Гонорея (соз ауруы)
Мазмұны
Себептері
Симптомдары
Диагностика
Емдеу
Болжамы
Мүмкін асқынулар
Қашан дәрігерге көріну қажет
Алдын алу
Гонорея (соз ауруы) – жыныстық жолмен берілетін инфекция (ИПП).
Себептері
Гонореяның (соз ауруы) қоздырғышы - Neisseria gonorrhoeae бактериясы. Бұл ауру жыныстық қатынастың кез келген түрінде берілуі мүмкін. Ауыз қуысымен, іншекпен, жыныстық мүшемен немесе айналшықпен жанасуда жұғады.
Бактерия организмнің жылы, ылғал ортасында мекендейді. Бұл организмнен несепті шығаратын түтікке де (үрпі) қатысты. Әйелдерде бактерияның мекендейтін ортасы – репродуктивті жүйенің ағзалары (жатыр түтіктері, жатыр мен жатыр мойны) болуы мүмкін. сондай-ақ, бактерия көзде де болуы мүмкін.
Заңға сай дәрігерлер гонореяның (соз ауруы) анықталуы жайында денсаулық сақтаудың сәйкес мекмелеріне хабарлауы тиіс. Бұл заңның мақсаты – науқастың тиісті көмек алуына көз жеткізу. Сондай-ақ, жыныстық серіктестерді тауып, тексеру қажет.
Келесі қауіп факторлары болғанда жұқпалануға бейімділік болады:
· жыныстық серіктесер көп болса
· серіктесте жыныстық жолмен берілетін инфекция (ИПП) болса.
· жыныстық қатынаста презерватив қолданбағанда
· алкоголь, есірткі немесе басқа тыйым салынған заттектерді шамасынан көп тұтынғанда.
Симптомдары
Гонореяның (соз ауруы) симптомдары жұққаннан кейін 2-5 күн ішінде пайда болады. кейбір ерлерде бір айдың ішінде дамиды. Кейбір адамдарда ауру симптомсыз өтеді. Олар жұқпалануы жайында білмейді және емделмейді. Мұндайда асқыну қаупі және басқаларға берілуі артады.
Ерлерде ауру келесі симптомдармен көрініс береді:
· несеп шығару кезінде күйдіру және ауырсыну сезімі
· жиі және жедел несеп шығарудың қажеттігі
· жыныстық мүшеден бөліністер (ақ, сары немесе жасыл түсті)
· аталық бездің ауырсыну және ісінуі
· көмейдің ауырсынуы (гонококкты фарингит)
Әйелдерде ауру жеңіл түрде өтуі мүмкін. Сондықтан, ол басқа кез келген инфекцияға ұқсас болады. әйелдерде кездесетін симптомдары:
· іншектен бөлінді
· несеп шығару кезінде күйдіру және ауырсыну сезімі
· несеп шығарудың жиілеуі
· көмейдің ауырсынуы
· жыныстық қатынас кезіндегі ауырсыну
· іштің төменгі бөлігіндегі күшті ауырсыну (жұқпа жатыр түтігіне және іш қуысына тарағанда)
· Қызба (күшті ауырсыну (жұқпа жатыр түтігіне және іш қуысына тарағанда)
Жұқпа қан ағымына түскенде келесі симптомдар пайда болады:
· Қызба
· Бөріткен
· Артрит тәрізді симптомдар
Диагностика
Гонорея (соз ауруы) бөліністердің үлгілерін немесе тінді микроскоппен зерттеуде жеңіл анықталады. Бұл Грам бойынша боялу аталады. Бұл жылдам, бірақ, аса дәл емес әдіс.
Өсінділердің үлгілері (зертханалық жағдайда өсірілген) Гонорея (соз ауруы) диагнозын растайды.
· өсінділердің қоздырғышын анықтау үшін үлгілер әдетте жатыр мойнынан, іншектен, үрпіден, айналшықтан немесе көмейден алынады.
· қан үлгілері немесе буын сұйықтығы сирек тексеріледі.
· өсінді үлгісі бойынша болжамды диагнозы 24 сағат ішінде қойылады, түпкілікті диагноз – 72 сағаттан кейін қойылады.
Скрининг ретінде ДНҚ тестілері өткізіледі. Олардың бірі – лигазды тізбекті реакция (ЛЦР). ДНҚ талдаулары өсіндіні зерттеуге қарағанда тезірек өткізіледі. Бұл тестілер үшін зерттеу үлгісі ретінде несеп алынады, жыныстық ағзалардан бөліндіге қарағанда несепті алу оңай.
