Гипергидроз
Мазмұны
Жалпы ақпарат
Себептері
Симптомдар
Диагностика
Емі
Болжамы
Асқынулар
Дәрігерге қашан қаралу керек?
Профилактика
Жалпы ақпарат
Гипергидроз – терінің көп бөлінуімен сипатталатын ауру. Суық ауа райында немесе демалыс кезінде гипердирозы бар адамдарда тер бөлінуі байқалады.
Себептері
Тер бөліну организмді суытуға көмектеседі. Бұл қалыпты процесс. Адамдар қалыптыда ыстық температура әсерінен, физикалық жүктеме кезінде, қобалжығанда, ашуланған, уялғанда немесе қорыққанда терлей бастайды.
Алайда артық тер бөліну белгілі себепсіз да болу мүмкін. Гипергидрозы бар адамдарда тер бездері гиперактивті (функциясы жоғарылаған). Бақыланбайтын тер бөліну физикалық және эмоционалдық дискомфортқа алып келеді.
Егер қол, аяқ және қолтықтар қатты терлесе, онда бұл құбылыс біріншілік немесе фокальды гипергидроз деп аталады. Біріншілік гипергидроз халықтың 2-3% кездеседі, бұл ауруы бар 40%-дан кем емес пациенттер медициналық көмекке жүгінеді. Көп жағдайда біріншілік гипергидроз себебі белгісіз болып қалады. Мүмкін, бұл ауру ұрпақтан ұрпаққа беріледі.
Егер артық тер бөліну басқа ауру салдарынан болса, онда бұл екіншілік гипергидроз болып табылады. Артық тер бөліну бүткіл денеде немесе белгілі бір аймақтарда ғана болу мүмкін. Екіншілік гипергидроз себептері:
- Акромегалия
- Үрей жағдайы
- Ісік
- Карциноидты синдром
- Білгілі бір топ препараттары және оларды артық қолдану
- Қанда глюкоза деңгейінің түсуі
- Жүрек аурулары
- Гипертиреоз
- Өкпе аурулары
- Менопауза
- Паркинсон ауруы
- Феохромацитома
- Омыртқа жарақаттары
- Инсульт
- Туберкулез немесе басқа инфекциялар
Симптомдар
Басты негізгі синдром – тершеңдік.
Диагностика
Тексеріс кезіңде дәрігер айқы тершеңдік белгілерін байқайды. Артық тер бөлінуді диагностикалайтын көптеген тесттер бар.
Сол тесттердің кейбір түрлері:
- Йод-крахмальды тест (Минор пробасы). Йод ерітіндісі тер көп бөлінетін аймаққа жағылады. Кепкеннен кейін сол аймаққа крахмал себеді. Крахмал мен йод қосындысы тер көп бөлінген аймақта қосылып қара-көкшіл түске боялады.
- Қағаздық тест. Тер көп бөлінетін аймаққа арнайы қағаз қойылады, тер сіңірлгеннен кейін, қағаздын салмағын өлшейді. Неғұрлым салмағы көп болса, соншалық тер бөлінгенін білдіреді.
Тершеңдікке байланысты дәрігер сізге мынадай сұрақтар қою мүмкін:
- Локализация (аймақ)
- Тер көп бөлінеді бетте, алақандарда, қолтықтарда немесе бүткіл денеде?
- Уақыт аралығын анықтау
- түнде бола ма?
- аяқасты пайда бола ма?
- Объективті себептер
- Сізге бірңәрсе есіңізге түсіретін (ауыр оқиға жайлы) жайт тұралы айтқанда, сізде тершеңдік бола ма?
- Басқа симптомдар бола ма, мысалы:
- Салмақ жоғалту
- Жүрек соғу жиілігінің жиілеуі
- Қызба
- Тәбеттің жоқтығы
Емі
- Антиперспиранттарды қолдану. Тершеңділік антиперспиранттармен бақылану мүмкін, олар тер бездерін бітейді, солай тершеңділікті басады. Қолтық тершеңділігі кезінді бірінші топ препарата - 10-20% аллюминий хлоридінің гексагидраты болып табылды. Кейбір пациенттерге дозасы жоғары препараттар тағайындалу мүмкін. Дезодоранттар тердің тітіркендіріп, ал аллюминий хлоридінің жоғары дозалары киімді құрту мүмкін.
