.

Гинекомастия | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Гинекомастия

Гинекомастия дегеніміз не?

Гинекомастия ерлердегі сүт бездерінің ұлғаюы.Әйел гормоны, яғни эстрогеннің [2335] немесе еркек гормонының – тестостеронның [3524]көп болуының себебінен емшектің тін бездерінің ісінуі. Гинекомастия нәрестелерде, жасөспірімдерде және ересектерде кездеседі.

Гинекомастияның себебі неде?

Жаңа туылған нәрестелерде гинекомастия, анасының эстрогенінен туындайды. Әдетте туылғаннан 2 - 3 аптадан кейін кетеді.

Жасөспірімдерде гинекомастия, гормондық өзгерістердің салдарынан пайда болады [3525]. Гинекомастия 13-14 жастағы балалардың, шамамен үштен бірінде кездеседі.

Ересек еркектерде гинекомастияның пайда болуы, әдетте, өкпенің қатерлі ісігі, бауыр циррозы [3526], қалқанша безінің гиперавктивтілігі немесе гормондық аурулар (мысалы, гипофиздің қатерлі ісігі [2815], бүйрек үсті бездері ісіктері[3527]) сияқты жағдайларға байланысты. Алкоголь, марихуана, метамфетамин мен героинді қолдану гинекомастияны тудыруы мүмкін.

Кейбір препараттарды қолдану гинекомастияны тудыруы мүмкін:

  • Стероидтар (мысалы, преднизон немесе гексадрол).
  • Ойық жараға арналған дәрілер (мысалы, циметидин).
  • Эпилепсияға қарсы арналған дәрі-дәрмектер (мысалы, фенитоин [Дилантин]).
  • Дигиталис және жүрек үшін басқа да дәрі-дәрмектер.
  • Химиотерапиялық препараттар [2753], әсіресе алкилирлеуші агенттер ДНК-ға [3528] кедергі жасайтын және ісік жасушаларының өсуін кешіктіретін, ісік үшін ісікпен күресетін дәрі-дәрмектер.
  • Антиандрогенді дәрілер (мысалы, флутамид, ципротерон және спиронолактон).
  • Транквилизаторлар және антидепрессанттар (мысалы, диазепам [Валий] және трициклды антидепрессанттар).

Белгілері қандай?

Гинекомастиядан зардап шегетін еркектер мен ұлдардағы кеуде қуысының өсуінен басқа, резеңке тәрізді немесе қатты кеуде болуы мүмкін. Балаларда бір немесе екі кеудесінде де қосымша емшек ұштары (папула) болуы мүмкін. Бұл папула 18 айға дейін сақталуы мүмкін, бірақ әдетте өздері кетеді.

Гинекомастия қалай анықталды?

Гинекомастия әдетте медициналық тексеруден және медициналық ауру тарихы негізінде анықталады. Көп жағдайларда анализдер қажет емес. Алайда, егер кеуде ісігі әдеттен тыс үлкен болса, бір жағында болса, ауру сезімі тұрақсыз болса, сіз басқа да сынақтар өткізе аласыз.

Оны қалай емдеу керек?

Балалар мен жасөспірімдерде гинекомастия, әдетте, емдеуді қажет етпейді және өз бетінше кетеді. Егер бұл дәрі-дәрмектермен немесе басқа аурудан туындаса, онда гинекомастиядан, осы дәрі-дәрмектерді қабылдауды дереу тоқтату керек. Егер оның себебі тестостеронның болмауы және эстроген деңгейінің жоғарылауы болса, гормон терапиясы тағайындалуы мүмкін.

 

Аударған: Амантай Назерке

 
Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.