізілуі керек. Бұдан басқа, иммуноглобулинді инъекция алу ұсынылады.
- В немесе С созылмалы гепатиті бар адамдар
- Инъекциялық есірткі тұтынушылар.
Аударған: Амантай Назерке