- Дәрілік препараттар. Тер бездерінің стимуляциясын тоқтату үшін, антихолинергиялық препараттар қолданылады, мысалы гликопирролат. Эффектіне қарамастан, бұл препараттар толығымен зерттелінген жоқ. Осы дәрі-дәрмектерді қолдану кезіңде жанама әсерлер болуы мүмкін: ауыздың кебуі, бас айналу, зәр шығару қиындықтары. Бета-блокаторлар немесе бензодиазепиндер стресске байланысты тершеңдікті басуға көмектеседі.
- Ионофорез (гальванизация). Электрлік ток күшімен тер бездерінің жұмысын бәсеңдетеді. Қол мен аяқ тершеңдігінде барынша эффективті әсер көрсетеді. Қол немесе аяқтарды суға салып, сол су арқылы әлсіз электр тогы жіберіледі. Ток күші бірте-бірте күшейеді, пациент кішкене тітіркенуді сезгенше дейін. Терапия уақыты 10-20 минут және бірнеше сеанс қажет етеді. Өте сирек жағдайда жанама әсері ретінде терінің сынғыштығы немесе көпіршіктер пайда болу мүмкін.
- Ботокс. Өте күшті қолтық тершеңдігінде қолданылады. Аз дозада тазаланған ботулин токсинің қолтыққа салады, препарат уақытша тер бездерін белсендіретін нервтерді бұғаттайды. Жанама әсері ретінде инъекция орында ауру сезімі және грипптәріздес симптомдар.
- Эндоскопиялық торокальды симпатэктомия (ЭТС). Егер жоғарыда көрсетілген емдік тәсілдер көмектеспесе, онда ауыр жағдай кезінде минимальды-инвазивті хирургиялық ем тағайындалады, яғни симпатэктомия. Бұл процедура тер бездеріне импульс беруді тоқтату болып табыла. Бұл операцияны, көбінесе, алақандары қаттырақ терлейтін науқастарға тағайындалады. Және бұл әдіс бет аймағында тершеңдік болатын адамдарда да қолдану мүмкін. Эндоскопиялық торокальды симпатэктомия (ЭТС) аксиллярлы гипергидроз (қолтықтың тершеңдігі) кезіңде өте сирек жасалынады.
Ауру болжамы
Аллюминий хлориді: Бастапқа сатыда пациенттер бұл препаратты аптасына үштен бастап жетіге дейін қолдана алады. Тер бөлінудін қалпына келгеннен кейін үш аптада 1 рет тағайындалады. Терінің қабынуы кезінде дәрігер стероидты кремдер тағайындайды.
Ботокс: Ісіну бірнеше апта ішінде қайтады. Бір инъекцияның әсері бірнеше айға дейін сақталу мүмкін. Кейбір пациенттер қосымша инъекцияларды қажет етеді.
Ионофорез: тер бөлінудің азаюы 6-10 сеанстан кейін байқалады. Содан кейін сеанс саны сирейді, 4 аптада 1 рет.
Асқынулар
Гипергидроз пайда болу себептері өте ауыр болу мүмкін. Егер сізде қатты тершеңділік болса, міндетті түрде дәрігерге хабарласыңыз.
Дәрігерге қашан қаралу керек?
Мынадай симптомдар болса, міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз:
- Ұзақ, себепсіз, көп тер бөліну
- Тершеңділік кеуде тұсындағы ауру сезіммен және артериальды қысымның көтерілуімен бірге жүреді
- Тершеңділік пен қатар сізде салмақ жоғалту байқалады
- Тершеңділік көбінесе түнде, ұйқы кезіңде болады
- Тершеңділік қызбамен, салмақ жоғалтумен, кеуде тұсындағы ауру сезімімен, ентігу немесе тахикардия (жиілеген жүрек ырғағы) бірге жүрсе, онда ол басқа ауру симптомдары болу мүмкін. Мысалы, гипертиреоз.
Аударған: Қартанбаев Бақберген Батырбекұлы