Гипопитуитаризм
Мазмұны
Жалпы ақпарат
Себептері
Симптомдар
Диагностика
Емі
Болжамы
Асқынулар
Дәрігерге қашан қаралу керек?
Профилактика
Жалпы ақпарат
Гипопитуитаризм – гипофиздің бір немесе бірнеше гормондарының жеткіліксіз өңдірулуінен туындайтын ауру.
Себептері
Гипофиз – бас миының түбірінде орналасқан кішікентай анатомиялық құрылыс. Ол аяқшалар көмегімен гипоталамусқа бекінеді.
Гипофиз бөлетін гормондар және олардың функциясы:
- Адренокортикотропты гормон (АКТГ) – бүйрекүсті безінен кортизолды бөлінуін активтейді; кортизол артериальды қысмыд және қандағы қант деңгейін реттейді.
- Антидиуретикалық гормон (АДГ) – организмде судың бүйректерден шығарылуын реттейді.
- Фолликулстимульдеуші гормон (ФСГ) – ерлерде және әйелдерде сексуальды функция мен фертильдікті реттейді.
- Өсу гормоны (соматотропты гормон – СТГ) – тіндер мен сүйектің өсуін реттейді.
- Лютеиндеуші гормон (ЛГ) – ерлерде және әйелдерде сексуальды функцияны реттейді.
- Окситоцин – босану кезіңде жатыр қабырғаларының жиырылуын, сүт жолдарын қоршайтын жасушалардың жиырылуын реттейді.
- Пролактин - әйел емшектерінің дамуын және емшек сүтінің продукциясын реттейді.
- Тиреотропты гормон (ТТГ) – қалқанша безі гормондарының өңдіруін ынталандырады.
Гипопитуитаризм кезінде бір немесе бірнеше гипофиз гормондары жеткілікті түрде бөлінбейді. Қанда гормондар деңгейінің төмендеуі ағзалардың функциясының бұзылысына алып келеді. Мысалы, ТТГ деңгейінің төмендеуі қалқанша безінің функциясының бұзылысын шақырады.
Гипопитуитаризмге себепші болу мүмкін:
- Бас миына жасалған хирургиялық операция
- Бас миының қатерлі ісігі
- Бас жарақаты
- Миды қоршайтын тіндердің инфекциясы
- Радиация
- Паралич
- Субарахноидальды қан құйылу
- Гипофищ немесе гипоталумус ісігі
- Гемохроматоз
- Гистиоцитоз Х
- Лимфоцитарлы гипофизит
- Саркоидоз
Гипопитуитаризм жүктіліктің өте сирек кездесітін асқыну түрі бар. Ол Шихан синдром.
Симптомдар
- Іштегі ауру сезімі
- Тәбет жоғалуы
- Сексуальды қызығушылықтың төмендеуі (ерлерде)
- Сүттің шығуының бұзылуы (әйелдерде)
- Шаршағыштық
- Бас ауруы
- Бедеулік (әйелдерде)
- Жыныстық қатынасқа қызығушылықтың жоқ болуы (әйелдерде)
- Қолтықта немесе қасағада түктердің түсуі
- Денеде немесе бетте шаштардың түсуі (ерлерде)
- Төмеңгі артериальды қысым
- Суыққа сезімталдық
- Ересектерде бойдың төмен болуы (152 см кіші)
- Жыныстық дамудың тежелуі (балаларда)
- Менструацияның болмауы (әйелдерде)
- Көру нашарлауы
- Әлсіздік
- Салмақ жоғалту
Симптомдар баяу даму мүмкін, ол байланысты:
- Қай гормондардың санының азаюы, және қай мүшеге әсер етуі
- Ауру ауырлығына
Осы ауруда болатын басқа симптомдар:
- Беттің ісінуі
- Шаштың түсуі
- Дауыстың өзгеруі
- Салмақ қосу
Диагностика
Гипопитуитаризм диагнозын қою үшін қандағы гипофиздың қай гормоның деңгейі төмендегенің анықтау қажет. Және сол гормон әсер ететін ағзаның ауруларын жоққа шығару керек.
Тексеру әдістері:
- Бас миының компьютерлік томографиясы (КТ)
- Гпиоздың магнитті-резонансты томографиясы (МРТ)
- Қандағы АКТГ деңгейі
- Қандағы кортизол деңгейі
- Қандағы фолликулстимульдеуші гормонның (ФСГ) деңгейі
- Қандағы эстрадиол (эстроген) деңгейі
- Қандағы инсулинтәрізді өсу фактор 1 (ИФР-1) деңгейі
- Қандағы лютиндеуші гормон деңгейі
- Қандағы тестостерон деңгейі
- Қандағы тиреотропты гормон (ТТГ) деңгейі
- Қандағы қалқанша без гормон (Т4) деңгейі
Гипофиздің ісігі кезіңде, оның гормон синтездеуіне байланысты, қандағы сол гормон деңгейі жоғарлайды. Ісік гипофиздің басқа жасушаларын зақымдайды, сол себептен басқа гормондар синтезі бұзылады.
Емі
Егер гипопитуитаризм ісіктен дамыса, онда оперативті ем ,сәулелік терапиямен немесе сәулелік терапиясыз, қажет болады
Кейін сізге өмір бойы гормон алмастырушы терапия қажет болады. Оған жатады:
- Кортикостероидтар (кортизол)
- Өсу гормоны
- Жыныс гормондары (тестостерон ерлерге және эстроген әйелдерге)
- Қалқанша без гормондары
- Әйелдер мен ерлердегі бедеулікті емдеуде қолданылатын препараттар.
Болжамы
Гипопитуитариз өмір бойы емі қажет етеді. Алайда, оған қарамастан сіз қарапайым өмір сүре аласыз.
Асқынулар
Дәрілік терапиядан жанама әсерлер даму мүмкін. Аурудың ауыр ағымы кезіңде кортикостероидтардың қосымша дозасын қолдана алмаушылық, өмірге қауіп төңдіру мүмкін.
Дәрігерге қашан қаралу керек?
Егер сізде гипопитуитаризм симптомдары бар болса дәрігерге қаралыңыз.
Профилактика
Көп жағдайда бұл ауруды алдын-алу мүмкін емес. Бұл аурудың пайда болу қаупін ерте диагностикалау және ем көмектесе алады.
Аударған: Қартанбаев Бақберген Батырбекұлы