.

Гепатит В | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Гепатит В

Гепатит термині, бауырда қабыну[2803] өзгерістерін тудыратын синдромдар мен ауруларға жатады, оның ішінде вирустар мен ішімдік[2771] ішуден туындаған аурулар.Гепатитті тудыратын вирустарға А, В, С, Е вирусты гепатиттер және Дельта факторы жатады. Жоғарыда аталған вирустардың әрқайсысы бір-бірінен ерекшеленетін ерекше белгілерге алып келеді. Вирусты гепатиттің ең таралған түрі - В гепатиті.

Гепатит В вирусын жұқтырған адамдардың көпшілігі 6 ай ішінде осы вирустан құтылады. Алайда, гепатит В вирусын жұқтырған адамдардың шамамен 10% ауру, созылмалы түрге өтеді, бұл бауырда айтарлықтай өзгерістерге әкелуі мүмкін, бұл бауыр циррозына [3526]алып келеді, ал ол өз кезегінде ауыр және қайтымсыз ауру болып табылады.

Созылмалы инфекциясы бар науқастарда ешқашан да аурудың белгілері байқалмайды. Мұндай адамдар вирустың «тасымалдаушысы» болып табылады және оны білместен басқаларға оңай жұқтыруы мүмкін.

В гепатиті қан арқылы [2738] және басқа да сұйықтықтар арқылы беріледі. Инфекцияның берілуі мынадай жағдайларда болуы мүмкін:

  • Қанмен және басқа да биологиялық материалдармен байланыста болған кезде дәрігерлер, медбикелер, тіс дәрігерлері сияқты денсаулық сақтау қызметкерлері инфекциялық қауіпке ұшырауы мүмкін
  • Жеке қорғаныс құралдарын пайдаланбай жыныстық қатынас кезінде
  • Қан құю кезінде
  • Инъекциялық есірткі тұтынушылары бар стерильді емес инелерді бөлісу кезінде
  • Татуировка және инемен тесу кезінде стерильді емес құралдар қолданылғанда
  • Босанғанда, вирус анадан балаға берілсе.

Жедел гепатит кезінде бірінші симптомдар инфекциядан 1-6 айға дейін болады. Ерте белгілері: жүрек айнуы, құсу, тәбеттің жоғалуы, әлсіздік, бұлшық еттерде және сүйектерде ауырсыну. Кейін, сарғыштану [3536] пайда болады, несептің күңгірттенуіжәне нәжістің түссізденуі байқалады.

Гепатиттің диагностикасы мынадай сынақтарды қамтамасыз етеді:

  • Вирустың беткей антигенін анықтау - HbsAg. Бұл бірінші белгі. Беттік антиген әдетте 1-ден 2 айдан кейін жоғалады.
  • Anti-HBc антигеніне антиденелер [3304] беті антигенінің пайда болғаннан кейін 1-2 апта ішінде пайда болады.
  • Антиденелер антигендеріне (Anti-HBc) В гепатитіне ұшырағандардың немесе В гепатитіне қарсы егілгендердің қанында кездеседі.
  • Гепатит В бар науқастардың қанында Анти-HBc және Anti-HBs екеуі де бар.
  • Бауыр қызметі бұзылған кезде қандағы көтерілетін бауыр ферменттерінің деңгейін [3303] (трансаминаз) анықтау.
  • Қандағы альбумин деңгейінің төмендеуі мүмкін, бауыр қызметі бұзылған болса, қан ұюы уақыты ұзартылуы мүмкін.

Емі. Жедел гепатитпен ауыратын науқасты мұқият қадағалау керек. Ауыр формаларда, ақуызға бай тамақтарды шектеу ұсынылады, өйткені бауыр ақуызды пайдалануды үлгере алмайды.

Созылмалы гепатит қабыну процесін төмендету арқылы емделеді. Ол үшін интерферонды [2809] және басқа да препараттарды қолданады. Ауыр жағдайларда бауыр трансплантациясына жүгінеді [2579].

 

Аударған: Амантай Назерке

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.