Хламидиоз
Хламидиоз – еркектерде зәр шығару өзегінің, әйелдерде зәр шығару өзегінің, жатыр мойнының, жоғарғы репродуктивті мүшелердің бактериалді инфекциямен қабынуын айтамыз. Хламидиядың ең жиі таралу жолы – жыныстық қатынас арқылы болып табылады.
Хламидия сонымен қатар тік ішекті және көздің шырышты қабатын зақымдай алады.
Хламидияның белгілеріне: қынаптан немесе сыртқы жыныс мүшесінен бөлінділердің бөлінуі және зәр шығару кезінде ауырсыну. Кейде симптомдары анық біліне бермейді, сондықтан инфекцияны жұқтырғандығын білмей қалады. Хламидиядан дәр кезінде емделмеу жамбас қуысындағы ағзалардың қабынуына және белдеулікке әкелуі мүмкін. Жыныс мүшелерінен бөлінді бөлініп жүрген науқаспен жанасу кезінде, келесі адамға инфекция көзіне түсуі мүмкін. Егер инфекциямен инфекцирленген ана дүниеге бала әкелетін болса, инфекция баланың көзін немесе өкпесін зақымдауы мүмкін. Бұндай жағдайда бала туылыла салып көзіне антибиотиктер тамызады.
Хламидияны антибиотиктермен емдейді. Емдеу екі адамға бірдей жүргізіледі, жыныстық қатынасқа түсіп жүрген.
Аударған: Бердібек Ағабек