Гонорея (соз ауруы) анықталса, жыныстық жолмен берілетін басқа инфекцияларға тексерілу қажет, оның ішінде, хламидиоз, мерез және АИТВ. 21 жастан асқан әйелдер Папаниколау бойынша жұғындыны қоса тапсырғаны жөн.
Емдеу
Жұқпаның бұл түрін емдеу үшін көптеген антибиотиктер бар.
· ішуге арналған антибиотик бір жоғары мөлшерімен, немесе 7 күн бойы қабылдау қажет болатын препараттың аздаған мөлшері тағайындалады.
· антибиотиктің инъекциясы тағайындалады, одан кейін үйде қабылдау үшін препараттың таблеткадағы түрі тағайындалады.
· жамбас қуысы ағзаларының қабыну ауруларының ауыр түрлерінде ауруханаға жатқызу қажет болады, мұнда антибиотиктер, әдетте, көктамыр арқылы енгізіледі.
· өздігінше емделуге болмайды, дәрігермен кеңесу қажет. Дәрігер емдеудің оңтайлы түрін таңдауға көмектеседі.
Гонореяға (соз ауруына) шалдыққан әйелдердің жартысынан астамында хламидиоз кездеседі. Хламидоз гонореямен (соз ауруы) қатар емделеді.
Егер ауру буындағы ауырсыну, тері бөріткені, іштің немесе жамбас қуысы ағзаларының жоғары бөлігінде күшті ауырсыну секілді симптомдармен көрініс берген болса, 7 күннен кейін дәрігерге қайта көріну қажет. Жұқпаның жазылуына көз жеткізу үшін талдаулар өткізіледі.
Жұқпаның әрі қарай таралуының алдын алу үшін жыныстық қатынастағы серіктестер тексерілуі және емделуі қажет. Жыныстық қатынастағы серіктесіңізбен қоса антибактериалдық емдеудің толық курсынан өтуіңіз қажет. Емдеу аяқталғанға дейін презервативтерді қолданыңыз.
Гонореяға (соз ауруына) шалдыққан науқастың барлық жыныстық қатынастағы серіктестері анықталып, тексерілуі қажет. Бұл жұқпаның әрі қарай таралуының алдына алуға көмектеседі.
· кейбір жағдайда жыныстық қатынастағы серіктесіңізге өзіңіз ақпарат беріп, дәрілік препараттарды ұсынуыңызға болады.
· басқа жағдайларда серіктесіңізбен денсаулық сақтау бөлімшесінің өкілдері хабарласады.
Болжамы
Гонорея (соз ауруы) организмге таралмаса, антибиотиктерді қабылдау арқылы емделіп, жазылады. Таралған гонорея (соз ауруы) аса ауыр инфекция саналады. Көпшілік жағдайда тиісті емдеуде жағдайдың жақсаруы орын алады.
Мүмкін асқынулары
Әйелдерде келесі асқынулар болады:
· инфекцияның жатыр түтіктеріне таралуы нәтижесінде тыртықтар пайда болуы мүмкін. Бұл әрі қарай жүктілікте мәселелерге апаруы мүмкін.
· Жүкті әйелдер ауыр гонореяға шалдыққан болса, құрсақ ішінде немесе босану кезінде нәрестеге ауруды беруі мүмкін.
Ерлердегі мүмкін асқынулары:
· Үрпінің тыртықтануы немесе саңылауының тарылуы (организмнен несеп шығарылатын түтіктер)
· Абсцесс (үрпінің маңында ірің жиналуы)
Ерлер ме әйелдерде болатын басқа асқынулар:
· инфекцияның буынға енуі
· жүрек қақпақшаларының жұқпалануы
· мидың қабығының жұқпалануы (менингит)
Қашан дәрігерге көріну қажет
Гонорея симптомдары болса, дереу дәрігерге көріну қажет. Көптеген мемлекеттік клиникаларда жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ИПП) ақысыз анықталып, емделеді.
Алдын алу
Жыныстық қатынасқа түспеу – гонореяның алдын алудың кепілді жолы. Егер жыныстық қатынастағы серіктесіңіз, өзіңіз басқа адамдармен жыныстық қатынасқа түспейтін болсаңыздар, жұқпалану қаупі айтарлықтай азаяды.
қауіпсіз жыныстық қатынас жыныстық қатынас кезінде немесе оған дейін жұқпаланудың алдын алуға немесе инфекцияны басқа адамға берілуінің алдын алуға бағытталған шараларды қабылдауды білдіреді.
Дәрігерден сұрау қажет: сізге В гепатиті немесе АПВ вакцинасының қажеттігі туралы.
Ақпарат көзі: http://www.nlm.nih.gov/medlineplus/ency/article/007267.htm