.

Гиперметропия (алыстан көргіштік) | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Гиперметропия (алыстан көргіштік)

Гиперметропия (жақыннан көрмеушілікнемесе алыстан көргіштік) – бұл,адам жақын жерде нашар көретін және қашықтықта жақсы көретінкөріністің бұзылуы.Дегенмен, жоғары деңгейлі гиперметропияда науқас, алшақ заттарды нашар көреді.

Әдетте, гиперметропия көздің қарашығының дұрыс емес пішіні кезінде байқалады, бойлық ось бойымен қысылып тұрғандай көрінеді. Нәтижесінде, белгілі бір заттың бейнесі торға емес, оның артында бейнеленеді. Жиі көз қарашығының дұрыс емес қысылғаны, мөлдір қабақпен көз бұршағының жеткіліксіздігімен қатар жүреді. Көбінесе, гиперметропия көздің қалыпты ұзындығында, көздің оптикалық жүйесінің әлсіздігімен көрінеді.

Алыстан көретін адам (гиперметроп) мәтінді көзге өте жақын ұстай алады, себебі ол тордың бетіндегі мәтіннің суретін арттырады. Алайда, кескін жақсы болмайды, жай ғана кеңейтілген түрде болады. Науқас жиі көзін сығырайтып, аккомодацияға көмектеседі, алайда кірпікше бұлшықетін тұрақты шиеленісімен, ол блефарит пен конъюнктивит дамуына әкеледі.

Ұзақ уақыт бойы жақыннан жұмыс істеген гиперметроптарда, шаршауға, көздегі ауру сезіміне, бас ауруына, көз жасының ағуына, көздегі жанып тұрған сезіміне шағымданады, Жарықты немесе жарыққа қарау төзімсіздік болғанда, жағымсыз сезімдер болуы мүмкін. Бұл аккомодативті астенопия деп аталады. Аккомодативті астенопия неғұрлым жоғары болса, соғұрлым гиперметропия дәрежесі артады.

Гиперметропия 3 дәрежелі болады және оны диоптрий көлемімен анықтайды, ол өз кезегінде гиперметропиялық көзге, эмметропиялық болуына жетпейді:

  • төмен дәрежелі гиперметропия - 2.0 диоптрийге дейін
  • орта дәрежелі гиперметропия - 4.0 диоптрийге дейін
  • жоғары дәрежелі гиперметропия - 4.0 диоптрийден артық болса.

Әлсіз дәрежедегі гиперметропиямен көздің аккомодациясы арқылы өз міндетін атқарады. Орташа және жоғары деңгейдегі гиперметропиямен қашықтыққа және қашықтыққа түзету қажет.

Гиперметропия (жақыннан көрмеушілік немесе алыстан көргіштік) емдеу.Өкінішке орай, қазіргі уақытта, гиперметропияның және гипометропияның емдеудің терапевтік әдістері жоқ. Гиперметропияны түзету көзілдірік немесе контактілі линзалар көмегімен жасалады.Хирургиялық операцияның көмегімен де гиперметропияны емдеу мүмкін. Гиперметропияны түзетудің хирургиялық әдістері көздің оптикалық қуатын арттыруға бағытталған. Қазіргі уақытта гиперметропияны емдеуге арналған ең көп таралған хирургиялық операциялар лазерлі термокератопластика (ЛТК), мөлдір линзаларды, LASIK, оң линзаларды имплантациялау және термокератокоагуляция (TAC) ауыстыру болып табылады.

 

Аударған: Амантай Назерке

 
Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.